Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


 Іске асыруды кейінге қалдыру



Pdf көрінісі
бет95/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113
4. Іске асыруды кейінге қалдыру 
Қоғамда қолдау таба қоймаған шараны мойындатудың тағы бір әдісі – шараны 
«қиын да қажетті» қылып көрсетіп, сол сәтте осы шешімді болашақта қабылдауға 
азаматтардың келісімін алу. Адам қашан да осы шақта кейбір құрбандықтар жасаудан 
гөрі, не де болса келешектің еншісіне қалдыруды жеңіл санайды. Біріншіден, ол дәл сол 
сәтте болмайды. Екіншіден, халық «ертең бәрі жақсы болады және бізден талап етіп 
отырған құрбандықтан құтылып кетуіміз мүмкін» деп үміттенуге бейім. Бұл азаматтарға 
өзгеріс туралы ойлармен үйренісуге және мезгілі жеткенде мойынсұнуға уақыт береді. 
5. Халыққа кішкентай бала деп қарау 


Жалпы халыққа бағытталған үгіт-насихат жұмыстарының басым көпшілігінде 
дамуында кемістігі бар мектеп жасындағы балаларға немесе ақылы жетілмегендерге 
арналған дәлелдер, кейіпкерлер, сөздер мен интонациялар қолданылады. 
Тыңдаушыны қаншалықты жаңылыстырғысы келсе, сөйлегенде соншалықты көп 
инфантильді тіркестерді қолдануға тырысады. Неге? Адамға 12 жастағы бала, тіпті жасы 
одан да кіші ретінде қарасаң, оның жауабы мен әрекетінде 12 жастағы балаға тән қасиет – 
мәселеге сыни көзқарастың болмауы – таңқалдырмайды. 
6. Ойланудан гөрі, сезімге баса назар аудару 
Адамдардың рационалды ойлану қабілетін, болып жатқанды сана сарабынан өткізу 
қабілетін жоюға бағытталған классикалық әдіс – сезімге әсер ету. Сонымен қатар сезім 
факторын қолдану адамның санасына есік ашып береді. Ол дегеніміз – санаға «қажетті» 
ойларды, тілектерді, үрей мен қауіпті, тұрақты әрекеттер моделін сіңіру. 
7. Дарынсыздықты насихаттап, халықты надандықтан шығармау 
Халықты өздерін басқару мен еркіне бағындыру үшін қолданылатын әдістер мен 
тәсілдерді түсінбейтін жағдайға жеткізу. «Қоғамның төмен сатыларына берілетін білім 
сапасы сол төмен сатыдан шығармайтын деңгейде болу керек» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет