Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет11/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Микрофиламенттер деп актин молекулаларынан тұратын цитоқаңқаның ең жіңішке ақуыз жіпшелерін айтады. Алғаш рет олар бұлшық ет жасушаларында табылды, бірақ одан кейін басқа да әртүрлі жасушаларда бар екендігі анықталды. Мысалы, дәнекер ұлпасының басты жасушалары фибробласттарда, басқа ақуыздарға қарағанда актин жиі (10-15%) ұшырасады. Электронды микроскоп арқылы алынған мәлімет бойынша, микрофиламенттер қос спираль қалыптастырып глобулды молекулалардың екі тізбектерінен тұрады. Мұндай актин микрофиламенттері әртүрлі көмекші арнайы ақуыздармен (α-актинин, фимбрин, миозин, винкулин, тропомиозин т. б.) байланысу арқылы жасушаның әртүрлі құрылымдарын (микробүрлер, қысқырғыш сақина т. б.) қалыптастырып, түрлі қызметтер атқарады. Қызметтері: 1) актин микрофиламенттері миозин будаларымен әрекеттесіп, бұлшық ет элементтерінің (жасушалар, талшықтар) қысқаруын қамтамасыз етеді; 2) плазмалық мембрана мен цитоплазманың кортикальді қабатының қызметтерін (экзо-, эндоцитоз, жалған аяқтар қалыптастыру, жасуша қимылы) қамтамасыз ету; 3) цитоплазма ішілік қимылдарды (цитоплазмалық ағындар, көбікшелер мен органеллалардың орын ауыстуруы) қамтамасыз етуі; 4) жасуша пішінінің тұрақтылығын және бірқалыпты өзгеруін қамтамасыз ету; 5) митозды аяқтайтын құбылыс – цитотомияны (екі жас жасушалар арасында цитоплазманың бөлінуі) қамтамасыз ету; 6) кейбір арнайы органеллалардың (микробүрлер, стереоцилийлер) тіректік қаңқасын құру; 7) жасушааралық жалғаулар (десмосомалар, белдемелік десмосомалар) қалыптасуына қатысу.
Арнайы органеллалар. Микротүтікшелерден тұратын арнайы органеллаларға центриольдар немесе жасуша орталығы, базальді денешіктер, аксонема, кірпікшелер мен талшықтар жатады.
Жасуша орталығы интерфазалық жасушаның ядросы жанында орналасады. Ол бір-біріне тік бұрышпен қосылған ұзындығы 1 мкм шамасындағы цилиндр пішінді екі кішкене денешік – центриольдардан тұрады.
Әрбір центриоль – цилиндр пішінді, диаметрі 150 нм, қабырғасы микротүтікшелердің 9 триплеттерінен (триплет – үш микротүтікшелер) тұратын, ортасында микротүтікшесі жоқ құрылымдар. Центриольдар клетканың бөлінуі кезінде маңызды роль атқарады, олар бөліну шүйкелерінің түзілуіне қатысып, митоз ұршығын қалыптастырады. Яғни екі еселенген центриольдардың әрқайсысы жасуша полюстеріне ажырап, өздерінен микротүтікшелерді өсіріп шығарып отырады. Нәтижесінде олардың арасында митоз ұршығы пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет