Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы



бет57/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66
Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі істің қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейді. Қазақ тілінде амал бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер синтетикалық тәсілмен де, аналитикалық тәсілмен де жасалады.
1. –а,-е,-й және –ып,-іп,-п тұлғалы көсемшеден болады: Кейде үлкен көзі жарқ етіп, кісінің өңменінен өте қарайды (Ахтанов). Еркежан қатты қайрат көрсетіп, кешегі Шұбарға берген жауабынан аумай тұрып алды (Әуезов).
2. Есімше тұлғасына –дай,-дей жұрнағы жалғанып жасалады: Кең бөлме бос қаландай, ой ұясы қаңырап тұр (Мүсірепов). Әр өңешке бір өгізше кіріп бара жатқандай, әркімнің аузына қадалады (Мұстафин).
3.Амал бағыныңқылы сөйлемдерді жасаудың аналитикалық жолы деп көмекші етістігі арқылы жүзеге асады. Тың адам келді деп, айтып отырған әңгімесінің желісін өзгертпейді, қайталамайды (Әуезов). Мәжит кішкене сәби өзіме үйрене берсін деп, бала қызығатын әдемі нәрселерді сатып алып беретін (Бұлқышев).
Компоненттерінде баяндалатын іс-әрекет, жай-күй бір-біріне салыстырыла, теңестіріле көрсетілетін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін салыстырмалы сабақтас құрмалас сөйлем дейді. Сабақтастың бұл түрі А.Байтұрсынұлының «Тіл құралынан» бері қарай сөз болып келеді. А.Байтұрсынұлының еңбегінде салыстырмалық мәні бар сабақтас сөйлем «сын пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас» деп аталған. 1936 жылы жасалған «Қазақ тілінің бағдарламасында» Қ.Жұбанов мұндай сөйлемді «шақтас бағыныңқы» деп атаған. «Салыстырмалы сабақтас» деген атау алғаш рет 1939 жылы С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев жазған оқулықта қолданылған. Бұл автордың пікірінше, аталған сабақтас сөйлем екі түрлі жолмен жасалады:а) бағыныңқы сөйлемі –дай, -дей жұрнақты есімшеге және ә) сияқты шылауына тіркесе айтылған есімшеге аяқталады. Құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы зерттеген Н.Сауранбаев еңбектерінде –дай,-дей жұрнақты есімшенің дәнекерлігі арқылы жасалатын сабақтас сөйлем поэзияда қолданылса, салыстырмалы сабақтасқа, прозада қолданылса пысықтауыш бағыныңқылы сабақтасқа жатқызылған.
Тіл фактілеріне қарағанда, құрмалас сөйлемде компоненттер мағыналары бір-біріне салыстырыла, ұқсастырыла, теңестіріле айтылатын сабақтастың барлығын және оның амал бағыныңқылы сабақтастан өзгеше екендігін байқаймыз. Мысалы: Майдандағы сіздердің халдеріңіз қандай болса, мұндағы біздің халіміз де сондай (Әбішев).
Сабақтас сөйлемдердің бойындағы салыстырмалық мән ондағы жеке сөздердің қолданысына байланысты болады. Салыстырмалы сабақтас сөйлемдерде соңғы тиянақты компонентте баяндалған жай-күй, әрекет алдыңғы бағыныңқы компоненттегі жай-күймен, әрекетпен салыстырылады. Мұндай сөйлемдердегі салыстырмалық мән кейде бір-бірімен өзара тең түсіп жатса, енді бірде тең түспей, әртүрлі ыңғайда жұмсалады.
Салыстырмалы мағына төмендегідей тәсілдер арқылы жасалады.
1. Шартты рай формалы етістікке аяқталған бағыныңқы компонент құрамында әрқашан қандай, қанша, қалай деген сұрау есімдіктерінің бірі келеді де, басыңқы компонентте сонымен тұлғалас, соған жауап ретінде айтылатын сондай, сонша, солай деген сөздердің бірі айтылады. Сөйтіп, екі компоненттегі жай-күй, әрекет бірдейлік, теңдестік барлығы салыстырыла көрсетіледі. Еңбекті қанша істесең, табысты сонша аласың. Бөлекбастың жүрісі қандай паң болса, сөзі сондай паң. Кісі қалай жүрсе, көлеңке солай жүреді.
2. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқы
компоненттің баяндауышы қызметінде –дай, дей жұрнақты өткен шақтық есімше келу арқылы жасалады. Құлпырған масаты дала денем шамданбасын дегендей, айнала толқыған сағымнан ақырын ғана сілкінеді. Сондай өмір өзіне еліктіргендей, Дәулет ауылдағыдан әлдеқайда сауықшыл болып кеткен сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет