Негізгі иондар. Табиғи суларда кең таралған аниондар: HCO3-, SO2-, Cl-, CO32-, HSiO3-, NO2-, NO3-; катиондар: Na+, K+, Ca2+, Mg2+, Fe2+.
Судың кермектілігін (қаттылығын) еріген кальцийдің және магнийдің тұздары көрсетеді. Кермектілікті карбонатты (СаСО3, MgCO3) және карбонатсыз (CaSO4, MgSO4, CaCl2, MgCl2, Ca(NO3)2, Mg(NO3)2) деп ажыратады.
Еріген газдар: O2, CO2, H2S және т. б.
Оттегі судағы фотосинтездің нәтижесінде пайда болады және ауадан келіп түсуімен анықталады. Оттегінің еруі судың температурасына байланысты: температура төмен болған сайын, оттегі аз болады.
СО2 суда еріген түрінде де, көмірқышқыл түрінде де кездеседі. Көмірқышқыл газының негізгі көздері заттар ыдырауының биохимиялық процестері болып табылады.
Н2S шығу тегі жағынан органикалық (өнімнің ыдырауы) және бейорганикалық (минералды тұздардың ыдырауы) болады. Судағы күкіртсутектің болуынан жағымсыз иіс және металдың коррозиясы пайда болады. Су организмдерінің тіршілігі үшін қажетті биогенді заттар, зат алмасу процесінің (азот пен фосфордың қосылысы) нәтижесінде пайда болады.
Микроэлементтер – судың құрамында 1 мг/л болатын элементтер. Адам үшін ең маңызды элементтер йод пен фтор болып табылады. Судың қышқылдылығы әдетте табиғи сулар үшін 6,5 – 8,5 дейін сутектік көрсеткішпен (рН) анықталады. Суаттағы су рН-ның өзгеруі, әдетте, жаңбырмен шайылып, суатқа ағып түсетін ауаның қышқылды қоспалармен (азот және күкірт оксидтерімен, т.б.) ластануының нәтижесі болып табылады. Сонымен бірге рН-тың өзгеруі тазарту және нейтрализациялау жолдарын өтпеген, суаттардың өндірістік ақаба суларымен ластануынан пайда болады. Табиғи сулардың қышқылдылығы, сонымен қатар, суат орналасқан орнымен, топырақ сипатымен, су түбінің өзгешелігімен анықталады.
Суда еріген оттегі экологиялық маңызға ие. Гидробионттардың тыныс алуын қамтамасыз ету үшін оттегі жеткілікті болу қажет. Өлі организмдердің ыдырауына, органикалық және басқа қосылыстардың тотықтыру процестеріне қатысатындықтан, суаттардың өздігінен тазалануына қажетті. Ауамен әсерлескенде, оның еру жолымен және су өсімдіктерінің фотосинтезі , физико-химиялық, биохимиялық процестердің нәтижесінде оттегінің суға түсу жолдары байқалады.
Табиғи сулардың сапасы, едәуір деңгейде, еріген минералды тұздар концентрациясының еруімен анықталады. Әдетте табиғи суларда кездесетін минералды тұздардың екі үлкен класын бөледі.
Жалпы тұз құрамына тұздардың 1-ші класы негізгі үлесін қосады. Табиғи сулардың жалпы тұз құрамына шамалы үлес қосқанымен, тұздардың 2-ші класын, судың сапасын бағалаған уақытта есепке алу керек, себебі, олардың әрқайсысына ШРК-ң мәні қойылған. Суда еріген минералды тұздардың концентрациясын аналитикалық химияның әдісімен анықтайды. Судың минералды құрамының негізгі компоненттерімен оларға бекітілген шекті-рауалы концентрация 1.4 кестеде берілген.
1.4 Кесте -Судың минералды құрамының негізгі компоненттері