Лекция Тақырыбы : Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері Жоспар



бет5/6
Дата10.12.2023
өлшемі65,61 Kb.
#135783
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Фотохимялық мелиорация. Бұл әдіспен топырақтың жоғары және сортаңданған қабатын қайырмалы етіп жыртып, оның астыңғы қабатын қопсытады да сортаңданған қабатты жақсарту үшін оған кәдімгі гипс пен фосфогипсті енгізеді.Бұл жерге негізінен бұршақты шөп , түйе жоңышқа егіледі. Оның өнімділігі гектарына 17-25 центер , ал оны жыртып орнына еккен астық өнімі гектарына 10-14 центнер жетеді.
Республикамыздың солтүстік обылыстарында “Казгипрозем” және обылыстық агрохимялық лабороториялары жасаған жобалар мен сортаң жерлерді игеру жұмысы қолға алына бастады. Солтүстіктің дәнді , қара топырақты және қара қоңыр топырақты алқаптарында суарусыз, көп қаржы жұмсамай 15,6 млн гектар сортаң жерлерді игерудің жоспарлары кезеңінде жасалды. Оның ішінде фитоагротехникалық мелиорациялау арқылы 1 млн га, агрохимялық мелиорациялау арқылы 10,4 млн, фитохимялық мелиорацияарқылы 1,0млн, ал шалғындық шөп егуге 3,4 млн гектар сортаң жер әзірленді.
3.Сортаң топырақтардың пайда болуы және мелиорациялаудың теориялық мәселелері. Осы жоғарыда айтылған сортаң жерлерді игерудің практикалық - өндірістік бағыттарымен қатар, сортаң топырақтардың пайда болуын, оны мелиорациялаудың теориялық мәселелері де зерттеледі. Жалпы сортаң жерлерді игеру ісі ғылыми негізделген әдісті мұқият сақтықпен қолдануды қажет етеді. Біздің республикамызда әсіресе Ақтөбе, Батыс Қазақстан обылыстарында сортаңды игеру қайырмалы соқамен сортаң қабатын жер бетіне шығарып жырту деп ұғып бұрын шабындық немесе жайылым болған алқаптар қазір жарамсыз қалған жағдай бар.
3. Егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан сақтау.Топырақтану ғылыми – зерттеу институты ғалымдарының көп жылдық зерттеулері республиканың жері қаншалықты кең болғанымен, оның егіншілікке жарамдысы мен ылғалымен қамтамасыз етілгені шамалы екенін дәлелдеп отыр.Сондықтан жыртылған егістікке айналған жердің әрбір гектары тиімді пайдалану – бүгінгі күннің мақсаты.
Көп жылдық тәжірибе республиканың негізінен жаздық астық егілетін солтүстік аудандарда қолданылатын егіншіліктің парлы астықты жүйесі тиімді екенін көрсетті.Бұл құрғақ аудандарда парға егілген дәнді дақылдар жыл сайын астық егілетін танаптарға қарағанда гектарының 5-7 центнер артық өнім береді. Себебі, танапты бір жылдай қара пар етіп өңдеп , “тынықтырса” арамшөптерден арылып, ылғалдың қажетті қоры жиналадыда микробиологиялық құбылстардың нәтижесінде қоректі заттар көбейіп (әсіресе азотты заттар), бұ дан кейінгі 3-4 жыл бойы дәнді дақылдардың дұрыс өнім беруіне себеп болады.
Эрозия халық шаруашылығына тигізетін әсерін есептеп жеткізу қиын. Мәселен , жел эрозиясына ұшыраған бір гектар егістік жер 600 кг жалпы азотты, 105 кг калийды жоғалтады. Ал су эрозиясының зардабына көбірек душар болған жердің әрбір гектары 2 т-ға дейін жалпы азотты, 120 кг жылжымалы азотты, 280 кг фосфор мен 215 кг калийды жоғалтады.
Институт ғалымдары егіншілікті топырақ эрозиясына қорғап , аудан түсетін ылғадан топырақ қабатына сақтау мен арам шөптерге қарсы күресу үшін шаралар жүргізілуде. Топырақты кәдімгі соқамен қайырмалы етіп жырту орнына оны арнайы соқамен қопсытып егілген егіс сабақтары қарды тоқтату үшін сақталады және топырақ желмен ұшпайды.
Егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі Қазақстанда тың игерумен , тыңдағы егіншілік пен тығыз байланысты болғанымен егіншіліктің бұл жүйесін практикалық жағдайда қолдану географиясы кең. Сібір, Орал,Еділ бойы, Ставрополь, тіпті Украина егіншіліктері де егіншіліктің бұл жүйесін өздерінің топырақ - климаттық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп қолданылуда.
Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы обылыстардың негізгі дақылдарды ауыстырып , топырақ құнарлылығын, әсіресе топырақтағы азотты арттыратын дақыл – беде (люцерна). Сонымен қатар беде өте құнды белокты азықтық шөп. Сондықтан бұл аймақтарда беделі – күрішті, беделі – мақталы , беделі – қызылшалы ауыспалы егістер нәтижелі егіліп келеді. 1961-1962 жылдары академик В.Р.Вильямстың шөп танапты ауыспалы егісіне қарсы “шабуыл” басталған аймақтарда , оның ішінде біздің Оңтүстік обылыстарымыз да беде егістері жөнсіз жыртылып тасталды. Соның салдарынан беденің тұқымы әлі күнге дейін жетіспей келеді.
Топырақтың су эрозиясы деп аққан су күшімен топырақтың жоғары құнарлы қабатының , кейбір кезде тіпті төменгі қабатының жуылып – шайылып, жыралар мен сайлардың пайда болуы сияқты табиғи құбылыстарды айтады. Топырақтың су эрозиясы дамыған Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан обылыстарының тау баурайындағы аймақтарында орын алған.
Су эрозиясының негізінен екі түрі болады: топырақ бетінің шайылуы және жыралық эрозия. Қатты нөсерден немесе суарғанда судың мөлшерден артып артық жіберілуінен топырақтың беткі қабаты шайылады. Судың ағысы жүрген жерлерде тілінеге майда жыралар пайда болады. Бұл жерлер жер жыртылған кезде егістің аралығы өңделіп, культивацияланған уақытта қайта тегістеледі де, топырақтың шайылғаны білінбей қалады. Мұны шайылу эрозиясы деп атайды.
Ал көлбеу тігірек , құлама беткейлерде әуелі жіңішке боып басталатын майда жыралар судың ылдиға аққан екпінімен тез ойылып ірі жыраларға , сайларға айналады. Мұндай жайлар көбінесе су жүретін ірілі – ұсақты арықтар бойында көп кездеседі. Оңтүстік обылыстардың кейбір жерлерінде осындай арықтадың табаны бірте – бірте шайылып , жербетінен тереңдеп кетеді. Су эрозиясының бұл түрін жыралық эрозия деп атайды.
Су эрозиясымен күреудің 3 түрлі жолы бар.
Агротехникалық шаралар: еңісі мол баурайларды су ағысының бағытына көлденең жырту, топырақты қайырымсыз жырту, қыста қар тоқтатып, көктемде су ағыс екпінін кеміту үшін егілген егістердің пая- сабақтары н қалдыру, топырақ құрылымын жақсарту т.б.
Орманды мелиоративтік шаралар: жыралар ме сайлар жағалауына , өзендер айналасына , суару жүйелерінің бойына міндетті түре ағаштар, бұталар отырғызу.
Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас үшін арықтар мен каналдардың табаны мен ішкі қапталын су өткізбейтін заттармен(плита, латоктар, полиэтилен т.б. ) қаптау.
Болашақта жер асты суларын, жер бетімен ағатын өзендерді тиімді пайдаланып, бұл үлкен алқапты суландыру – кезек күттірмейтін іс. Сондай- ақ жайылымдық жерлерді топырақ эрозиясынан қорғау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет