Лекция. Қосмекенділер класы -amphibia


Қосмекенділердің зәр-жыныс мүшелері



бет2/6
Дата25.11.2023
өлшемі1,29 Mb.
#127513
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Қосмекенділердің зәр-жыныс мүшелері. Олардың зәр шығару мүшесінің қызметін, балықтардағы сияқты денелік бүйрек немесе мезонефрос атқарады. Ол ұзынша келген, қызыл-қоңыр түсті, омыртқа жотасын астыңғы жағының екі жанын қуалай орналасқан. (3-сурет) жұп мүше. Әрбір бүйректен жіңішке вольфов каналы шығады.
Аналық зәр жыныс жүйесі: 1-бүйрек; 2- несепағар; 3-клоака қуысы; 4- зәржыныс тесігі; 5-қуық; 6-қуық тесігі; 7-сол жақ аналық без (оң жақ аналық без көрсетілмеген); 8-жұмыртқа жолы; 9-жұмыртқа жолының ойықшасы (воронкасы); 10-майлы дене (майлы дененің оң жағы көрсетілмеген); 11-бүйрек үсті безі; 12-жыныс тесігі (жұмыртқа жолының тесігі)

Сурет 3 . Аталық зәр жыныс жүйесі: 1 - бүйрек; 2 - несепағар (ол тағы тұқым жолы); 3 – клоака қуысы; 4 – зәржыныс тесігі; 5 - қуық; 6 – қуық тесігі; 7 – аталық без; 8 – тұқымшығарғыш өзек; 9 – тұқым қапшығы; 10 – майлы дене; 11 – бүйрек үсті безі.

Аналық дарада ол тек қана несеп жолының қызметін атқарады. Вольфов каналдарының тесігі клоака қуысына жеке ашылады. Несеп әуелі клоака қуысына шығарылады, содан кейін қуыққа жиналады, одан клоака арқылы тысқа шығарылады.


Қосмекенділердің көбею мүшелері жұп жыныс бездерінен тұрады. Аталықтарының жұп тұқым безі бүйректің алдыңғы жағында арнайы шажырқайдың арасына орналасқан. Тұқым безінің ұсақ түтікшелері бүйрекпен жалғасады. Аталық жыныс жасушалар, осы түтікшелердің бойымен бүйрек ішіне енеді де, одан әрі вольфов каналы арқылы клоака қуысына шығарылады. Вольфов каналы клоакаға жақын жерде кеңейіп тұқым қапшығын түзеді.
Аналық дарабастың жұмыртқа безі, ересектерінде көлемді, ішінде дәнді уылдырықтары айқын көрініп тұрады. Дене қуысының жолдарына көп иірімді жұмыртқа жолы немесе Мюллер каналдары орналасқан. Бұл каналдардың жұмыртқа безімен байланысы жоқ. Жұмыртқа жолының ойықшасы өкпенің артқы жағында дене қуысына орналасқан. Әрбір жұмыртқа жолының клоакаға жақын жерінде "жатыр" деп аталатын кеңейген жері болады.
Жыныс бездерінде жетілген жұмыртқа жасушалары, без қабырғасының жыртылуы нәтижесінде дене қуысына шығады, содан кейін ойықшыға түсіп, әрі қарай жұмыртқа жолының бойымен клоака қуысына шығарылады. "Жатыр" ішінде жұмыртқа немесе уылдырық сыртқы ортаға шығарылуға даярланады. Сонымен аналықтарында несеп және жыныс өнімдері жолдарының бір-бірімен тікелей байланыстылығы жоқ.
Екі жыныс дарабастарында да, бүйректің алдыңғы жағында, сары түсті, көп тілімді, майлы дене орналасқан. Бұл денелер, көбею кезінде жыныс бездерін қоректендіреді. Әрбір бүйректің бетінде ішкі секреция бездерінің бірі ретінде бүйрек үсті безі бар.
Құйрықсыз амфибилер (Еcaudata немсе Аnura)
Бұған құрылысы күрделi, сан жарғынан соншалықты көп, кеңiнен тараған құйрықсыз қос мекендiлер жатады. Бұл отрядқа Антарктикадан басқа жер бөлiктерiнiң барлығында да кездесетiн 1700-ге жуық амфибилердiң түрлері жатады. Құйрықсыздар, әсiресе Оңтүстiк Америкада көп кездеседi. Құйрықсыздардың түрлерi көп болмағанмен де барлығына тән белгiлерi: дене формасы бақа тәрiздi құйрықсыз, әрқашанда жақсы дамыған алдыңғы, артқы аяқтары болады. Артқы аяқтарының саусақтары алдыңғысына қарағанда күштi дамыған, сондықтан жер бетiмен секiрiп қозғалады.
Ересектерiнде сыртқы және желбезек саңылаулары болмайды. Сыртқы ортада ұрықтанады. Копулятивтiк органы болмайды.
Отрядтың көптеген тұқымдастары бар, оның кейбiр тұқымдасын ғана қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет