1.2 Білімді ақпараттандыру адам іс-әрекеті ретінде Қазіргі қоғам мен оның білім саласын ақпараттандырудың ерекшеліктерін айтардан бұрын ақпараттандырудың тарихи алғышарттарына тоқталған жөн. Қоғамды ақпараттандырудың тарихи үдерісі өз заманында пайда болған жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты ақпараттық революциялар тізбегі арқылы дәл сипатталады.
Ақпараттық революцияқоныстанушы халықтың белсенді бөлшегі үшін ашық ақпараттар ауқымының артуына әкеп тірейтін ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және таратудың тәсілдері мен аспаптарының өзгеруінен тұрады. Мұндай революциялар алтау.
Екінші ақпараттық революция жазудың ойлап табылуына байланысты. Бұл ойлап табу адамзат қоғамы жинақтаған ақпаратты сақтауды ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оның шынайылығын арттырып, ақпарат таратуға бұрынғыдан да кең жағдай жасады.
Үшінші ақпараттық революция XV ғасырда ақпараттық технологиялардың алғашқыларының бірі болып саналатын кітап басып шығаруды ойлап табудан туындаған. Бұқаралық ақпараттың газеттер мен журналдар сияқты баспа құралдарының пайда болуы мен дамуы – осы үшінші ақпараттық революцияның нәтижесі.
Төртінші ақпараттық революция XІX ғасырда басталды. Ол кезде ақпаратты жіберу мен таратудың телеграф, телефон, радио және теледидар сияқты құралдарды ойлап тапты.
Бесінші ақпараттық революция адамзат есептеу техникасын белсенді пайдалана бастаған кезде, XX ғасырдың ортасында өтті. ЭЕМ-ді ғылыми ақпаратты өңдеуге қолдану адамның ақпаратты белсенді және тиімді өңдеуі бойынша мүмкіндігін түбегейлі түрде өзгертіп, өркениет дамуының бүкіл тарихында адам алғаш рет интеллектуалды еңбектің өнімділігін арттыруға жоғары тиімді құралға ие болды.
Бүгінде біз ауқымды телекоммуникациялық компьютерлік желілердің пайда болуы және олардың мультимедиа технологиялары мен виртуалды шындықпен интегралдануына байланысты алтыншы ақпараттық революцияның куәсі болып отырмыз.