Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет33/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Ретикулярлы талшықтар жай әдістермен өңдегенде көрінбейтін тек дәнекер ұлпасына күмістің тұздарымен әсер еткенде ғана көрінетін талшықтар. Бұл талшықтар өте жіңішке қысқа, көп жинақталғанда тығыз тор түзеді. Олар клеткаларға бай дәнекер ұлпаларында анағұрлым күшті дамиды.
Дәнекер ұлпаның талшықтары негізі аморфты заттардан тұрады. Сондықтан біркелкі болып көрінеді. Бірақ, күшті боялған кезде аморфты заттардың жұқа пластинкалардан тұратындығы, олардың арасында талшықтар болатындығы көрінеді. Дәнекер ұлпадағы аморфты заттардың мөлшері әр түрлі, ұлпалар клеткалық элементтерге байыған сайын аморфты заттар соншалықты азайып кетеді. Дәнекер ұлпалардың клеткалық құрамы саны және сапасы жөнінен де әр түрлі. Клеткалық элементтердің көп түрлілігі, әсіресе, болбыр дәнекер ұлпасында кездеседі.
Борпылдақ дәнекер ұлпа. Борпылдақ дәнекер ұлпа тәртіпсіз орналасқан эластикалық және коллагенді талшықтардан тұрады. Талшықтар мен аморфты заттың пластинкалары арасында көп түрлі дәнекер ұлпалы клеткалар – фибробласттар, гистиоциттер, камбиальды клеткалар, май клеткалары, пигментті және плазматикалық клеткалар мен әртүрлі лейкоциттер орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпаның құрамы әр түрлі себептерге байланысты тұрақсыз болады. Өйткені, біріншіден, шығу тегінің бірдей болмауы, яғни бір бөлігі дәнекер ұлпалардан, екінші бөлігі қан тамырларынан дамиды. Екіншіден, олар үздіксіз дамып отырады да, клеткалары ерекшеленудің түрлі сатысында болады. Үшіншіден, клеткалардың саны физиологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.
Фибробласт - (wibra–талшық, blastos–бастамасы) дәнекер ұлпаның көптеген түрінде кездесетін негізгі клеткалық форма. Ол ұзын тармақтары бар, протоплазмасы мен ядросы айқындалмаған созылыңқы клетка.
Фибробласттың ядросын коршаған түйіршікті эндоплазма жақсы айқындалған. Шеткі эктоплазма біртекті және бояулармен өте нашар боялады. Әр түрлі клеткаларда эктоплазма мен эндоплазманың мөлшері бірдей емес. Өйткені, олар фибробласттың жасына, организмнің қызметіне және жануардың түріне байланысты өзгеріп отырады. Фибробласттардың ядросы әдетте дұрыс дөңес формалы, кейде сәл ойыс болып келеді. Хроматині аз және әлсіз боялады. Барлық уақытта да бір немесе екі ядрошық жақсы көрінеді. Ядроның қасындағы протоплазма маңынан клетка орталығы оңай байқалады. Фибробласттардың өмір сүру ұзақтығы қысқа болғанымен олар бөлінуге қабілеттілігін сақтайды. Ерекшеленген сайын эктоплазмасы көбейіп отырады. Маманданған түрінде оларды фиброцит деп атайды. Фиброцит фиробластың даму кезеңін аяқтаған, эктоплазмасы күшті дамыған түрі. Қалыпты жағдайға фибробласттар дәнекер ұлпалардың аралық затын түзуге қатысады. Егер организмге бөгде заттар енсе, онда соларды қоршауға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет