ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық
құндылық, көркемдікке ие болады.
Тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретіндегі құндылықтары
Қазіргі күрделі әрі өзгермелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын
орны ерекше. Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайдағы құндылықтарға
бағдарлануы мен жастардың өзіндік сезімінің қалыптасуы және қоғамның
дамуындағы жаңа тенденциялары мен өмірдің барлық жақтары сапалы
өзгерістерге ұшырады. Адамның әлеуметтік ортаға қатынас жүйесінің негізгі
элементі құндылықтарға бағдарлану болып табылады. Олар адамдардың
әлеуметтік өзара әрекеттестігін, олардың қызығушылықтарының келісуі мен
күресуі және адамның мінез-құлқы мен тұлғаның әлеуметтік өмірінің
стратегиясын
реттеп
отырады.
Құндылық мәселесінің әртүрлі аспектілерін отандық ғалымдар зерттеген
болатын. Мысалы: жеке тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы теориялық
практикалық негіздерін, И.Д. Багаева, З.И. Васильева, Д.Ә. Нұрғалиева,
жастардың құндылық бағдарын әлеуметтік тұрғыдан В.Я. Ядов, Б.Ф. Ломов
қарастырған. Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағдар жиынтығы тұлға
тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген әрекет-қылық
және іс-әрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді.
Осыдан, құндылықты бағдар тұлға мотивтеріне себепші, реттеуші маңызды
фактор ретінде іске қосылады. Құндылық бағдарларының негізгі мазмұны –
адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-
сенімдері, терең әрі тұрақты бейімділіктері, әрекет, мінез принциптері.
Достарыңызбен бөлісу: