Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет24/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   113
 Қолданылған әдебиет:
 
1. Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998жыл VIII том 
2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: 
Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
3. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 
2006. - 384 бет
7-лекция 
 
Лекция сабағының тақырыбы: Өмірдің мәні мен кәсіби өзін-өзін 
анықтау психологиясы. 
Сабақ жоспары:
1. Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар мен бағдарламалар. Қазақстанның қазіргі 
даму кезеңіндегі кәсіпқойлардың сенімдері мен нұсқаулықтары: бәсекеге 
қабілеттілік прагматизм сананың ашықтығы ұлттық бірегейлік.
2. Кәсіби жеке басының дағдарысы және жану синдромы. 
 
Сабақтың
мақсаты
: Кәсіби өзін-өзі анықтауды үйрену.
Қысқаша 
теориялық 
мәліметтер
Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар мен бағдарламалар. Қазақстанның қазіргі 
даму кезеңіндегі кәсіпқойлардың сенімдері мен нұсқаулықтары: бәсекеге 
қабілеттілік прагматизм сананың ашықтығы ұлттық бірегейлік. Адамның жан 
дүниесін терең зерттеген психолог ғалымдар мынадай анық ақиқатты 
байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай оның бағалы тағдыры қайғы 
мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас өрімдей жігіт 
немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек 
екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола 
бастайды. Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып 
қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы 
шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа. Күндердің күнінде белгілі 


бір өткелге жеткен кезде кез келген адам баласын «Адам не үшін өмір 
сүреді?» деген сұрақ мазалайды. Бұл сұрақ кез-келген екі аяқты ақылды 
пенденің отыз жастың орта шеніне келгенде сүрінетін сауалы.
Психология ғылымының ғұламалар былай дейді. Кез-келген істі атқарып, 
оны соңына дейін жеткізіп жасағанда оның мәні мен мағынасы адамның 
жүрегіне айқын сезіліп тұрмаса пенде ол істен міндетті түрде жалығады. 
Адамның басқа мағынасы жоғалған жұмыстарды жасаудан жалығып, 
ақырында мезі болып, ол істен түбегейлі бас тартады сезу жолында тазалық 
пен әділдік міндетті түрде болуы шарт. Адам жанының қалауы сол. Адамның 
өміріне лас заттар көп араласа беретін болса, адамның денесіндегі таза, пәк 
жан жаман күнәләрға белшеден бата беруден бас тартып қашады. Орыстың 
психолог ғалымы Леоньтев «ащы кәмпит феномені» деп аталатын 
тәжірбие жасаған. Мектеп жасына толмаған сәбиге екі түрлі міндет 
жүктейді. Бала бұл жұмыстарды бір орында шағын шеңбердің аясында 
орындауы шарт. Бірақ бұл мүлде мүмкін емес еді. Бала тапсырманы бір 
жерден екінші бір жерге қозғалғанда ғана орындай алады. Егер бала 
тапсырылған міндетті бір орында бұлжытпай орындаса, ақысына тәтті 
кәмпит алады. Бірақ бала әрі ойланып бері ойланып, тапсырма тек қозғалған 
жағдайда ғана толық бітетінін түсінеді. Енді тәжірибе жасаушы ғалым өзі 
сырттан бақыламақ болады да бір сылтау айтып бөлмеден шығып 
кетеді. Осы сәтті пайдаланған сәби шартты бұзып, жылжып барып айтқан 
тапсырманы орындайды. Артынша ғалым бөлмеге кіріп, тапсырманы 
тексереді де, риза болған кейіпте уәде бойынша балаға тәтті кәмпитті 
ұсынады. Ең қызығы жаңа ғана өте маңызды болып көрінген тәтті 
кәмпиттің табан астында сәби үшін мәні жоғалады. Ол арам жолмен 
табылып тұрған тәтті кәмпитті жеуден түбегейлі бас тартады. Мұндай сәтте 
кейбір жаны нәзік сәбилер жылап та жіберуі мүмкін. Әлі дүние кірімен 
былғанбаған баланың таза жаны әділетсіз жолмен келген тәтті кәмпитті ала 
алмай 
қатты 
қиналады.
Міне осылайша әр істелген іс тек адалдық пен тазалықтың негізінде мәнге ие 
болады. Адамның жануардан айырмашылығы да осы арада деп 
қорытады ғалымдар. Өкінішке орай бала өсіп, дүние кіріне былғанған сайын 
баяғы тазалығын жоғалта береді. Ақырында керісінше әділетсіз істерден 
ләззат алатын «қиянатшыл нәпсі» сезімі адам денесіне біржола қожалық 
етеді.
Біз әдетте мағынасын белгілі бір дәрежеде анықтап үйренгенбіз. Көп нәрсе 
көзге көрініп, сезіліп тұрғандықтан оның мәні де тезірек байқалады. Алайда 
адамның көзіне көрінбейтін, уақытпен бірге ағып бара жатқан өмір деген 
абстрактілі ұғымның мағынасын немен анықтап дәл айтуға болады.
Өмірдің мәнін анықтау үшін аяқталып қалса да мәңгі жалғаса беретін түпсіз 
нәрсемен анықталуы тиіс дейді ғалымдар. Олай болса өзін ұлы тұлға 
сезінетін адамдар тәкәппарлықтан тыйылуға тура келеді. Әр адам «Мен 


жерді тіреп тұрған негізгі ұстын не болмаса күллі ғаламның кіндігі емеспін. 
Сондықтан менен де маңызды, менен де қадірлі нәрсе болуы тиіс. Менің 
найзағайдай жалт еткен шолақ ғұмырым ұшы қиыры жоқ мәңгіге созылып 
жатқан бітпес бір ғұмырдың титімдей бөлшегі деп ойлансын». Осы бір өте 
елеусіз көрінетін бір адамның ғұмыры әлемдегі өз орнын дұрыс 
анықтап, қоғамдағы «кетігін» тауып қаланғанда ғана мәні ашылады. Ал ол 
адам өмірде өз орнын табу үшін өзге адамдардың өз орындарын 
табуына кесірін тигізбеуі керек. (Өкінішке ұжымда, жұмыста, қызметте 
адамдар керісінше әрекет еткісі келіп тұрады) Міне, осылайша гармония, 
сыйластық, жақсы ниет дүниеге келеді. Осы мақсаттарға жету жолында көп 
адамның айнымас темірқазығы ретінде жармасатын құнды заты — Құдай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет