Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


 Манипуляцияның негізгі әдістері



Pdf көрінісі
бет94/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113
2. Манипуляцияның негізгі әдістері. 
Aмерикалық лингвист Ноам Хомский құрастырған «Манипуляцияның 10 әдісі» 
(Ноам Хомский – америкалық лингвист, пәлсапашы, қоғам қайраткері, көптеген кітаптар 
авторы және саяси сарапшы. Массачусет технологиялық институтында тіл білімі 
профессоры және ХХ ғасырдағы танымал ғылым қайраткерлерінің бірі) 
1. Халық назарын аудару 
Ақпарат кеңістігін маңызы аз, тіпті қажетсіз хабарламалармен толтыру арқылы 
саясат және экономика тізгініндегілер түйінін шешіп жатқан аса күрделі мәселелерден 
халықтың назарын аудару – қоғамды басқарудың негізгі элементі. Назар аудару әдісі 
азаматтарға ғылым, экономика, психология, нейробиология және кибернетика сияқты 
салалардан білім алуға мүмкіндік бермеу мақсатында жұмыс істейді. «Азаматтардың 
көңілін түкке тұрмайтын ұсақ-түйек тақырыптарға бөліп, шынайы әлеуметтік 
мәселелерден назарын аударып отыру; Азаматтарға ойлануға мұрша бермей, ылғи да 
бірдеңеге алаңдатып қою; басқа жануарлар сияқты жайылымнан — қораға» («Тихое 
оружие для спокойных войн» кітабынан келтірілген цитата) 
2. Мәселе ойлап туып, оның шешілу жолдарын ұсыну 
Бұл әдіс «мәселе-әрекет-шешім» деп те аталады, яғни билікке тиімді шешімді 
қабылдауды халықтың өзі талап ететіндей мәселені ойдан құрастыру. Мысалы: қалаларда 
зорлық-зомбылықтың жиілеуіне жол беру немесе қырғын лаңкестік әрекеттер 
ұйымдастыру арқылы азаматтық бостандықты шектейтін саясатты жүргізетін, қауіпсіздік 
шараларын күшейтетін заңдарды қабылдау туралы ойды халық аузына салып береді. 
3. Біртіндеп сіңіру әдісі 
Халық арасында қолдау таба қоймаған шараны мойындату үшін біртіндеп күн санап, 
жылдар санап сіңіре берсе жеткілікті. Дәл осылайша өткен ғасырдың 80-90 жылдары жаңа 
әлеуметтік-экономикалық шарттар (неолиберализм) сіңіп кеткен болатын. Мемлекет 
қызметін ине көзіндей деңгейге жеткізу, сенімсіздік, тұрақсыздық, жаппай жұмыссыздық, 
лайықты тірлікті қамтамасыз ете алмайтын жалақы – бәрі бірге келсе төңкеріс туу мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет