Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет42/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

9 - лекция. Тақырыбы: Өнер тұтастығы негізіндегі ақындар


2. Лекция жоспары:
1. Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы.
2. Заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған жырлары
3. Б.Оңдасұлы (1839-1911) өмірі, ақындық мұрасы, толғауларындағы азаматтық, әлеуметтік әуендер.
4. Әбубәкір Кердерінің шығармашылық мұрасы. (1861-1905).
5. Ақмолла Мұхамедиярұлы – қазақ, башқұрт, татар әдебиетіндегі ірі тұлға


3. Лекцияның мақсаты: Мұрат ақынның өмiрi, шығармашылығынан деректер бере отырып, шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін айқындау, шығармашылықтарының зерттелуін, қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын түсіндіру, меңгерту.
4. Лекцияның мазмұны:
1. Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы.
Мұрат Мөңкеұлы - 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын ақындардың бірі. Мұрат - шешен жырау, ақпа ақын. Мұсылманша сауатты, дәуірінің алдыңғы қатарлы азаматы. Халқының басына түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі, елі, жері, халқы үшін қасірет шеккен саналы суреткер. Ел тарихын емірене жырлап, аруағы асқан ержүрек батырларының образдар галлериясын қалдырған шын мәніндегі эпик. Табан асты тамаша сөз тапқыш ақпа - төкпе, нағыз профессионал импровизатор. Заманасы артқан ауыр жүгін елімен бірге арқалаған ғажап қайрат иесі.
Ақын 1843 жылы Қазақстанның батыс өлкесіндегі Қызылқоға жерінде, Қарабау жайлаған беріш елінде дүниеге келген. Әкесі Мөңке өз еліне аты мәлім дәулетті адам болған. Тайсойған, Қарабау жерлерін мекендеген Қаратоқай ұлыстарының белді биі. Жайық бойын қыстай Атырау аса жайлаған рулы елдің белгілі азаматы. Мұраттың әкесі ерте өліп ата дәулетінен өз басы еш нәрсе көрмей, ағаларының қамқорлығында өмір кешіп, ер жеткен. Кейінірек Мұрат елі жұтқа ұшырап, өзі адай ағайындарына барып, солардың қасында жан сақтаған. Ақынның мұндай өмірін өз шығармасынан көреміз.
Ақын жоқшылық зардабын тартпаса керек. Мұраттың бозбалалық шағы өте көңілді өткен сияқты. Ақынның балалық шағы дәулетті ағайында өткен. Он-он бес жасар Мұратқа «Ділмар», «Тақылдақ», «Өнері судай тасқан» деген аттар таңылған. Дау емес, жол оқыдым бала жастан, Өнерім он жасымда судай тасқан, - деп ескертеді. Талантының бұлақ көзін ашып, оның білімді, саналы болып қалыптасып кетуіне алғашқы тәрбиенің жөні бөлек болған Есеттей көнекөз тірі шежіре шешен мен Мотайдай ақын жанды азаматтар шешуші рөль атқарған. Бұ жөніндегі С.Мұқанов пен Қ.Жұмалиевтың ескертпелері маңызды.
Мұраттың еңбектерін ең алғашқы жинағын шығарушы, оған алғы еңбектеріне кіріспе сөз жазып, тарихи жағдайға үн қосқан ерекше дарын иесі, төкпе ақын екендігін танытқанХалел Досмұхамбетұлы болатын.
Мұрат өзі өмір сүрген дәуірінің перзенті.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің Ресей патшалығында бұратана болып, түгел бағынған тәуелді кезеңі. «Мұраттың өлеңдерінде патша үкіметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. Үкіметтің жақсы жерлерді тартып алғаны, ел қамын жегендердің қамалғаны, өлтірілгендері анық айтылады», дейді - Х.Досмұхамбетұлы. Ол Мұрат шығармаларының негізгі идеясы ел тағдыры болғанын дұрыс танытады. Мұрат шығармаларының әрбір жолы кезінде Халел берген бағаға дәл келеді. Ақын шығармаларына көз салсақ, оның шығармашылығы кең арналы, сан салалы, білімді ақын тұрғысын танытарлық келелі. Қайсы бір саладағы шығармаларын алсақ та бәріне ортақ бір сарын бар - ол таза халықтық әуен. Мазмұн жағынан бастан-аяқ ел мұңын халық тірлігін көтерсе, түр, стиль жағынан фольклорлық сарынды сақтайды.
Халық шығармашылығы, ақындар поэзиясы болашақ ақынның талант көзін ашады. Мұрат аты елге әйгілі танымал ақындармен ұшырасып, солармен сайысқа түсіп, ақын атағына ие болады. Мұрат 5-16 жасында айтысқа түскен, оның сол кездердегі айтысқандары бізге жетпеген. Оның Жаскелең, Бала Ораз, Жантөлі, Тыныштық,, Ізім шайырлармен айтысы жеткен. Ең мәндісі - Мұраттың Жантөлі қызбен айтысы. Мұраттың Жантөлі қызбен айтысында Жантөлі Сара ақын сияқты күйеуінің кемтарлығы себепті Мұраттан жеңіледі. Мұнда Жантөлінің Сара сияқты еркіндігі болмағаны бетіне шіркеу болады. Мұрат айтыстары негізінен қайымдасу түріне де келеді. Қайым өлеңдері көбінесе әзілжесу, қалжыңдасу, пікірлесу ретіндегі диалогтар арқылы жазылады. Мұрат ақын айтыс жанрында өте елеулі орын алады. Ол осындай қасиеттерімен де басқаларынан ерекшеленеді, яғни ерекшелігі де осында.
Енді, Мұрат ақынның толғаулары мен дастан жырларына да тоқтала кетелік. Солардың ішінде «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», «Өттің бір қапы дүние-ай», - өзара байланысты әуендес, мазмұндас, сарындас шығармалар. Ақын толғаулары қазақ халқының отаршылдар төндірген ауыртпалықтарымен ұштасады. Елді әбден күйзелткен ауыр жайттарды танытады. Мысалы, «Үш қиян» мен «Қазтуған» отаршылдар қысымынан босқан ел жайын баяндаса, «Сарыарқа» мен «Өттің бір қапы дүние-ай» негізінен қоян жұты кезеңіндегі қайғылы көріністерді суреттейді. Жұтта адам малынан айрылып жұтаса, отаршылдар халықты жерден айырды.
«Үш қиян» мен «Қазтуған» толғау-дастандарындағы негізгі пікір - қазақтың негізгі қонысы үш өзен саласы, түгел Батыс Қазақстан өлкесі, Атырау аңғары, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз ойпаты қолдан шығып, ел жерден, жесір жаудан кесір көріп, барарға да, басарға да өрелі өріс қалмай торықты. Замана түзелуден қалды. Ар-ұят, иман, адамгершілік жоғалып, жабайыланып барамыз деген пікірлерін жырлайды. Мұрат бұл кезде заманынан еш қайыр күтпейді.
«Үш қиян» Мұраттың шешенділігін, суреткерлігін танытарлық таңдаулы толғауларының бірі. Онда ертедегі жыраулар тілі, шеберлігі, образ жүйелері өзінің әсерін тигізген.
Емендей белін бүгілтіп
Жібектей жалын төгілтіп
Еріні төмен салпиған
Құйрығы гүлдей малынған
Күдері бел, күпшек сан
Бедеу атқа мінген жер.
Қазақтың өзіне ғана тән тұрмыс, тіршілік-қамдары, салттары, көші-қон рәсімдері түгел қамтылады. Халқының кең далада, көлде қонған қаздай жайқала көшіп, үй-жайын қамдап қонған тұстары қызықты, сән - салтанатты, бейнелі суретті.
Қырғауылдай қызыл нар,
Қыз - келіншек жиылып,
Қызықпенен артқан жер.
Айыр өркеш сары інген
Кілем жауып үстіне
Қыл арқанмен тартқан жер.
Мұрат билеушілерді іші залым, сырты - сымпыс боп азып жатыр деп қана қоймай, олардың нағыз жұғымсыз бейнелерін көз алдыңа елестете жыр төгеді.
Киім кисе жеңі жоқ
Етегі бар да белі жоқ
Бармақ сияр жері жоқ
Қатпа болған түйедей - деп жырлайды. Осылайша ақын азғындық белгілері деп бұрын қолданып келген үйреншікті нәрселерге сай келмегендерді сынға алып жырлайды.
Мұраттың «Қазтуғаны» - оның «Үш қиян» толғауының логикалық жалғасы. Негізгі қаһарманы - тарихи адам. ХҮ ғасырда өмір сүрген әрі батыр, әрі шешен жырау, Еділ мен Жайық алқабын жайлаған - Сүйінішұлы Қазтуған, Мұрат осы Қазтуған атынан өз ойларын баяндап шығады. Оқиға Қазтуғанның монологы ретінде кезіндегі ел билеріне қарата толғанады.
Қазтуғанның аузымен ақын өзінің «Үш қиян», «Сарыарқаларындағы» идеяны өзгеше нәр беріп әсерлі суреттеп шығады. Еділ мен Жайық өлкесінің қазақ үшін «Кеңшілік қоныс болмайтынын» айтып, көшуді уағыздайды. «Қазтуған» - Мұраттың шешендігіне куә боларлық көркем туынды.
Мұрат ақын шығармаларының ең көркемдісі әрі көлемдісі - «Қарасай - Қази» жыры. Бұл нағыз эпостық поэма. Орақ батыр мен оның балалары Қарасай, Қазилардан жалғасып жатқан батырлық дәстүрлерін ардақтайтын ерлік эпос. Ноғай - қазақтардың Орақтай даңқты батыры екі жүзді, күншіл ағайындарының арамза істерінен қапияда қаза табады. Оның өкінішті өлімі ел-жұртына, үй-ішіне өте ауыр қаза болғандығы баяндалады.
Қарасайдың ерлігін жырау батырлар жырындағы батырлар бейнесі секілді бейнелейді. «Қарасай - Қази» жыры Мұраттың жыраулық өнерге жетік ақын екендігін жақсы танытады. Ол бұрыннан елге кең тараған қазақтың ерлік жырларын орындай жүріп осы жырды үлкен эпосқа айналдырған сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет