Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж


Жоқтау, көңіл айту, бата түріндегі өлеңдері



бет40/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

Жоқтау, көңіл айту, бата түріндегі өлеңдері. Құлыншақ ақынның шығармашылығында халықтың ежелден келе жатқан дәстүрлі салт өлеңдері үлгісіндегі туындылары да едәуір орын алады. Бізге ақынның жоқтау, көңіл айту, бата түріндегі біраз өлеңдері жеткен.
Құлыншақ ақынның анасы қайтыс болғанда айтқан жоқтауынан бізге үзінді жеткен. Онда ақын аяулы анасынның бейнесі жасап, егіле жоқтайды.
Ақынның әкесі өлгенде айтқан “Алпыс бір жанның атасы” деп басталатын өлеңін де осы сипаттағы туынды деп тануға болады. Ақын:
Алпыс бір жанның атасы,
Тоқсанға жасы келгенше,
Ажалы жетіп өлгенше
Мойнында еді ботасы,
“Ата екем ” деп жоқтасам,
Болмас-ау сөздің қатасы, - деп жоқтау жырына қосады.
Салт жырлары дәстүрінде шығарған туындылары ішінде көңіл айту түріндегі шығармасы да бар. Дәулет деген кісінің баласы қайтыс болғанда айтқан көңіл айтуы бар. Онда өлмейтін адам болмайтынын, қазаға да көңілді бекіте білу керектігін айтын көңілін білдіреді.
Ақынның халықтың дәстүрлі ауыз әдебиетін жақсы біліп игергендігі оның бата үлгісіндегі өлеңдерінен де байқалады.
Құлыншақтың бұл сипаттағы өлеңдері ақынның халықтық дәстүрлердің ел ішінде орнығып, ұлттық әдет-ғұрыптарымыздың, ерекшеліктеріміздің, әлеуметтік қарым-қатынастарымыздың үйлесімді сақталуына қосқан өзіндік орны болғандығына айғақ болады.

  1. 2. Мәделі Жүсіп Қожаұлы поэзиясы

Басқыншылардың қазақ еңбекшілерінен жылма-жыл өндіретін алым-салықтарының қаншалықты ауыртпалық әкелетінін мынадан көруге болады. Проф. Е.Бекмаханов келтірген деректерге жүгінсек, қазақтың бестамғалы тайпасының ауылдары жыл сайын 8 мыңнан 10 мыңға дейін, сіргелілер 6 мыңнан 8 мыңға дейін, сиқымдар 2 мыңнан 2,5 мыңға дейін, жаныстар да сол мөлшерде қой айдап әкеліп, Қоқан бектерінің алыдан салуға мәжбүр болған. Аталған заттай ауыртпалықтар сонымен бірге балаларды Орта Азия базарларына апарып саудағы салумен, қыз-келіншектердің арын аяққа басумен ұштасып жатты.
Қоқандықтардың бұл жүгенсіздігі қазақтың қалың бұқарасының наразылығы мен қарсылығын тудырды. Ал қоқан ұлықтары оларға қарсы дүркін-дүркін жазалаушы жасақтар жіберіп, халық ты қызыл қанға бояп, қырғынға ұшыратып отырды. Мәселен, 1821 жылы Оңтүстік өлкесінде Қоқан қысымшылыға қарсы Тентек төре (Үрістем сұлтан) бастаған көтеріліс бұрқ ете түсті. Кейін 1851-1853 жылдары және 1858 жылы Жетісуда, Әулиеатада, Түркістанда көтерілістер болды. Бірақ қазақ феодалдарының опасыздығы бұл көтерілістерді де нәтежиесіз аяқтатты.
Он сегізінші ғасырдың аяқ шенінде Қазақстанның күнгейінде Қоқан басшыларының қорлық-зорлығына, аяусыз езгісіне қарсы халық тілегін білдірген, азаттық аңсаған әдебиетіміз қалыптаса бастады. Аталған әдебиеттің ең әуелгі өкілі - Жанкісі жырау. Х.Сүйіншәлиев: «Мәделіқожа творчествосы XVIII ғасырдағы әдебиетіміздің Қоқан езгісіне қарсы күрескер ақыны Жанкісі жырау өнегесін жалғастыру болды». Ол әдебиеттің Жанкісі жыраудың кейінгі өкілдері деп Сүйінбай Аронұлы, Мәделіқожа Жүсіпқожаұлын, Майлықожа Сұлтанқожаұлын, Жамбыл Жабаевты атауға болады.
2. Мәделi ақынның өмiрi, шығармашылығы, зерттелуi.
Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы қазіргі Оңт. Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы мен Отырар ауданындағы «Қожатоғай» ауылы тұрған жерлерде өмір сүрген (1816-1888). Мәделіқожаның туған жері Сыр бойындағы бұрынғы Қосжарсуат деген жер. Оны бүкіл саналы өмірі Қазақстан күнгейін Қоқан хандығы мен Ресей патшалығы билеп- төстеген дәуірде өтті. Сол себепті де ақын шығармаларында сол кезеңдер шындығы шертілді.
Мәделіқожа ескіше сауаты, жастай ақындық өнерді ұстанған, айтыскер, шығыс әдебетімен жақсы таныс болған ақын.
Бізге оның 1500 жолдай өлеңдері жеткен. Олары: жеке өлеңдері, арнау, толғау, айтыстары, мысал өлеңдері.
1858 жылы Ташкент қаласының төңірегіндегі қазақтар Қоқан ханының зорлық-зомбылығына қарсы күреске шыққанда болады. Мәделіқожа өз замандастары Мұсабек, Ырысқұлбек, Тәнен, Байбақ батырлардың қостауымен Қоқан әкімі Мырза би бастаған зекетшілерді қырып салады. Осы оқиғадан кейін күрескер ақын Қоқан ханының қуғынанан бүгінгі Бадам, Ақбұлақ өзендері бойынан босқан елмен бірге Сырдарияның сол жағалауындағы Байырқұм өңіріне ығысады. Онда да ұзақ тұрақтай алмай Бұқар әмірлігін сағалайды.
3. Өлеңдері, арнаулары, айтыстары.
Мәделіқожаның араулары: «Батырбек пен Байзаққа», «Әбділда қожаға», «Ахмет төреге», «Қанайға», «Шәріпке», т.б. Қоқан ұлықтарының әділетсіздігін өзінің өлең-жырларында аяусыз әшкерелеп отырды. Қоқан бектеріне адамға тән ар-ұят қалмай нәпсінің құлы болып, бұл жолда ешнәрседен тайынбайтын арсыз, ашақарақ бейнелері жасалғаны көрінеді:
«Адамға тән ар-ұят,
Бектерінде қалмадщы-ай,
Атадан қалған жол ма еді
Қу нәпсіге құл болып,
Хайуандай тоят алмай-ақ?!
Біз білмейтін болмаса-
Шариғатта бар ма жол
Қыздан зекет алмай- ақ!».
Ақынның «Қарағашты Тәшкеннен өлеңінде Қоқан әкімінің еңбекші бұқараға көрсеткен жәбір-жапасы, зорлық-зомьылығы «Қоқан ханына айтқанына» қарағанда ашық көрсетіліп, тартыла талданған. Оның жантүршігерлік жауыздық ісін:
«Жер астынан жік шықты,
...Ел денесі түршікті,
Желкеге шашын түйгізіп,
Еркекше киім кигізіп,
Жасырып қыз бен әйелін
Көшкелі беттеп жұрт шықты»,
-деп нақты суреттейді. Одан әрі «Ата-анадан айырылып көзінен жасы ыршыған ақ білек ару қыздың «аянышты» бейнелері көз алдымызға көлденең тартылады». «Қоқанның бейбас бектерінің» басын кесіп есе қайтарған халық батырларының ерлігін паш еткен өлең.
Бектердің басын кескенбіз
Шариғаттың шарты ұнап,
-деген жолдармен түйінделеді. Өлеңде халықтың елдік, ерлік салты көтеріңкі рухта мадақтала жырланады. Халықтан асқан құдіретті күш жоқ деген ой өлеңге өзек етіледі.
Аласапыран ауыртпалық салдарынан Бұқар әмірлігі жағына аууға мәжбүр болған ақын қазақ өлең өнеріндегі аса сапалы қоштасу жырларының бірін жырлайды («Аман бол, Қосжарсуат – туған жерім»).
Араға біраз уақыт салып елге оралған ақынға туған жері жылы ұшырап, қам көңіл ақын жанын терең тебірентеді. Бұл жағдай «Тұрмысың аман-есен, Ордабасы» өлеңін жырлатады. «Алдынан қыз-қатынды шұбыртқан соң, Қоқанның қырғын тапты бозбаласы» және «Мырзаби зекет алды жаудай бұлап» деген жолдарына халық қаһарын тұтатқан оқиғалар баяндалады да, «Зекетке зерделі ел тұра алмады», - деп намысқой елдің жау қорлығына шыдай алмағанын, сөйтіп Қоқан сарбаздарын қойдай қырып салғанын:
«Айт десең айтып берейін,
Ақ шындықты айтудан
Тіл мен жағым талмағай,
Айыптың тұр алдында
Мырзабиді өлтірген
Басын кесіп алмады-ай!
Кешсең-кеш, кессең- міне бас –
деп паш етеді.
Қоқан хандары мен бектерінің қысымы күйзелткен қалың бұқары халық, Ресей секілді аса қуатты көрші мемлекет күштерін азат етушіміз деп таныды. Бұл Шымкент, Сайрам, Түркістан, Созақ, Шолаққорған қалаларын Қоқан әскерлерінен тазарту бағытында жүргізілген қимылдардан айқын көрінеді. Қоқан өкіметінің басшысы Молда Әлімқұлов қазақтарды орыс әскерлеріне қарсы күрескер күштеп жұмылдырмақ болды. Бірақ қазақ кедейлері оны қолдамады. Қайта шабуыл жасап келе жатқан орыс әскерлеріне бірнеше қалаларды алуға көмектесті. Орсы әскерлері Созақ қамалына жақындап келгшенде ондағы жергілікті халық Қоқан хандығына қарсы көтеріліс жасап, патша әскерлері жағына шығып, Шымкент, Түркістан қалаларын алуға атсалысты. Нәтежиесінде қазақ еңбекшілері Қоқан, Хиуа хандықтарының еңсе көтертпес езгісінен құтылды. Осыдан былайғы жерде Мәделіқожаның ақындық еңбегінің жаңа бір қыры көрінеді.
Рас, алғашқы кезде ақын қазақ халқының Ресейге қосылуын қостай қоймады. Бірақ ол пікірінен тез қайтады да, патша өкіметінің жергілікті әмірлерінен жоғары лауазымды қызмет те алады. Алайда көп кешікпей бұл мансаптан бас тартады. Себебі болыстық қызметке іскерлік қабілетімен халықтың қалауына қарай сайланбайтынын, оған қалталылардың ғана қолы жететінін түсінеді. «Бір жан жоқ болыстыққа талас емес» өлеңінде, Мысалы:
«Жарымас насыбайға шақшасы жоқ,
Жараспас қызға көпшік боқшасы жоқ,
Ыбыратқа Үрістем дастан болған
Бұл күнде болыс болмас ақшасы жоқ»,
-деп, таусылап сөйлейтін Мәделіқожадағы бір жаңалық - патшалықтың сайлау жүйесін әділетті деп біледі де, не әділетсіздік болса қазақ шонжарлары тарапынан туып жатыр деп пайымдайды.
«Адал жүрген жігітке алла жар-ды,
Арам жүрген жігіттің пейілі тар-ды,
Үкімдердің сайлауы әділетті,
Өз қолыңа береді ықтиярды.
...Үкімдер ықтиярды берді өзіңе,
Бұқара, бір-біріңді сатып жүрсің...»
Ақша берген кісіні болыс сайлап,
Елубасы ел қамын ойламайды...»-дегенде ақынның нені меңзеп отырғаны әрине, өзінен-өзі түсінікті.
Патша өкіметінің отаршылдық саясатының бар мазмұны ақынның жіне бір азаматтық лирикасына – «Ақ патша» өлеңіне арқау болған.
Сібір қазақтары секілді күнгей қазақтарын басқарудың 1867 жылы қабылданған низамының да мән-мәнісін осылайша асқан білгірлікпен жіті талдай білген Мәделіқожа: «Құдай да қудың жағы болған білем, Біреуді әкеп біреуге жем қылып тұр», - деп тығырыққа тіреле тоқтайды. Патша отаршылдығын бұлайша әшерелеудің мұндай мысалын біз, мәселен, Ұлы Қазанға дейінгі күллі қазақ өлең өренінен онша көп кездестіре бермейміз.
Айым қызбен, Майлықожамен айтыстары белгілі.
Қорыта айтқанда, шығармашылық қызметі бастан-аяқ Қоқан хандығының, сонымен бірге патша өкіметінің отаршылдық қысымын әшкерелей білген Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы - өткендегі әдебиетіміздің шын мәніндегі өнегелі өкілі болып табылады.

  1. 3. Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі, ақындық мұрасы, толғау термелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет