Лекция Тақырыбы : Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері Жоспар



бет4/6
Дата10.12.2023
өлшемі65,61 Kb.
#135783
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
2.Сортаңданған жерлерді игеру.Елуінші жылдары басталған тың игеру эрозиясынан кейін Қазақстанда бос игерілмей жатқан жақсы жерлер қалмады. Ал қосымша күш жұмсап жерді жақсартып пайдалануға болатындай етіп игеретін жерлер жеткілікті. Сондай жерлердің бірі – сортанданған жерлер.
Сортаңданған жерлер – тұзданған жерлердің бір түрі. Бұл жерлердің шын мәнісінде сорланған топырақтарға қарағанда жоғары қабаттарында өсімдіктердің өсуіне зиянкелтіретін ащы тұздары жоқ, олар кезінде бар болғанымен, ккеін жауын- шашынмен жуылып топырақтың төменгі қабаттарына шайылып сіңіп кеткен.
Қазақстанның сортаңданған жерлерін зерттеу жұмыстары 1956 жылы басталған еді. Бұл жұмыстар Қазақстан республикасы ҰҒА- ның Топырақтану институтында 3 бағытта жүргізілген:
1.Сортаң топырақтарды анықтап, картаға түсіру.
Сортаңданған жерлерді картаға түсіріп агромелиоративтік қасиеттерін анықтау үшін территориялық зерттеулер жүргізу. Сортаң топырақты әр түрлі табиғи аймақтарда орналасуына байланыста агломелиоративтік қасиеттеріне қарай оларды игеру, жақсарту жолдары да әр қилы.Сондықтан сортаң жерлерді алдымен картаға түсіріп , олардың әрқайсысының шекараларын анықтау қажет.Мұндай жұмыстарды Қазақстанның терістік , орталық және шығысында Топырақтану институтының ғалымдары, батысында кезіндегі Қазақсан ауыл шаруашылығы ғылым академиясы жайылым- шабындық шаруашылығы ғалымдары жүргізді.
2.Сортаң жерлерді игерудің әдісі мен технологиясын жетілдіру.
Бұл бағытта тұрақты тәжірибе жұмыстары жүргізілді. Әртүрлі әдістерді қолдану арқасында жақсы нәтижелер алынды.Сортаң жерлерді игеру үшін төмендегі әдістерді қолдануға болады.
Фотоагротехникалық мелиораця әдісі негізіне шалғынды – далалы және далалық қалдық сортаңдар кешенін игеру үшін қолданылады. Мұнда жерді сортаң қабатына дейін қайырмалы әдіспен жыртады да одан төменгі қабатын қайырмасыз әдіспен терең қопсытады. Жыртылған жерге дәнді бұршақты дақылдар араластыра егіледі.
Агрохимиялық мелиорация бұл әдіс бойынша сортаңның химялық қасиеттерін жақсарту үшін арнайы өңдеу арқылы топырақтың төменгі қабатында жатқан әкпен гипсті пайдалану. Ол үшін сортаң топырақтарды терең етіп , плантажды немесе топырақтың әр қабатын арнайы өңдейді.Өңделген жерге көпжылдық бұршақты шөптер егеді. Шөп өнімі гектарына 15-22, ал шөп жыртылған жерге егілген арпа гектарына 9-12 центнер өнім береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет