Лекция Кіріспе. Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер



бет1/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19055
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Лекция жинағы ҚО және АОТ-1


Лекция 1. Кіріспе. Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер.


    1. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдалану

    2. Білімді ақпараттандыру адам іс-әрекеті ретінде

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар күн сайын білім берудің барлық саласына тереңірек еніп отыр. Бұған күнделікті ақпараттық қоғаммен және сәйкесінше мамандарды даярлаудың қажеттілігімен байланысты сыртқы факторлар, сонымен қатар оқу мекемелерінде қазіргі компьютерлік техника мен программалық қамтамасыз етудің кең таралуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық білім беруді ақпараттандыру бағдарламаларының қабылдануымен, ақпараттандыру тәжірибесін қажет ететін педагогтар санының артуымен байланысты ішкі факторлар әсер етуде. Бірқатар жағдайда ақпараттандыру құралдарын қолдану мектеп мұғалімдерінің еңбек ынтасын арттыруға жағымды әсер етумен қатар, мектеп оқушыларының оқу тиімділігін арттыруға да ықпалын тигізеді.

«Технология» сөзі грек түбірінен шыққан және аудармада өнімді, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, бұйымдарды өңдеу мен қайта өңдеу және оларды қолданыстағы заттарға түрлендіру әдістері мен тәсілдері жиынтығын зерттейтін ғылым дегенді білдіреді.

Ақпараттық және қатынастық технологиялар (АҚТ бұл ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, беру, тасымалдау алгоритмін және әртүрлі әдістерді, тәсілдерді сипаттайтын жалпылама ұғым. Бұл анықтамаға қолдану сөзі әдейі енгізілмеген. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану ақпараттандыру технологиясының бөлшегі болып табылатын тағы бір технология туралы айтуға мүмкіндік береді, яғни ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды білім беруде, медицинада, әскери және адамның басқа да іс–әрекеті саласында қолдану технологиясы. Бұл салалардың әрқайсысы ақпараттандыру технологиясына өз шектеулері мен ерекшеліктерін жинақтайды.

Жүйелік программаларға компьютердің жабдықтарымен және пайдаланушымен өзара әрекетін қамтамасыз ететін операциялық жүйелер, сонымен қатар түрлі қызметтік немесе сервистік программалар жатады.

Қолданбалы программаларға ақпараттық технологиялардың құрал саймандары болатын программалық қамтамасыз етулер–мәтінмен, графикамен, кестелік мәліметтермен және т.б. жұмыс технологиялары жатады.

Құрал-саймандық программаларға программалық қамтамасыз етуді дайындауға арналған программалар жатады.

Жалпы білім беретін орта білім беру жүйесінде әмбебап офистік қолданбалы программалар мен ақпараттық және телекамуникациялық технологиялар құралдарды мәтіндік процессорлар, электрондық кестелер, презентация дайындау программалары, мәліметтер қорын басқару жүйелері, органайзерлер, графикалық пакеттер және т.б. кеңінен таралған.

Компьютерлік желілердің пайда болуымен мектеп оқушылары және мұғалімдер жер шарының кез-келген нүктесінен ақпаратты тез алу жаңа мүмкіндігіне ие болды. Басты телекомуникациялық желі Интернет арқылы әлемдік ақпараттық ресурстарға қолжетімділік деңгейі мүмкін болды. Интернет танымал ресурсында – WWW бүкіләлемдік өрнекте бірнеше миллиард мультимедиалық құжаттар жарияланған.

Телеқатынастық желі Интернет қолжетімді және бұдан басқа адамға қажетті ақпаратпен алмасуға және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін кең таралған сервистер, әсіресе электронды пошта, ICQ, жіберу тізімі, жаңалықтар топтары, чат. Нақты уақыт режимінде қарым – қатынас жасауға арналған арнайы программалар дайындалған, сондай-ақ олар байланыс орнатылғаннан кейін мәтіндерді, дыбыстарды және бейнелерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл программалар пайдаланушылардың жеке компьютерде орнатылған программалармен жеке жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Нақты уақыт жағдайында ақпараттық - қатынастық технологиялар желі құралдарының көмегімен оқу-әдістемелік және ғылыми ақпаратқа, жедел көмек, ғылыми зерттеу іс-әрекетін модельдеу, виртуалды оқу сабақтарын жүргізуге қолжетімділік деңгейі артты.

Маңызды ақпараттық және телекомуникациялық технологиялар санына бейнежазба және теледидар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет