Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


«Кәсіби жану және оның алдын-алу жолдарына» бағытталған тренинг



Pdf көрінісі
бет26/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113
«Кәсіби жану және оның алдын-алу жолдарына» бағытталған тренинг 
жаттығулары
Бет және қол бұлшық еттеріндегі қысымды азайтуға арналған 
жаттығулар
«Шыбын» жаттығуы
Мақсаты:
бет бұлшық еттерінің күштерін азайту.
Сипаты:
жайғасып отырыңыз: қолыңызды тізеге бос қойыңыз, иығыңыз бен 
басыңызды төмен түсіріңіз, көзіңіз жұмыңыз. Сіздің бетіңізге шыбын қонуға 
тырысатынын ойша елестетіңіз. Ол мұрыныңызға, аузыңызға, маңдайыңызға, 
көзіңізге қонады. Сіздің міндетіңіз: көзіңізді ашпастан, бет бұлшық еттерінің 
көмегімен жабысқақ шыбынды қуу.
«Аспан, жер, мұрын» жаттығуы
Мақсаты:
қол бұлшық еттерінің күштерін азайту, зейінді тез ауыстыруға 
бағытталған
Сипаты:
жайғасып отырыңыз: күнделікті қаламсап ұстайтын қолыңыздың 
үш саусағымен ғана жұмыс істейсіз. «Аспан» — үш саусақты жоғары 
көтерміз; «Жер» — үш саусақты төмен қаратамыз; «Мұрын» — үш саусақты 
мұрынның ұшына тигізміз. Жетекші қимылдарды арнайы шатастырып тез 
жасайды. Қалғандары жетекшіге қарап бірақ қимылдарды дұрыс тез жасауы 
қажет.
«Қолтырауын» жаттығуы
Мақсаты:
қатысушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Сипаты:
Ойынға қатысушылар арасынан алты қатысушы шығады. Әр 
қатысушыға ішінде суреті бар (көлік, жануар, мамандық т.б.) арнайы 
конверттер беріледі. Әр қатысушы өзіндегі суретті көрермендерге ым ишара, 
қимыл қозғалыспен жеткізуі керек.
«Ең, ең, ең ….» жаттығуы
Мақсаты:
қатысушылардың өзара қарым-қатынасын анықтау
Сипаты:
қатысушыларға арнайы келесідей қағаздар беріледі.

Ең әдемі ………………………

Ең еңбекқор ……………………..

Ең қамқор ………………………..

Ең жомарт ……………………….

Ең көңілді ………………………..

Ең ақылды ……………………

Ең талантты ………………….

Ең бақытты …………………….

Ең қарапайым ……………….

Ең әділетті …………………….

Ең қылықты ………………….

Ең ақкөңіл ……………………..



Ең әзілкеш …………………….
Қатысушылардың міндеті аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет