Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар


тақырып Ислам дінінiң пайда болуы және Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.)



бет6/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
2 тақырып


Ислам дінінiң пайда болуы және Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.)

  1. Арабстанның дiни және әлеуметтiк жағдайы

  2. Ислам діні

  3. Хазірет Мұхаммед пайғамбардың өмірі

  4. Ахмет Ясауидің Диуани Хикметтегі хазіреті Мұхаммед жайлы толғауы



1. Арабстанның дiни және әлеуметтiк жағдайы
Жаңа эраның ‡І ғасырында әлем өркениеті құлдыраған және құл иеленуші қоғамның гүлденіп тұрған дәуірі болатын. ‡стемтап өкілдерінің әлсіздерді қанау, оларды құлдыққа түсіріп, адам хұқығының аяққа тапталу кезеңін бүкіл әлем басынан кешіріп жатқан-ды.
Ал Арабстан түбегіне келсек, саяси, географиялық және сауда-саттық жөнiнен маңызы зор едi. Арабтар шөл далада тайпа-тайпаға бөлінетiн, бір-бірімен дау-жанжалды, қанды соғыстарды басынан кешіріп жатқан болатын. Наным-сенiм мәселесiнде анархия белең алып надан арабтар адамның ақылына сыймайтын небiр сенiмерге нанған.
Халықтың бiр бөлiгi ештеңеге сенбейтiн, тек осы өмiрдiң қызығын тамашалап қалуды көксейтiн. Ал келесi бiр бөлiгi Аллаһқа, бiр жаратушының бар екендiгiне сенетiн, бiрақ адамдар арасынан пайғамбар шығатынына иланбайтын. Пайғамбар тек перiштелерден ғана шығуы мүмкiн, - дескен. Ендi бiреулерi пұттарға табынатын. Халықтың ең көп бөлiгiн құрайтындар да осылар болды.
Арабстанның қараңғылық дәуiрiнде саяси тәртiп, қоғамдық бiрлiк мүлдем жоқ едi. Халықтың басым көпшiлiгi көшпендi тұрмыс кешкен. Ру-руға бөлiнiп, әр ру өзiне тән тәртiбiн, дәстүрiн ұстанған.
Аталмыш қоғамда адамгершiлiк атауы жойылған, нәпсiқұмарлық шегiне жеткен және құмар*, зинақорлық*, маскүнемдiк, зұлымдық өтiрiк-өсек кең етек алған болатын.
Әлi жеткен әлсiзге әлiмжеттiк жасап, ұрып соғатын, ойына келгенiн орындататын. Адамдар мал тәрiздi базарда сатылатын.
Шөл далада мекен еткен арабтардың көбiсi қыз бала дүниеге келсе сұмдық санайтын. Әйелi босанған сәтте нәресте қыз болса, ешкiмге тiс жарып айтпастан, көрсетпестен тiрiдей көмiп тастайтын.
Ислам дiнi таралмастан бұрын Арабстанда шешендiк өнерi шырқау шегiне жеттi. Бұл мәселеде дүниежүзiнде оларға тең келер халық та жоқ-тын. Шайыр, өлең дегенде надан араб iшкен асын жерге қоятын. Шайырлар керемет құрметке бөленетiн.
Сол заманда Араб түбегінде Мекке, Тайф, Ясриб сияқты қалалар орналасқан. Мекке қаласы Еуропаны, Азияны және Африканы байланыстыратын керуен жолының қақ ортасында орналасқан үлкен сауда қаласы еді. Онда арабтың Құрайш деген тайпасы өмір сүрді. Құрайштар: Умаййа, Нәуфәл, Зућра, Тайм, Адий, Махзум, Әсәд, Жумх, Сахм, Хашим деген тармақтарға бөлінеді.
Меккеде хазіреті Ибраћим мен хазіреті Исмайл пайғамбардың тұрғызған Қағба орналасқан. Жәћилие (надандық) дәуірінде арабтар осыған қажыға келетін. Бірақ арабтар қағбаны бұттарға толтырып, оларға да табынатын.
Міне, адамзаттың мүшкіл, қараңғы хәлінен құтқару үшін, бір хақ пайғамбардың келуін әлем асыға күткен. Ондай пайғамбардың келетінін яћудилер (иудей) мен христиандарға түскен кітаптарда да баяндалған. Мәселен: «сол уақытта Мәриям ұлы Иса: «әй Исраил ұлдары! Шын мәнінде мен сендерге Аллаћтың елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін «Ахмет» атты пайғамбарменен сүйіншілеймін» деген еді. (Саф-6). Сондай-ақ қазіргі христиандардың Інжілдерінде де: «Дегенмен шындығын айтайын: менің кеткенім сендер үшін жақсы! Себебі мен кетпесем, сендерге қамқоршыларың келмейді; ал мен барған соң, оны жерге жіберемін», (Жохан (Юоан) –16-7) - деп жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет