Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет19/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70
 
2.  КСРО  өмір  сүрген  70  жылдан  астам  уақытта  кеңестік  тоталитарлы  жүйенің 
өзіндік  үлгісі  қалыптасты.  Коммунистік  партияның  дербес  билігі  және  адам  құқығын 
аяққа  басу,  саяси,  экономикалық  реформалардағы  жартыкештік,  рухани-мәдени  саланың 
бір  идеологияға  бағындырылуы  сиякты  қарама-қайшылыкты  саясаты  жыл  өткен  сайын 
қарқын  алып  отырды.  «Социализм  орнатудың  жарқын  идеялары»  мен  оны  тәжірибе 
жүзінде  іске  асыру  әдістеріндегі  қайшылық  1980  жылдары  КСРО-ның  әр  алуан 
бағыттарда  саяси  жаңаруын  қажет  етті.  Қазақстан  «100  ұлттың  ғаламшары»  деп 
дәріптелгенімен, ұлт мәселесінің ішкі қарама-қайшылықтары қордалана берді. Ұлттардың 
әртүрлі  мәдени  және  діни  айырмашылықтары  біртұтас  кеңес  халқын  қалыптастыруда 
назардан тыс қалды. КСРО-ның құрылған кезінен бастап өз  құрамына «алынған» ұлттар 
мен ұлыс өкілдерін «кеңес халқына» айналдыру үшін коммунистік партия бар күш жігерін 
жұмсады.  Әр  ұлттың  қайталанбас  ерекшеліктері  интернационалдық  бағыт  пен 
көлеңкесінде қалғандықтан да қарама-қайшылыктар туындады. Сөйтіп, кеңес қоғамының 
саяси  жүйесінде  дағдарыс  белгілері  айқын  көріне  бастады.  Әкімшілік-партиялык 
бюрократиянын  рөлі  артып,  билік  пен  халықтың  арасы  алшақтай  түсті.  Биліктің  жоғары 
сатысында  отырғандар  арасында  лауазымды  орындарға  талас  байқалды.  Жеке  адамдар 
КОКП-ға мүшелікті пайдакүнемдік мақсатта пайдалана бастады. Өйткені, партияға мүше 
болу  көптеген  құқықтар  мен  артықшылықтарға  жол  ашатын.  Қоғамдық  үдерістердің 
басым  бағыттары  назардан  тыс  қалып,  партия  жетекшілерінің  кұрамы  әлсіреді.  Жетекші 
құрамның ауысуының табиғи үдерісі бұзылып, тоқырауға ұшырады. Бұл саяси бюро мен 
орталық  партия  комитетінің  хатшылығының  және  мемлекеттік  аппараттың  әлсіздігіне 
әкелді. 
XХ  ғасырдың  80-жылдарынан  кеңес  қоғамында  бұрын  болмаған  жаңаша  ойлау, 
коғамдық-саяси  өмірді  қайта  құру  үдерісі  басталды.  1990  жылдың  қазан  айына  дейін 
республикада  ұйымдық  құрылымы  мен  идеялык  позициялары  қалыптасқан  104 
саясиландырылған  талапкер  топтар  мен  партиялар  құрылды.  Республиканын 
саясиландырылған қоғамдық ұйымдары 1990 жылғы 9 ай ішінде аштық жариялау, пикет 
жасау,  жер  басып  алу  тәрізді  60-тан  астам  акциялар  жасады.  Көптеген  аймақтарда 
ұлтаралық  негізде  қан  төгілген  қақтығыстар  орын  алды.  Жазықсыз  жандар  опат  болды. 
Алматыда,  Бакуде,  Ферғанада,  Ошта,  Молдовада,  Оңтүстік  Осетияда,  Таулы  Қарабахта 
және  өзге  де  жерлерде  жиі-жиі  бас  көтерулер,  қарулы  қақтығыстар  өтті.  КСРО-нын 
кұлауының  «іргелі  себебі»  ұлт  саясатындағы  қордаланып  қалған  мәселелер  болатын. 
КСРО-ның және кеңестік тоталитарлық жүйенің күйреуінің ең басты, әрі шешуші себебі 
де осы болатын. Таптық мүдде үстем болған КСРО-да ұлттық факторды қажетті деңгейде 
бағаламау орын алды. Мемлекет басшылығында ұлттық мәселені шешетін бағдарлама мен 
стратегия  болған  жоқ.  Басты  бағыт  пен  көзқарастардан  ала-құлалық  танылды.  Батыл 
әрекет,  оң  шешім  жасалмады.  Ұлтаралық  кикілжіңдерді  реттеудің  жүйесіздігі  елдегі 
өкіметтін  әлсіздігін  көрсетті.  Салиқалы  ұлт  саясатын  жүргізу  түбегейлі  теориялық 
тұғырнаманы,  қалыптасқан  саяси  ахуалды  теориялық  тұрғыдан  жан-жақты  пайымдауды 
қажет  етті.  Бұл  -  бір  сәтте  бола  қоймаған,  70-80-жылдарға  тұтас  созылған  ғылыми-
технологиялық, стратегиялық жеңілістің салдары. 
 
3. 
ХХ ғ. 80 жылдары Қазақстанда ұлттық  табыс кісі басына шаққанда Одақтық 
деңгейден  12%  кейін  қалды.  Сондай-ақ  республикада  үй  құрылысы,  мектеп,  балалар 
бақшасы  және  басқа  да  мәдени-әлеуметтік  құрылыстар  салуда  да  ілгерілеу  болған  жоқ. 
Мысалы,  80-жылдары  Одақ  бойынша  10  мың  адамға  жыл  сайын  75  пәтер  салынса, 
Қазақстанда  тек  –  69,  Одақта  әрбір  10  мың  адамға  404  дәрігерден  келсе,  мұнда  тек  352 


48 
 
дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 
53% ғана болды. 
1990 жылы КСРО-ның орасан зор кеңістігінде экономикалық дағдарыс бодды. 
1987  жылы  қантар  айында  болып  өткен  КОКП  ОК-нің  Пленумында  «Қайта  құру 
және  партияның  кадр  саясаты  туралы»  мәселе  талқыланды.  Қаулының  кемшіліктері:  1. 
Дағдарыстың  нақты  себептерін  көрсете  алмады.  2.  Жаппай  өзгерістердің  символына 
айналып,  сөз  жүзінде  ғана  салтанат  құрды.  1987  жылғы  маусым  Пленумы  басқару  ісін 
түбірлі  қайта  құру  мәселеріне  арналды.  Пленум  әзірлеген  құжаттар  негізінде 
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының 
рөлі  айқындалды.  Мемлекеттік  кәсіпорындар  дербес  тауар  өндірушілер  ретінде 
қарастырылды.  Шаруашылықты  жүргізудің  экономикалық  әдістерін  меңгеруге  көшуге 
негіз  жасалды.  Ұзақ  мерзімді  жоспарлау  орнына  мемлекеттік  тапсырыстар  жүйесі 
енгізілді.  Алайда,  бұл  шаралар  іске  асырылмады.  Қоғамның  саяси  құрылымдарын 
жаңартпайынша,  шаруашылықты  жүргізудің  жаңа  әдістері  нәтиже  бермейтіндігі  айқын 
болды.  Халық  шаруашылығындағы  жағдай  ауырлай  түсті.  Дүкен  сөрелерінен  күнделікті 
тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым 
айында  болған  КОКП  XIX  Бүкілодақтық  конфернцияда  қоғамның  әлеуметтік 
экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады:  
1.  Саяси  жүйеге  реформа  жүргізбейінше  әлеуметік  –  экономикалық  өзгерістер 
жасау мүмкін еместегін мойындау.  
2. Демократияландыру мен жариялылық. 
3. Төрешілдікке қарсы күрес.  
4. Халықтық реформа жүргізу.  
5.Әлеуметтік  әділеттік  ұстанымдарын  жүзеге  асыру.Осыдан  кейін  қайта  құруды 
жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет