Қосмекенділер немесе Амфибиялар Amphіbіa

бет1/7
Дата29.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#77233
  1   2   3   4   5   6   7

Қосмекенділер немесе Амфибиялар  Amphіbіa

Қосмекенділер немесе Амфибиялар Amphіbіa

Қосмекенділер — алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі ортада: суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды. Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000-нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Қазіргі қосмекенділер үш отрядқа бөлінеді: құйрықты (шамамен 300 түрі), аяқсыздар (шамамен 60 түрі), құйрықсыздар (шамамен 2000 түрі).

Қосмекенділер құрылысы

Ас қорыту жүйесі. Қосмекенділердің негізгі қорегі жануар тектес болады, оның ішінде омыртқасыздар басым болып келеді. Бақалар өздерінің жалпақ та, жабысқақ тілімен қозғалып жүрген омыртқасыздарды тез ұстап алады. Барлық қосмекенділердің тілінің ұстіңгі бетінен, желім сияқты шырын бөлінеді. Осы шырынның жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстап қорек етеді. Тістері ұсақ біркелкі үстіңгі жақ сүйектеріне, ал кейбір түрлерінде төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Кейбір түрлерінде (құрбақаларда) тістері бслмайды. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып жұтқыншақ қуысына жалғасады. Ауыз—жұтқыншақ қуысына жалғасады, одан кейін өңеш,қарын,ішекпен байланысады. Ішектің үстінде жабысып ұйқы безі жатады. Бауыры үлкен, оның үстінде өт орналасқан. Тік ішек айқын ажыратылған, ол клоакаға ашылады.

Тыныс алу жүйесі. Ересек кезінде олар өкпесі мен терісі арқылы тыныс алады. Өкпесінің толық жетілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алады. Тері арқылы тыныс алу тері артерияларының капиллярлары арқылы іске асады. Тыныс алуда танау тесіктерінің ролі зор. Ол арқылы бақа тыныс алатын ауаны ішке тартады және сыртқа шығарады. Бақаның көкірек клеткасы және қабырғалары болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет