қабылдағыштан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы әкелетін (афференттік) деп аталады,
ал орталықтан қозуды шеттегі ағзаларға жеткізуші талшықты әкететін (эфференттік) деп атайды. Жүйке
талшықтары майлы, жұмсақ қабығының болу-болмауына байланысты миелинді, мнелинсіз деп екіге
бөлінеді.
Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды (гли- ондарды) айтады. Глия грек сөзі -
желім деген мағынада. Расында да олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады.
Глиондар екі түрлі - астроцитгер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара
түйіспелер құрмайды.
Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша де- несінен күннің сәулесі тәрізді жан-
жаққа таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды
олармен байланыстырады. Олигодендроциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады.
Нейроглияның әрекеттік маңызы:
1. Нәрлендіру қызмет атқарады, яғни қаннан нейрондарға керекті қоректі заттарды алып, зат алмасу
өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, олардың маңайын тазартады.
2. Нейрондардың тіршілігіне, қызметіне керекті жағдай жасайды. Нейрондардың айналасындағы
сүйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бірқалыпты сақтайды. Мысалы, ионы
көбейіп кетсе, артығын өзіне сіңіріп жұтады, ал медиаторлар көбейсе, олардың артығын ыдыратады немесе
бейтараптандырады. Ионы көбейіп кетсе нейрондарда күшті тежелу пайда болады, оның салдарынан
депрессия болуы мүмкін. Медиатор мөлшері көбейсе қозу күшейіп, тежелу үрдісінен адамның жұмысқа
деген қабілеті төмендейді. Осыған орай нейроглия нейрондарды қатты қозудан және өте күшті тежелуден
сақтайды.
3. Олигодендриттер нейрондар аксонының миелин қабығын жа- сауға қатысады.
4. Нейроглия нейрондар арасындады қарым-қатынасты күшейтеді, есте сақтауды, уақытша
байланыстардың пайда болуын жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: