Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтік жұмыстың тарихы


тақырып. Әлеуметтік жұмыс маман ретінде. Әлеуметтік жұмысты мамандандыру



бет15/16
Дата10.01.2023
өлшемі136,58 Kb.
#60784
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
тақырып. Әлеуметтік жұмыс маман ретінде. Әлеуметтік жұмысты мамандандыру.

Лекцияның мақсаты:Әлеуметтік жұмысты мамандандыру.
Негізгі ұғымдар: Әлеуметтік қызметкер, мамандандыру, кәсіби шеберлік


Дәріс жоспары:

  1. Мамандандыру оған сипаттама.

  2. Мамандындыру атағы. Әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері маман ретінде

  3. Әлеуметтік қызметкер маманның жеке тұлғалық рөлі



Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әлеуметтік жұмыс профессионалдық қызметте жиі кездесетін түрлерге жатады. Қазіргі әлеуметтік қызметкер өзіне профессионалдық білімін және дағдыны, жеке қасиеттерді міндетті түрде есепке алады. Әлеуметтік жұмысты таңдай отырып жастар осы мамандық туралы толық мағұлмат алуы керек. Әлеуметтік қызметкер қиыншылықтарға қарамастан ол адамдарды жақсы көре ме? Адамдарға жақсылық істей ала ма? Адамдардың күнделікті бақытсыз жағдайларды төзе алуға дайын ба, сонымен қатар бұл адамгершілік сұрақтарды мамандық таңдағанда шешуі қажет. Сондықтан әлеуметтік қызметкер мамандығын таңдаған кезде адамгершілікті реттеуді қажет етеді, яғни қате таңдауды негативті салдарын болдырмайды. Әлеуметтік қызметкер және оның клиенті ең бірінші рет клиенттің өміріндегі өте қиын жағдайда кездеседі, яғни адамға қауіп төнген жағдайда кездеседі. Клиент үшін әлеуметтік қызмет мекемесіне келу ол үшін сыннан өту болып табылады. Солай болғандықтан бұл мәселені сәтті шешу үмітін ғана білдірмейді, сонымен қатар өзінің жауапсыздығын мойындайды, яғни өзінің тәуелді болғанына қарамастан адам ішкі дүниесін мойындағанмен бұл әрқашан да тұлға үшін мойындау өте қиын. Бұндай жағдайда әлеуметтік қызметкердің клиентті өзінің күшіне және өз-өзіне сенімсіздікті жеңе ала ма, өзіне сенімді бола ала ма, өзінің қоршаған ортасы жағынан өзінің қадір қасиетін сақтай ала ма, мұндай кезде әлеуметтік қызметкердің жеке адамгершілік құндылықтарына тәуелді.
Әлеуметтік қызметкердің басты тұлғасы болып адамның ішкі, рухани құндылығы ретінде адамгершілік болып табылады. Оның моральдық және этикалық қажеттіліктерге сәйкес адамдарға жақсылық көрсету, ігілікті істерді істеу керек.
Медицина қызметкерлері белгілі сөйлемді жиі айтады: егер ауру адамға дәрігердің әңгімесінен кейін жақсы болмаса, онда ол дәрігер емес. Бұл жағдай әлеуметтік қызметкерге қатысты. Егер клиентке әлеуметтік қызметкердің әңгімесінен кейін жақсы болмаса, онда ол клиенттің сенімін ақтамайды, онда мұндай әлеуметтік қызметкерге әлеуметтік қорғау қызметінде орын жоқ. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік сезімі 3 қажетті компоненттерден тұрады: адамгершілік білімі, адамгершілікті сендіру және адамгершіліктік қажеттілік.Адамгершілік білімі.Этика, мораль және адамгершілік туралы білім негізін, оның ішінде маманданған қызмет облысында әлеуметтік қызметкер оқыту процесі кезінде орташа мамандықта, жоғарғы білім мекемесінде және квалификацияны жоғарлатудың факультетінде және курстарда білім алады. Болашақ маман адамгершілік мәнін ұғынады, ол өоғам туралы мазмұны және функциясы жайлы мәлімет алады, өзіндік адамгершілік нормаларын қызметкерлермен салыстырады, өзінің адамгершілік позициясын түзетеді. Жоғарғы оқу орындарында курсты өтпеген әлеуметтік қызметкер өзінің интуациялық жақсы мен жаман түсінігін басшылыққа алады. Профессионалдық этика қажеттіліктеріне сәйкес оған өзіндік моральдық орналастыруға мүмкіндік береді; бірақ бұл күнделікті бола бермейді.
Адамгершілікті сендіру – бұл профессионалдық моральдың әділеттілік қажеттілігіне әлеуметтік қызметкердің тәжірибеге және білімге сенімділік негізі. Адамгершілікті сендіру бұл маманның жеке дамудың жоғары сатысы болып табылады. Оған оның сезімі, олардың әлеуметтік практикадағы тексірісі, өмірлік және профессионалдық тәжірибесі жатады. Адамгершілік сендіру маманнан өзінің еңбегіне жауапкершілікпен қарай білуді, клиент пен қоғам үшін не істеді, не істеу керектігін қажет етеді. Адамгершілікті сендіру профессионалдық қызметке маманның теориялық және практикалық дайындығын анықтайды, яғни әлеуметтік жұмыс практикасында өзінің мінезі мен әрекетіне саналы түрде қарым-қатынасы болып табылады.
Сонымен қатар адамгершілікті сендіру өз бетімен ерекшеленеді, солай болғандықта практикалық қызметте жағдай туындауы мүмкін, яғни тұлға өзінің сеніміне қарамастан әрекет етеді, солай болғандықтан себептер пайда болады. Мұндай жағдайда тұлға өзімен өзінің принциптерімен алаауыздық жағдайда болады.
Адалдық - әлеуметтік қызметкер үшін өте қажетті сапа. Адалдық, маманның шындықты айта білуі. Әлеуметтік қызметкер клиенттің жағдайы, оның мәселелерін шеше білуі, жасалған қателіктері туралы шындықты айтуы керек. Бірақта адалдық пен сөзде ғана көрсетілмейді – ол істе де көрсетілуі тиіс. Әлеуметтік қызметкер клиенттің күтімін алдамау керек, егер ол оған көмек көрсетуге себеп берсе, айтқан сөзін жүзеге асыру керек. Егер әлеуметтік қызметкер объективті себептерге байланысты қызмет етуге көңілі болмаса, онда ол клиентке күмәні бар екенін хабардар ету керек. Бірақ та егер ол жоспарды ойластырып, клиентке сөз берсе, онда ол өз сөзінде ұстануы керек.
Әлеуметтік қызметкердің намысы өзінің әрекетіне моральдық жауапкершілікпен көрсетіледі. Намыс тұлға сапасы ретінде оның, профессионалдық талаптарына және қоғамға индивидуалдық формаға әсер етуі болып табылады. Намыс реттеуші әрекет функцияларын орындайды, яғни моральдық және профессионалдық нормаларды орындаудағы таза формальды подходтан сақтандыру және шығармашылықты шешуде адамды талаптандырады. Қиын және стандартты емес жағдай болғанда, намыс тұлғаға дұрыс шешім қабылдағанда есіне салады.
Объективтілік. Әлеуметтік қызметкер – адам, клиентпен қарым-қатынасқа түскенде адами факторларды толығымен жоюға болмайды, бірақ та клиенттің мәселелерін бағалауы бойынша және оның сапасын әлеуметтік қызметкер өзінің эмоцияларынан босатуда объективтілікті сақтау керек. Жиіркенішті жағдайда ол клиентті қайта бағалап, одан мүмкін емес нәрсені талап етеді; оны бағаламай, клиентті жұмысқа салқындық күйіне келтіру объективтілік клиенттерге көмек көрсету топтарында бағалануы қажет — әлеуметтік қызметкер және қайта бағалауға құқығы жоқ және біреуге көмек көрсету туралы шешім қабылдау.
Әділеттілік - бұл әлеуметтік қызметкер мен клиент арасында қарым-қатынасқа түскенде болу керек. Әлеуметтік қызметкерде өзінің симпатиялық және антисимпатиялығы болуы мүмкін, бірақ олар әртүрлі клиентпен жұмыс істегенде сапасына көрінбеу керек; клиент әлеуметтік қызметкерге қандай сезімі болса оған деген қарым-қатынас бірдей, жақсылық және ілтипатты болуы керек. Ал оның мәселелері адекватты болуы керек. Клиент әлеуметтік қызметкерге ұнамдылық немесе антипатия білдіруі – бұл игілік және қызметтегі сапасы мен санына әсер етпеу керек. Әділеттілік әріптестермен қарым-қатынасында көрсетілуі міндет — әріптестің әрбір әрекеті адалдықпен бағалануы керек. Әлеуметтік жұмыстың практикасы әділеттілік принципі әлеуметтік қызметкердің клиенттің, коллективтің сөзінен сақтайды. Әділдік – этиканың жалпы ғылымдарының бірі
Тактикалық (әдемі, өнегелі) – бұл сапа әлеуметтік қызметкердің өзінің ісін және әрекетін барлық объективті салдарын алдын ала болжайды және олардың клиентпен, әріптестермен және басқа адамдарды субъективті қабылдайды. Тактика әлеуметтік қызметкердің тұлғалық сапа ретінде адамгершілікті талап етуде әрқашан да бір қалыпты бақылауды қажет етеді, яғни бір-біріне қарама-қарсы болады. Өзінің әрекетін ыңғайсыз жағдайға түспеу, тұлғаның ар-намысына тигізбеу, оны қорлау жағдайды қарама-қарсы жолымен жетеді, сонымен бірге оның дамуындағы тенденцияны және динамиканы құра білу. Тұлғаның сапасы ретінде тактика әлеуметтік қызметкерге де қажет, яғни бұл қорланған, ауру, әлсіз адамдармен амалсыздан жұмыс істейді.
Көңіл аудару және байқау әлеуметтік қызметкердің күнделікті практикалық қызметіне қажет. Әлеуметтік қызметкер клиентпен жұмыс істегенде оның көңіл күйіне жағымды және жағымсыз жағының өзгеруіне көңіл бөлуге міндетті жақсы маман әрқашанда клиенттің сенімсіздігін және абыржулығын, жаман сезінуін белгілеуі мүмкін әлеуметтік қызметкерге көңіл аудару және байқау уақыт өткізуге, өзінің дұрыстығын дәлелдеуге, клиентті қолдауға мүмкіндік береді. Соңында көңіл аудару және байқау клиенттің арам ойын ұстауға және алынған ақпаратты тексеруге көмектеседі.
Шыдамдылық - әлеуметтік қызметкердің клиентпен өзара қарым-қатынас барысында міндетті принцип және тұлға сапасы өте қажет. Егер әлеуметтік қызметкер өз клиентімен келісімге келуге тырысса, онда ол шыдамды болу керек. Шыдамдылық – бұл моральдық сапа, яғни қызығушылыққа, сендіруге, басқа адамдардың әдеттеріне құрметпен сипатталады. Әлеуметтік қызметкердің шыдамдылығы адам қандай болмасын сондай күйде қабылдау, өзіндік салты жүргізу, яғни ол мақсатқа лайық деп есептейді, егер бұл қылмыстық жазаланған немесе керісінше қызметке әлеуметтік қауіпте сипатталмаған жағдайда болады. Шыдамдылық ештене білдірмейді, бірақа клиенттің әрекеттерін немесе негативті идеяларын әлеуметтік қызметкер ұнатады, бұл оның өмірлік әрекетіне, қоғамға толығымен немесе қоршаған ортаға жағымсыз әсер етеді.
Төзу және сабырлық – бұл әлеуметтік қызметкердің жеке сапасы болып табылады. Қиын жағдайға тап болған клиенттермен өз қызметінде кездесе отырып, әлеуметтік қызметкер индивидтердің эмоционалдық мәртебесін ескеру қажет. Тіпті егер клиент әлеуметтік қызметтерге ашушаң және негативті эмоциаларын көрсетсе, онда әлеуметтік қызметкер солай жауап қайтаруға құқығы жоқ. Сонымен қатар ол сабырлықты жоғалтпауы керек, ол клиенттің естімейді және оны дұрыс бағалауға және ақпарат қабылдай алмайды. Мынандай жағдайда әлеуметтік қызметкер психикасы және сезіну органдарының бұзылған функциялары бар клиентпен қарым-қатынасқа түскенде оған төзімділік және сабырлық қажет. Солай болғандықтан іс қызығушылығында клиентпен контактіні жақсату керек, одан мәлімет алу керек, қолайлы формада және оған жетуге ақпарат алу.
Конфиденциалдылық - әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы жетекші принциптердың бірі. Тұлғаның өмірлік жағдайына байланысты барлық жағдайлар, оның тұлғалық сапалары мен мәселелері конфиденциалды ақпарат болып табылады және клиент бұл туралы білуі керек.Ал, клиент туралы мәліметтерді әлеуметтік қызметкер басқа біреуге тек клиенттің келісімімен ғана жеткізіп, айта алады.
Әлеуметтік қызметкердің мейрімділігі – бұл адамдарға сүйіспеншілік және гуманизмге негізделген, яғни спицификалық мазмұны бар – ол қызмет. Ол адам туралы күтімді, оның өмірлік әрекеті үшін жайлы шарттарды құруды, жағымды эмоционалдық күйге келтіруді, клиент үшін қажетті дағдыны және әрекетті оқытуды, уақытында көмек көрсетуді іске асыру. Әлеуметтік қызметкер сыпайы болуы керек, олардың әлсіздіктеріне мақұлдау керек, ал мейірімді, — яғни клиенттерге негативті әсерлерге қарсы тұруға, қиыншылықты төзуге, өзінің тағдырына және жақындарының тағдырына жауапты болуға үйретеді. Әлеуметтік қызметкердің мейрімділігін клиентке жағымсыз шындықты айтуға тура келеді, егер бұл ол үшін өте қажет болса.
Адамдарға сүйіспеншілік – бұлсыз әлеуметтік қызметкер клиент үшін дос, жетекші бола алмайды. Бірақта, мақал-мәтелдердің айтуынша, «өз көршінді жақсы көргенше, адамдардың барлығын жақсы көрген оңай», әлеуметтік қызметкерлер өзінің профессионалды қызметінде көптеген жағдайлармен кездеседі, яғни барлық клиенттер өзіне деген сүйіспеншілікті объективті емес. Сонымен қоса әлеуметтік қызметкер адамдардың жағымды сапаларын көре білуі керек – дәл айтқанда осы оған деген сүйіспеншілік маңызы болады. Клиентпен жұмыс істегенде осы жағымды дақтары және сапасы өзі туралы клиенттің ойын өзгертуге және тұлғаның жағымды трансформациясын бұлдіруге әлеуметтік қызметкер ұмтылуы керек, яғни ол өмірлікжағдайдың позитивті өзгеруіне әкеледі. Адамға деген немқұрайлылық көңіл аудармаушылық, оның ішкі әлеміне түсінбеушілікке әкеледі, соған сәйкес лезде әсер ету эфектісі төмендейді.
Өзін-өзі сынау - әлеуметтік қызметкердің ажыратылмайтын сапасы. Өзінің қызметін анализдей білу, өзінің қателерін көру және қызметіне дәйім баға беру, өзін қорғамау және өзін ақтамауға ұмтылмау, — бұл сапаның бірі. Яғни әлеуметтік қызметкердің міндетін адал орындауға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен бірге өзінің профессионалдық қызметінде толық жетілдіреді. Өзінің кемшіліктеріне қарамастан өзін сынай отырып, өзінің абыройын дамытуға болады. Сонымен қатар әлеуметтік қызметкердің өзін өзі сынау «самоедтерге» ауыспауы керек – бұл сапа барлық абсолютті ұмтылысымен ескеріледі және өзінің, және басқалардың күнәсін өзіне алу ешқандай пайда келтірмейді, ал керсінше, түзелмейтін жағдайда, пессимизім, оны өзінің күшіне және өзіне күмән келтіреді, ол әлеуметтік қызметкерді жүктейді.
Адекватты өзін өзі бағалау — әлеуметтік қызметкерге оның күнделікті практикалық қызметіне қажет. Әлеуметтік қорғау саласында тұрғындармен жұмыс істейтін маман барлық қоғамдық функция үшін өте маңызды. Бірақта ол сезімін және өзінің қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін қайта бағалауын жоғалтпау керек — өзін өзі бағалау бұл өз-өзіне сенімділік және меншіктілікке әкеледі. Өз-өзіне сенімділік өз кезегінде эффективті қызметіне негативті және өзінен кейін қателіктерге еліктейді.
Төзімділік — әлеуметтік қызметкердің күнделікті қызметіне қажет, солай болғандықтан ол әртүрлі клиенттермен жұмыс істейді, олардың көбісімен қарым-қатынасқа түсу өте қиын. Осындай қиындықтар жас ерекшеліктер ретінде (мысалы, есте сақтауы нашар болуы) сонымен қоса клиенттің эмоционалдылықпен (мысалы, ашулаңшақтық) сипатталады. Әлеуметтік қызметкер әрбіреумен шыдамды болуы керек, мағынасы жоқ әңгімені тыңдауға дайын болуы қажет, эмоционалды клиентті тыңдауға төзімді болуы, тіпті егер осы эмоциялар әлеуметтік қызметкерге себепсі бағытталса да төзімділік таныту керек. Ол үшін бастысы - мәселесі бойынша клиентке ойын айтуға мүмкіндік беру, жағымсыз эмоциясын алу және әңгімені конструктивті арнаға бағыттау, яғни ақпаратты толық көңілге алу және жіберу, ортақ қызметтерге мотивацияны шақыру және түсіндірушілікке жету үшін бағытталады. Мотивациялық функция – бұл әлеуметтік және кәсіби мотивтерінің әлеуметтік жұмыс барысында қалыптасып, нәтижелі түрленуінде қызмет етеді.
Жақсылық тілеу — әлеуметтік қызметкердің адамгершілік мәдениетінің негізі болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың мазмұнының өзі, кәсіби қызмет кәсіби қызмет ретінде адамға жақсылық тілеу мен жақсылық жасауға негізделген. Жақсылық тілеу маман мен клиент арасындағы қарым – қатынастың барлық этаптарында кездесуі керек. Клиентке жақсылық тілей отырып, әлеуметтік қызметкер оның әрекеттеріне басшылық жасайды, оның қателіктерін көрсетіп, қиын мәселелерін шешуге көмектеседі.Әлеуметтік қызметкердің жақсылық тілеуі, оның адамдарға деген сүйіспеншілігінің көрінісі болып табылады.
Ақниеттілік — әлеуметтік жұмысқа ең қажетті принциптердің бірі. Бұл принцип әлеуметтік қызметкер мен клиентке бағытталады. Себебі әлеуметтік қызметкер өз ісі үшін ақыны клиенттен емес, арнайы әлеуметтік ұйымнан алады және де керісінше. Яғни, егер де клиентке ақылы қызмет көрсетілсе де осы жағдай қайталанады. Әлеуметтік қызметкердің бұл принципі, маманның клиентке деген қосымша көмегімен, оған деген қосымша құн сұрамауымен де бағаланады.
Коммуникабелділік — әлеуметтік қызметкердің маңызды сапасы. Клиентпен танысуда қарым-қатынастан басталады, жұмыспен қарым-қатынаста онымен бітеді. Әлеуметтік қызметкердің коммуникативті қажеттіліктерінен көбінесе оның қызметінің сәттілігне тәуелді, өйткені оның клиенттің үміті және күтуі, мәселесі туралы қарым-қатынасы арқылы біледі. Қарым-қатынасқа түскенде клиенттің өзгерілген жағдайлары ашылуы мүмкін, бұл жұмысқа коррективаны еңгізуге рұқсат етеді, оны одан әрі тиімді етеді. Әлеуметтік қызметкердің әріптестермен қарым-қатынасқа түскенде жұмыс тәжірибені таратады және іліктейді және де оған қатысты толғандыратын сұрақтарды шешеді және жалпы проблемаларды талқылайды. Басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме және ұйыммен қарам-қатынасқа түскенде әлеуметтік қызметтің дамуы және қалыпты функциялауға қажетті сұрақтарды шешеді.
Оптимизм – бұл әлеуметтік жұмыстағы өте қиын мамандықтың бірі, солай болғандықтан әлеуметтік қызметкер қандай қызметте істесе де көптеген қиын мәселелері бар, бақытсыздыққа ұшыраған адамдар түрінде керінеді, ол бүкіл проблемаларды обьективті және субьективті себептерге байланысты шеше алмайтындығын біледі. Сонымен қоса әлеуметтік қызметкер адамдарға көмек көрсетеді, яғни кішкене болса да оларды қайғыдан жеңілдетеді, демек жақсылық та – жағдай оның оптимизмнің қайнар көзіне қызмет етеді. Өзінің айналасындағы адамның қайғысын бақылайтын маманға жақсылықты және әділеттілікке сүйену, оптимизімді сақтау қиын, бірақ матрериялдық, тұрмыстық және әртүрлі басқа көмекті қажет етеді, әлеуметтік қызметкер адамдарға қуаныш, үміт және сенімді болу керек, егер сенім де, үміт те болмаса, іске асыру мүмкін емес. Әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік оптимизімі үнемі өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіруде адамның мүмкіндіктері, әлеуметтік әділеттікті іске асырудағы мүмкіндігінде сенімі болады. Әлеуметтік қызметкерде әлеуметтік оптимизмнің болмауы тек қана клиентті «жұқтырмайды»,сонымен қатар жағдайды жақсартуға әртүрлі амал-тәсілдер жасайды. Сонымен қоса жағдай әлеуметтік қызметкердің күйінен клиенттің белсенділігіне байланысты, оптимизм әлеуметтік қызметкердің тұлғасының басты бөлігі болып есеттеледі.
Өзін-өзі билеушілік —  бұл әлеуметтік қызметкердің практикилық қызметінде әрқашанда қажет. Обьективті қажеттіәрекетті орындауда саналы билеушілікті көздеу, қызметтік процесте пайда болған кедергіні жоюға қабілеттілігі, және бастаған істі аяғына дейін жеткізу – бұл жұмыс тәжірибиесін жинау нәтижесін дамыту және өзінің әлсіздігін жеңудегі сапасы болып табылады.
Өзін-өзі билеушілін әлеуметтік қызметкерге өзін жеңуге ғана емес, сонымен қатарклиенттің пассивтілігін жеңуге арналған, яғни бұл оның өзіне деген сезімсіздік, өзінің күшіне және мүмкіндіктеріне сенімсіздік бақытсыз адам ретінде ойда қалыптасуы, социумда уақыттында функциялана алмауын ескереді, әлеуметтік қызметкердің өзін-өзі билеушілігі клиентті қайта тексеруге мәжбүр етеді, өзінің күйіндегі әлсіздікті жеңу қызметті белсеңді қосу және сонымен бірге әлеуметтік белсенділікті және өзінің жеке потенциалын жоғарлатады.
Эмпатия – бұл эмоционалдық жағдайды түсіну, еніп кету – басқа адамның қайғысын сезіну әлеуметтік қызметкердің қажетті тұлға бөлігіндегі эмпатияға деген қабілеттілік, көбінесе өзін клиенттің орнына қоя білуге анықталады. Бұл сапа маманның өмірлік және профессионалдық тәжірибиесінің жинақтау мөлшерінде дамиды.
Әлеуметтік қызметтің клиенті – бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған адам немесе топтық тұлға. Бірақ шеңберден тыс.
Клиенттің негативті эмоционалдық күйі жағдайға қысым көрсету, жұбатуға түсінушілікке қажеттілікке деген сипаттама пайда болды. Практиканың көрсетуінше әлеуметтік қызмет ету мекемесіне көмек сұрап келген клиент бірінші кезекте қайғысына ортақтасу, көңіл білдіру, қайғысына ортақ болуды үміттенеді.
Әлеуметтік қызметкерлер өзінің клиентімен ең бірінші рет кездескенде басқа біреудің қайғысына ортақтасуға өзінің қабілеттілігін ерікті және еріксіз демонстрация жасайды. Ешқандай сапасы көңіл бөлу клиентті алдай алмайды – ол немқұрайлалақты және екі жүзділікті интуитивті сезінеді. Көңіл білдіру және қайғы әрқашан клиентпен бағаланады. Көптеген зерттеу нәтижелерінің айтуынша өзінің профессионалды міндетін пайдаланатын әлеуметтік қызметкерлер емес, бірақ ол клиентке немқұрайлы болады, ал керісінше ол клиентті тыңдай алады және сезінеді, тіпті егер ол өзнің міндетін профессионалды түрде орындамайтын басқа қызметкер.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет