Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі



Pdf көрінісі
бет63/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77
Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі 
Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің айрықша өзгешелігі бар. Қыртыс қабатта жіңішке артерия 
тамырлары Шумлянский-Боумен капсуласына кіріп, онда 30—50 капиллярға тарамдалып, мальпигий 
шумағын құрайды. Бұл тамырды қанды әкелуиіі тамыр деп атайды. Әрбір капиллярдың ұзындығы 0,5 мм 
шамасындай. Осы капиллярлар жиналып артериялық әкетуші тамыр құрайды. Оның диаметрі әкелуші 
тамырдан 2 есе тар болады. Шумақтан шыққан тамыр ирек қаналшалар мен ілгек түсында қайтадан 
тарамдалып, екінші рет капилляр торын құрайды. Осыдан соң ғана капилляр тамырларындағы қан вена 
торына жиналып, одан бүйрек венасына барып құяды. Шумақ капиллярларында қанның қысымы әр уақытта 
да басқа органдардағы капиллярлардағыдан жоғары болады. Себебі, әкетуші тамырдың диаметрі тар, әрі ол 
одан да жіңішке капиллярларға тарайды және бүйрек артериясы қүрсақ қолқасынан шыққандықтан қысқа 
болады. Бүйрек қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Басқа органдармен салыстырғанда оған қан 20 есе 
көп келеді. Бүйрек қан тамырлары минут сайын әр бүйрекке 750 см
ъ
қан жеткізеді. Сонда бір минутта 


жеткізілетін . қан көлемі бүйректің өз салмағынан бірнеше есе көп екенін көреміз. Бір тәулікте адамның 
бүйрек қан тамырларынан 1700 дм
ъ
қан ағып өтеді, оның 170 дм
ъ
қыртыс-қабаттағы мальпигий шумағынан 
сүзіледі. Адам организміндегі 5 дм
ъ
қан тәулігіне бүйректен 200—300 рет сүзіледі. Оттегін пайдалану 
процентінің жоғарылығы бүйректегі физиологиялық процестердің өте қарқынды жүріп жатқанын көрсетеді. 
Адамның екі бүйрегінің салмағы дене салмағының тек 0,5 процентін
алады. Ал екі бүйрек организмге келген барлық оттегінін 9% пайдаланады. 
Адамның екі бүйрегінде 2 миллионнан аса нефрон бар. Каналдардың эпителий қабатының ішкі бетінің 
ауданы адамның екі бүйрегінде 4—6 м
2
, ал ірі қараның екі бүйрегінде 8 — миллионға жуық нефрон бар, 
олардағы каналдар эпителийінің ішкі жақ бетінің ауданы 40 м
2

НЕСЕПТІҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚАСИЕТІ 
Несеп құрамына мочевина, несеп қышқылы, креатинин және басқа белоктық ыдырау өнімдері, 
органикалық емес түздар кіреді. Несеп түсінің сарғыш болуы қүрамындағы пигмент — урохром, уробилин 
сияқты заттарға байланысты. Несептің рН әлсіз қышқылдық болады, бірақ тамақтану процесіне қарай 
өзгеріп тұрады. Түзілетін несептің мөлшері организмге түскен судың мөлшеріне байланысты; орта есеппен 
бір тәулікте 1,5 л, сыбағалы салмағы 1,010— 1,025 болатын несеп жасалады. Несептің мөлшері азайса, 
құрамындағы қатты заттардың концентрациясы көбейіп, сыбағалы салмағы артады. Әдетте жоғарыда 
көрсетілген мөлшерден несептің сыбағалы салмағы көп арта қоймайды. 
Н е с е п ж а с а л у м е х а н и з м і . Шумлянский-Боумен капсуласының кеңістігінде қаннан сүзілу 
арқылы қан плазмасына ұқсас коллоид заттарынан ажыратылған алғашқы несеп жасалады. Капсуланың 
қабырғасында өте кішкене тесіктер болады. Бүл тесіктер арқылы мальпигий шумағынан молекулалық 
салмағы 70000 артық заттар өтпейді. Қалыпты жағдайда қызмет жасап түрған бүйректің капсула тесігінен 
каналдарға 1 % альбумин, ал гемолиз уақытында 5% гемоглобин өтуі мүмкін. Негізі капсуланың кеңістігінде 
жасалған алғашқы несептің қүрамында белок болмайды. Мальпигий шумағынан өтетін плазманың 1/6— 
1/10 бөлігі сүзіліп капсула кеңістігіне түседі. 
Плазманың коллоидтары (негізінде белоктар) тудыратын онкотикалық қысым алғашқы несептің 
сүзілуін қиындатқанымен мальпигий шумағындағы капиллярлардың қан қысымы плазма коллоидтарының 
суды ұстау қабілетінен жоғары болады. 
Шумлянский-Боумен капсуласының кеңістігіне сүйықтың сүзіліп өтуі мальпигий шумағын қүрайтын 
капиллярлардың қан қысымы мен кеңістік ішіндегі қысым теңескенше жүреді, Мальпигий шумағында
қанның қысымы 60—70 мм с. б. Ал плазмадағы коллоид-осмос қысымы 30 мм с. б. Осы екі қысымның 
айырымы (40 мм с. б.) фильтрация (сүзілу) қысымы деп аталады. Егер қанның қысымы күрт төмен түссе, 
несеп жасалу азаяды немесе тіпті тоқталады. 
Капсула кеңістігінде жасалған алғашқы несеп одан әрі каналдармен аққанда, олардың қабырғасы 
арқылы су және организмге керекті, мысалы еріген кейбір тұздар, амин қышқылдары, глюкоза т. б. кері 
сіңіп қанға өтеді. Каналдарда нағыз немесе соцғы несеп жасалады. Кері сіңу — реабсорбция деп аталады. 
Адамда реабсорбция жүретін бүйрек каналдарының ауданы 6 м
2

Капсулаларда қан қүрамында еріген заттары бар су өте көп мөлшерде сүзіледі. Алғашқы несеп 
жасалғанда, қанның көп мөлшерде суынан айырылуы уақытша ғана жағдай, өйткені нағыз (соңғы) несеп 
жасалу процесінде несеп каналдарының қабырғасынан су қанға кері сіңеді; организмге сырттан су енгізуді 
керек етпейді. Реабсорбция процесі бүйректің несеп жүретін каналдарының қабырғасын қүрайтын эпителий 
клеткаларының спецификалық активті жүмысы арқылы іске асады. Сонымен, несеп жасалу механизмі 
бірінен соң бірі жүретін екі процестен түрады: фильтрация және реабсорбция. 
Несеп жасалғанда бүйрек өте көп энергия жұмсайды, ал ол энергия бүйректегі өте жедел жүретін 
тотығу процесінен босап шығады. Энергияның көпшілігі реабсорбцияға кетеді. Реабсорбция арқылы су ғана 
толық кері сіңеді. Судың кері сіңуі диффузия мен осмосқа байланысты пассивті түрде боладъі. Ал 
хлоридтер мен глюкоза активті реабсорбцияланады.
Каналдарда калий және кальций иондары 90%, несеп қышқылы 80%, фосфаттар 55%, натрий және хлор 
иондары 40% кері сіңеді. Өте аз мөлшерде сульфаттар, креатинин және мочевина да қанға өтеді. 
Су каналдардың қабырғасынан кері сіңгендіктен соңғы (нағыз) несептің мөлшері, алғашқы несептен 
әлде қайда аз болады. Ал құрамындағы организмге керек емес заттардың концентрациясы көп болады. 
Несеп жасалу процесін жақсы түсіну үшін, қанның плазмасы мен несептің құрамындағы заттардьщ 
концентрациясын салыстыру керек.
Таблицаны пайдалана отырып, 1 дм
ъ
соңғы (нағыз) несеп жасалу үшін қаннан қандай мөлшерде 
алғашқы несеп капсулаға сүзілуі керек және оның қандай мөлшері каналдарда кері сіңуі керек екендігін 
есептеп шығаруға болады. 
Қан мен несептің құрамындағы әр түрлі заттардың мөлшері 
Құрамы 
(°/о есебімен) 
Қанмен са- 
несептегі мөл- 
қаң 
плазма- 
соқры не- 
шершіқ қан- 
сында 
септе 
ша есе көп-тігі 
Су 
90—91 
95—96 

Мочевина 
0,03 
2,0 
65 
Несеп қышқылы 
0,004 
0,05 
12 
Глюкоза 
0,1—0,12 
— 
— 


Сульфаттар концентрациясы соңғы несепте басқа шығарылатын заттармен салыстырғанда көп 
болғандықтан, кері сіңудің көрсеткіші етіп сульфаттарды аламыз. Сульфаттар концентрациясы 90 есе 
артады. Ендеше 1 дм
ъ
нағыз несеп 90 дм
г
қанның плазмасынан жасалады. Сонда сульфаттар каналдарда кері 
сіңбейді, нағыз несеп құрамымен организмнен толық шығарылады. Адамда мальпигий шумағында минут 
сайын қан плазмасынан капсула кеістігіне сүзілген 120 см
3
сұйықтың каналдар қабырғасынан 103 см
ъ
кері 
сіңеді. 
Алғашқы несептің құрамы 2 топқа бөлінеді: 1) табалдырық (порог) және 2) табалдырық емес заттар. 
Соңғы несептің құрамымен қанда концентрациясы керекті мөлшерден артық заттар шығарылса, олар 
табалдырық заттары деп аталады және олардың қандағы концентрациясы керекті мөлшерде ғана болса, ол 
заттар нағыз несептің құрамына кірмейді. 
Табалдырық заттарына — қант, хлоридтер, фосфаттар, калий, кальций, ңатрий, несеп қышқылы 
жатады. Бұл заттар каналдарда кері сіңеді, сүйтіп организмдегі зат алмасу процесіне қатысады. Бүйрек бұл 
заттардың қандағы қажетті концентрациясының сақталуын реттейді. Егер қанға NаСІ тұзын шамадан тыс 
енгізсек, керекті мөлшерден артығы соңғы несептің құрамына кіреді. Сонымен бүйрек плазмадағы 
электролиттердің түрақты концентрациясын сақтайды екен. 
Табалдырық емес затар каналдардан кері сіңбейді де, организмнен толыққа жақын нағыз несеп 
құрамымен шығарылады. Оларға сульфаттар, креатинин, мочевина жатады. 
Фильтрация мен реабсорбция теориясы несеп жасалу процесІн толық түсіндіре алмайды. Мальпигий 
шумағындағы фильтрация процесі олардың клеткаларының активті қызметі деп түсіну керек. Өйткені 
наркотикалық заттардың әсерінен мальпигий шумақтарындағы фильтрация процесі төмендейді. 
Ескеретін бір жәй, бірінші қатардағы ирек каналшаларда жоғарыда айтылған диффузия, осмос және 
активті түрде кері сіңу процестеріне байланысты несеп қанмен изотониялы болады. Мұның механизмі 
мынадай: Алғашқы несептен глюкоза, натрий, калий, кальций және т. б. заттардың ткань сұйықтығына және 
қанға өтуінен бұлардың осмостық қысымы жоғарылайды да, каналшадағы осмос қысымы төмендейді. Осы 
осмос қысымдарының айырмашылығына байланысты алғашқы несептен су ткань сүйықтығы мен қанға 
көптеп өтеді. Бұл пассивті процесс органикалық және анорганикалық заттардың активті транспортымен 
қатар жүреді. Судың кері өтуінен бірінші қатардағы ирек каналшалардағы несептің осмос қысымы ткань 
сұйықтығы мен қанның осмос қысымының деңгейіне дейін төмендеп онымен тецеседі. Генле ілгегінде 
несептің изотониялығы бұзылады. Өйткені, мұнда ерекше механизм — бұрылысты — ағысқа кері система 
— қызмет етеді. Бұл система жұмысының мәнісі — ілгектің екі иінінің-төмен қарай ке-тетін (проксимальды) 
және жоғары қарай бағытталатын (дистальды) иіндердің бір-біріне жанаса орналасып тұтас бір механизм 
ретінде өзара байланысты қызмет атқаратындығында. Проксимальды бөлімінің эпителийі суды өткізеді де, 
керісінше натрий иондарын өткізбейді. Ал дистальдық бөлімнің эпителийі натрий иондарын активті түрде 
ткань сұйықтығына реабсорбциялайды да, бірақ суды олай қарай жібермейді (өткізбейді) екен. Генле 
ілгегінің проксимальды бөлімі арқылы жүретін несеп өз қүрамындағы суды жоғалтатындықтан біртіндеп 
қоюлана береді. Бүл жерде судың өтуі пассивті процесс. Өйткені ілгектің қатар орналасқан дистальды бөлімі 
ткань (интерстициялық) сұйықтығына натрий иондарын активті түрде реабсорбциялайды; өткен натрий 
иондары өзіне суды дистальдық бөлімнен емес, проксимальдық бөлімнен тартатын көрінеді. Міне осыдан 
бұл бөлім арқылы жылжу барысында несеп біртіндеп қоюлана келіп, ілгектің иілетін ұшында ең жоғарғы 
концентрациясына жетеді. Несептің осындай жоғарғы концентрациясы дистальдық бөлімде натрий 
иондарының одан ткань сұйықтығына өтуіне себепкер болады. Себебі бұл бөлім эпителийі натрий иондарын 
сыртқа қарай активті өткізеді де, суды өткізбейді. Натрий иондарының көптеп өтуінен ткань сұйықтығының 
осмос қысымы жоғарылайды да, бұрын айтқанымыздай, бұдан проксимальдық бөлімнен судың іштен 
сыртқы ортаға өтуі күшейеді. Сөйтіп, проксимальдық бөлімдегі несеп құрамынан судың сыртқа өтуі 
дистальдық бөлімде натрий иондарының ткань сұйықтығына өтуін қамтамасыз етеді, ал дистальдық 
бөлімнен сыртқа өткен натрий иондары өз тарапынан проксимальдық бөлімде судың реабсорциялануына 
жағдай жасайды. Бұл екі процесс қатар жүреді. Натрий иондарының несеп қүрамынан.кетуіне байланысты 
ілгектің иілісінде гипертониялық болған несеп дистальдық белімнің (жоғары қарай бағытталған иіннің) аяқ 
жағында изотониялық, тіпті гипотониялық қысымы бар (қан плазмасын салыстыр-ғанда) ертіндіге 
айналады. Екінші қатардағы ирек канал-шаларда натрийдің, калийдің, судың, тағы басқа заттардың кері 
сіңуі жалғасады. Бірінші қатардағы ирек каналшалар мен Генле ілгектеріндегі натрий және калий 
йондарының реабсорбциясының шамасы тұрақты болса (міндетті реабсорбция), екінші қатардағы ирек 
каналшаларда бұл процесс шамасы өзгермелі (факультативтік реабсорбция) болады. Бұл натрий мен 
калийдің қандағы концентрациясына байланысты және олардың организмдегі мөлшерінің тұрақтылығын 
сақтауда маңызды реттеуші механизм болып есептеледі. Сонымен бүйрек каналшаларынан жинағыш 
түтіктерге көп мелшерде сұйық несеп түседі де, онда концентрленеді, сондықтан да бүйрек астаушасына 
тәулігіне 1—1,5 л. несеп түседі. Гипотониялық несептің концентрленуі негізінен судың сіңуі есебінен 
Белок 
7,0-8,0 
— 
— 
Калий 
0,02 
0,15 

Натрий 
0,32 
0,35 

Фосфат 
0,009 
0,15 
16 
Сульфат 
0,002 
0,18 
90 
Креатинин 
0,001 
0,075 
75 


жүреді, өйткені жинағыш түтіктер қабырғалары суды жақсы еткізеді, әрі олар ткань сұйықтығының осмос 
қысымы жоғары бөлімі — бүйректің ми қабатының интерстициальдық тканін бойлап өтеді. 
Несеп каналдарында реабсорбциямен қатар кейбір зат-тардың секрециясы да жүреді. Мысалы, гиппур 
қышқылы қанда жоқ, ал нағыз несептің құрамында болады. Сондықтан да, бүйректегі несеп жасалу процесі 
тек жай ғана қысым айырымына байланысты орындалатын фильтрация және реабсорбциядан тұрмайды. 
Несеп жасалу процесі, бүйрек тканінің қызметі организмнің физиологиялық жағдайына байланысты әр 
түрлі дәрежеде өзгеріп отырады.
Н е с е п ж а с а л у д ы ң р е ф л е к т о р л ы қ жолмен р е т т е л у і . Нефрондардың қызметі 
рефлекторлық жолмен реттеледі. Орыс гистологы Ю. Д. С м и р н о в өте жіңішке нерв талшықтары 
мальпигий шумағындағы тамырларға, одан әрі каналдарға барып ңерв торын құрайтындығын және олар 
бүйректің қалың қабатына еніп, тіпті жеке клеткаларды жабдықтайтынын ерте-ақ дәлелдеген болатын. 
Бүйректің симпатикалық нерв талшықтарын тітіркендірсе, шумақтардың қанмен қамтамасыз етілуі 
өзгереді де фильтрация процесі артады. Каналдардағы реабсорбция және секреция процестері де, 
симпатикалық нерв талшықтарының басқаруымен реттелетіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденеді. 
И. П. П а в л о в ұсынып, Л. А. О р б е л и өзгеріс енгізіп толықтырған. Несеп ағардың тесігін сыртқа 
шығара отырып, фистула қою әдісі арқылы жануарларға жасалынған ұзақ тәжірибелер несеп жасалу 
рефлексін сыртқы жоне ішкі рецепторларды тітіркендіру арқылы өзгертуге болатынын анықтады. 
Мәселен, ауыртатын тітіркендіргіштер несептің жасалуын азайтады, тіпті тоқтатып та тастайды. 
Кезеген нервті тітіркендіргенде бүйректегі несеп ж-салу процесі азаяды. Парасимпатикалық нерв 
системасы каналдағы кері сіңу процесін реттейді. Бүйректің несеп жасау процесі, бүйрекке үлкен ми 
сыңарларының қыртысынан импульс келу тоқталса да қалыпты жағдайдағыдай жүре береді мысалы, адам 
ұйықтағанда т. б. Бұдан бүйректің қызметі орталық нерв системасымен басқарылмайды деген ұғым тумау 
керек. 
Үлкен ми сыңарларының алдыңғы бөлімінде несеп жасауға әсер ететін нерв орталығы бар екендігін 
1879 ж. В. М. Б е х т е р е в ашты. Ал сол орталық несеп жасалу процесінің жылдамдығын, тіпті несептің 
құрамын басқаратындығын 1923 ж. В. Й. У ч к о көптеген тәжірибелер арқылы дәлелдеді. Бұл орталық 
бүлінсе, несеп жасалу тоқталмайды, бірақ несеп жасалу процесі артатындай организмде жағдай болса, 
бүйрек қызметі керісінше, төмендейді (мысалы, организмге шамадан тыс су енгізілгенде). 
Үлкен ми сыңарларындағы несеп жасау орталығы орталықтан тебетін нерв жолдары арқылы аралық 
мидағы, симпатикалық нерв системасындағы, 11І-қарыншаның түбіндегі, сүр төмпешік пен төмпешік асты 
ауданда жатқан несеп жасау процесінің теменгі орталықтарымен байланысады. 
Бүл орталықтардың қозуынан қанға несеп жасау процесіне әсер ететін ішкі секреция бездерінің 
гормондары бөлінеді. Мишықты тітіркендірсе, несептің қүрамымен сыртқа қант шығарылады. Сол сияқты 
несеп жасалуды ІУ-қарыншаның түбін тітіркендіру арқылы да, өзгертуге болады. Бүйрек нервтері несеп 
жасалу процесіне қанмен қамтамасыз етуді өзгерту арқылы әсер етеді. 
Н е с е п ж а с а л у д ы ң г у м о р а л ь д ы қ жолмен р е т т е л у і . Иттерге операция жасап, 
бүйректерін мойын терісінің астына тігіп, бүйрек артериясын күре тамырымен, бүйрек венасын ярём 
венасымен жалғастырып, бүйрекке қанның келіп түруын реттестірген соң, несеп жасалу процесі бұрынғы 
қалпына келеді. Тіпті іштен және сырттан келген әсерлерге бұрынғы қалыпты жағдайдай жауап береді. 
Бүйрек нервтерінің барлығын кесіп тастаса да, несептің түзілу процесі жойылмайды, кеспестен бұрын 
жасалынған шартты рефлекстер қалпынша сақталады. Бұдан біз бүйректің қызметі орталық нерв 
системасының эфференттік жолымен қатар, гуморальдық жолмен де реттелетінін көреміз. 
Түзілетін несептің мөлшерін қандағы аденогипофиз гормондары (диурездік гормон) арттырады. 
Нейрогипофиз гормондары (антидиурездік гормон) каналдарда судың реабсорбциясын жоғарылатып, несеп 
жасалу мәлшерін азайтып, ал оның құрамындағы мочевина және тұздардың концентрациясын арттырады. 
Бүйректің несеп жасау қызметіне гипофиз гормондары екі түрлі әсер етеді. Несеп аз жасалғанда диурез 
азаяды да, керісінше, көп жасалғанда диурез көбейеді. 
Бүйректегі несеп түзуді ішкі секреция бездерінің гормондары реттейді. Бүйрек үсті безінің қыртыс 
қабатының гормоны кортин натрий иондарының реабсорбциясын күшейтеді, ал ішкі ми қабатының 
гормоны адреналин мальпигий шумақтарына шығатын қан тамырларының қабырғасын тарылтады. 
Қалқанша, қалқан серік бездерінің гормондары да тканьдегі су және тұз алмасу процестеріне әсер ету 
арқылы диурезді реттеуге қатысады. 
Бүйректің өзіндегі ренин ферментінің әсерінен ангиотонин заты түзіледі. Бұл да адреналин сияқты, 
тамырларды тарылтады. Соның нәтижесінде мальпигий шумағының капиллярларында қанның қысымы 
жоғарылап, капсулада жүретін фильтрация процесін күшейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет