Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


лекция 3  Такырыбы: Орталық жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы



Pdf көрінісі
бет10/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77
лекция 3 
Такырыбы: Орталық жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы
Жоспары: 
1.Жүйке жүйесінің эволюцисы. Нейрондар құрылысы, жіктелүі.
2. Рефлекторлық доға. Жүйке орталықтарының қасиеттері.
3. Вегетативтік жүйке жүйесі. 
Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын 
реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта 
өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі - ми. Ми сыңары қыртысының ерекше 
қызметі - ойлау, дүниетану, пікір тудыру. Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарға 
бейімдеп қана қоймай, сол ортаны өз мақсатына лайықты өзгерте алады, өткен-кеткенді талдап, келешекті 
болжайды. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл үрдістерді нейрондар мен жүйке орталықтары 
қамтамасыз етеді. 
Нейрондар мен нейроглия 
Нейрон дегеніміз - жүйке жасушасы. Ол - жүйке жүйесі құрамын- дағы жеке (дербес) бөлік, сол 
жүйенің морфоәрекеттік негізі. Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты 
қоршайтын құрылым. 
Нейрондар пішіні, көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден 
(талшықтардан) тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа жасушаларға да тән органоидтар және 
тек нейронда кездесетін тигроид (қарала) заттар болады. Соңғыларының әрбіреуі түйіршікке не кесекке 
ұқсайды. Ядролық бояулармен боялатын болғандықтан олар нейрон протоплазмасын ала-құла етіп 
көрсетеді. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай (1 микроннан - 1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып 
екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит 
болады. Дендрит аксонға қарағанда көп тармақты келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері 
аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон 
төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары. Сезімтал нейрон- ның шеткей орналасқан аксонының ұшында 
қабылдағыш (рецептор) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке 
ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен жанасып түйіспе құрады. Қозу серпінін 


қабылдағыштан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы әкелетін (афференттік) деп аталады, 
ал орталықтан қозуды шеттегі ағзаларға жеткізуші талшықты әкететін (эфференттік) деп атайды. Жүйке 
талшықтары майлы, жұмсақ қабығының болу-болмауына байланысты миелинді, мнелинсіз деп екіге 
бөлінеді. 
Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды (гли- ондарды) айтады. Глия грек сөзі - 
желім деген мағынада. Расында да олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады. 
Глиондар екі түрлі - астроцитгер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара 
түйіспелер құрмайды. 
Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша де- несінен күннің сәулесі тәрізді жан-
жаққа таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды 
олармен байланыстырады. Олигодендроциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады. 
Нейроглияның әрекеттік маңызы: 
1. Нәрлендіру қызмет атқарады, яғни қаннан нейрондарға керекті қоректі заттарды алып, зат алмасу 
өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, олардың маңайын тазартады. 
2. Нейрондардың тіршілігіне, қызметіне керекті жағдай жасайды. Нейрондардың айналасындағы 
сүйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бірқалыпты сақтайды. Мысалы, ионы 
көбейіп кетсе, артығын өзіне сіңіріп жұтады, ал медиаторлар көбейсе, олардың артығын ыдыратады немесе 
бейтараптандырады. Ионы көбейіп кетсе нейрондарда күшті тежелу пайда болады, оның салдарынан 
депрессия болуы мүмкін. Медиатор мөлшері көбейсе қозу күшейіп, тежелу үрдісінен адамның жұмысқа 
деген қабілеті төмендейді. Осыған орай нейроглия нейрондарды қатты қозудан және өте күшті тежелуден 
сақтайды. 
3. Олигодендриттер нейрондар аксонының миелин қабығын жа- сауға қатысады. 
4. Нейроглия нейрондар арасындады қарым-қатынасты күшейтеді, есте сақтауды, уақытша 
байланыстардың пайда болуын жеңілдетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет