Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет61/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77
 
лекция 12 
Такырыбы: Сыртқа шығару процестері 
Жоспары: 
1. Бүйректің морфофункионалдық ерекшелігі. Бүйректің гомеостатикалық функциясы: волюмореттелуі, 
осмотикалық, иондық гомеостаздың реттелуі, қышқыл-негіз баланстың реттелуі. 
2. Несеп пайда болуының негізгі процесстері: фильтрация, реабсорбция, секреция..
3. Бүйректің гомеостатикалық функциясы: волюмореттелуі, осмотикалық, иондық гомеостаздың реттелуі, 
қышқыл-негіз баланстың реттелуі..
С ы р т қ а ш ы ғ а р у п р о ц е с і н і ң м а ң ы з ы .
Зат алмасу процесінің 
барысында түзілетін кейбір ыдырау өнімдерін организм пайдалана алмайды. Мысалы, қалыпты жағдайда 
жүретін клеткадағы зат алмасу процесінің нәтижесінде бір жағынан үнемі жаңа заттар жасалса, екінші 
жағынан белок және нуклеин қышқылдары ыдырап мочевина, несеп қышқылы, креатинин, аммиак т. б. 
құрамында азоты бар «қалдық» ыдырау өнімдері бөлінеді. Бұл ыдырау өнімдері бірте-бірте көбейе берсе, 
организмді улап, тіршілік процесіне үлкен зиян келтіреді. Әр түрлі ауруларға байланысты бүйректің 
жұмысы нашарласа, бұл «қалдық» заттардың концентрациясы қанда және лимфада, ткань аралық 
сұйықтықта нормадан көп жиналатындығы соншалықты, тіпті организмді өлімге соқтырады. Дені сау 
адамның қанында мұндай ыдырау өнімдерінің мөлшері үнемі аз қалыпта болады, өйткені түзілген «қалдық» 
заттарды бүйрек дереу организмнен шығарады. 
Қанда кейбір заттардың концентрациясы белгілі бір мөлшерде үнемі тұрақты сақталады. Егерде бұл 
заттардың концентрациясы организмде керекті мөлшерден көп болса, артығы сыртқа шығару органдары 
аркылы шығарылады. Мысалы: қанттың мелшері қанда 0,1%—0,12% болады, одан артығы шығарылып 
отырады. Ал кейбір, заттар (сульфаттар) организмнен толық шығарылады. Шығару процесін — экскреция 
деп атайды. Экскреция зат алмасу процесінің соңғы буыны болып есептеледі. 
Адамдағы негізгі сыртқа шығару органдары — бүйрек пен тері бездері. Экскреция процесіне өкпе, 
сілекей бездері, қарын, бауыр және ішек қатысады. 


Ас қорыту органдарынан шығарылатын қалдық заттар қүрамында, қорытылмай қалған тамақ 
заттарымен қатар, зат алмасу процесінің ыдырау өнімдері де болады. Сондай-ақ ас қорыту органдары 
организмге түскен бояу, әр түрлі дәрі-дәрмек заттарында қоса шығарады. 
Өкпенің, сілекей бездерінің, қарынның, терінің, бауырдың және ішектің шығару қызметінің арқасында 
организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы сақталады. 
Зат алмасу процесінің соңында пайда болған ыдырау өнімдерінің көбісі оның судағы ерітіндісі күйінде 
сыртқа бөлінеді. Оны несеп (зәр) деп атайды. Тек газ алмасу процесінің нәтижесінде пайда болған өнімдер 
газ күйінде өкпе арқылы организмнен бөлініп шығарылады. 
Организмдегі тіршілік процестері су мен минерал заттарының мөлшері қажетті шамада болса ғана 
физиологиялық қалыпты жағдайда жүреді. Осы көрсетілген физиологиялық нормадан су мен минерал 
тұздардың мөлшері азды-көпті ауытқыса, организмнің ішкі сұйық ортасы — қан, лимфа және ткань аралық 
сұйықтықтың құрамы, оның физикалық және химиялық қасиеттері өзгереді. Мысалы, қанның реакциясы
оның осмос қысымы т. б. өзгерістерге ұшырайды. 
Жоғары сатыдағы жануарларда сыртқа шығару органдарының (омыртқалыларда бүйректің) экскреция 
процесі, зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімдерін шығарумен қатар, пайда болған улы заттарды 
зиянсыздайды, организмнің рН реакциясын белгілі бір шамада сақтап, осмос қысымының тұрақты болуына 
себін тигізеді. Адамның терісі арқылы тердің құрамымен — хлорлы натрий, басқа да минерал заттары, сол 
сияқты зат алмасу процесінде пайда болған, құрамында азоты бар және азоты жоқ ыдырау өнімдері, өте аз 
мөлшерде ас қорыту жолдарының кілегей қабығында, без органдарында, әсіресе бауырда жасалатын кейбір 
органикалық заттар да шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет