Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет20/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70
 
4.Қонаев  Дінмұхамед  Ахметұлы  (1912–1993) -  аса  көрнекті  мемлекет  және  қоғам 
қайраткері,  үш  мәрте  Социалистік  Еңбек  Ері,  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының 
академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының 
иегері. Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері. 
Д.А.Қонаев  1955–60  және  1962–64  жылдары Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің 
төрағасы, ал 1960– 1962 және 1964–1986 жылдары Қазақстан Коммунистік  партиясының 
Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы болды. Бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің 
депутаты  болып  сайланды.  СОКП-ның  ХІХ  съезінен  бастап  кейінгі  съездерінің  бәріне 
делегат болды. Партия делегациясын басқарып,  әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 
1956  жылдан  бастап  СОКП  Орталық  Комитетінің  мүшесі  болды.  1966  жылы  партияның 
ХХІІІ съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 
1970 жылы ХХІV съезде Саяси Бюроға мүше болып сайланды. Ол 20 жылдан аса уақыт 
бойы  СОКП  ОК  Саяси  Бюросының  мүшесі  болып,  КСРО  секілді  айдарынан  жел  ескен 
алып  державаның  ішкі-сыртқы  саясатының  мәселелерін  шешуге  қатысқан  әлемдік 
масштабтағы мемлекет қайраткер дәрежесіне көтерілді. 
Ол  Қазақстанның  экономикасы  мен  мәдениетін  өркендету  жолына  өзінің  білімін, 
мол  тәжірибесін  және  ұйымдастырушылық  қабілетін  халқының  пайдасына  жұмсады. 
Д.А.Қонаев  өз  заманының  ұлы  саясаткері  бола  білді.  Ол  билік  басында  болған  уақыт 
қаншалықты күрделі, қарама- қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік 
саласын,  ғылымын,  ұлттық  мәдениетін  дамыту  ісіне  айтулы  еңбек  сіңірді.  Түрлі 
деңгейдегі  партия  және  кеңес  қызметін  атқара  жүріп,  Орталықтың  өктем  саясатының 
ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960-шы 
жылдардың  басында  Н.С.Хрущевтің  озбырлығымен  Өзбекстанға  беріліп  кеткен  қазақ 
жерінің  біраз  бөлігін,  атап  айтсақ,  екі  совхоз  бен  500  мың  қойдан  басқа  жерлердің 
барлыған қайтадан қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді. 


49 
 
Республика  партия  ұйымын  басқарған  ширек  ғасырға  жуық  уақыт  ішінде  өзінің 
үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, 
тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде 
де  Қазақстанның  тәуелсіздігінің  алғашқы  қиын  жылдарында  ол  білімдар,  білікті  жан 
ретінде  елде  жүріп  жатқан  реформа  бағыттарын,  қоғамды  демократияландырудың  қажет 
екенін терең сезініп, қолдай білді. 
Қазақстанның  қуатты  аграрлы-индустриалды  мемлекет  ретінде  қалыптасуында 
Д.А.Қонаевтың  сіңірген  еңбегі  ерекше.  Д.А.Қонаевтың  билігі  кезеңінде  Өскемендегі 
қорғасын-мырыш  және  титан-  магний,  Соколов-Сарыбай,  Лисаков,  Балқаш,  Жезқазған 
тау-кен-металлургия  комбинаттары  кұрылды  және  дамыды.  Оның  көмегімен  химия, 
метталлургия  институттары  ашылды.  Қазақстандағы  ВАСХНИЛ,  Ақмоладағы  Бараев 
институты әлеуметтік тапсырыс пакеттерін алды, ядролық физика саласындағы қарқынды 
жұмыстар  басталды,  Орта  Азиялық  әскери  округ,  әскери-инженерлік  база  кұрылды. 
Алматыдағы  құрылыс  пен  қаланың  өркендеуіне  де  ол  аз  нәрсе  жасаған  жоқ.  Оның 
бастамасы  бойынша  бой  көтерген  Республика  сарайы,  Достық  даңғылындағы  тұрғын 
үйлер,  «Медео»  спорт  кешені,  Балуан  Шолақ  атындағы  спорт  және  мәдениет  Сарайы, 
Республика  алаңы,  Қазақстан,  Жетісу,  Алматы,  Алатау  мейманханалары,  цирк, 
аэровокзал,  әуежай  және  көптеген  ірі  ғимараттар  Қазақстан  Республикасының  визиттік 
карточкасы болып қалды. Ел астанасының көркеюіне жұрттың бәрі мүдделі десек те, сол 
кезде оны жүзеге асыру қиын еді. Үлкен құрылысты салу үшін Мәскеудің рұқсаты керек. 
Ал  ондағылар  басқа  жақта,  әсіресе  мәдени-ұлттық  нысандардың  бой  көтергеніне  онша 
құлықты  емес  еді.  Алматыда  біраз  нысандардың  бой  көтеруіне  Д.А.Қонаевтың  беделі, 
тіпті  тапқырлығы  көмектесті.  Айталық,  Лениннің  100  жылдық  мерекесін  атап  өту  үшін 
көп  адам  сыятын  әсем  ғимарат  керек  деген  себепті  алға  тосып,  Республика  сарайын 
салдырды.  Сол  ұлы  көсем  атындағы  даңғылды  көркейтеміз  деп,  оның  бойынан  біраз 
мәдени-тұрмыстық  нысандар  тұрғызды:  25  қабатты  «Қазақстан»  қонақ  үйі,  М.Әуезов 
атындағы  академиялық  драма  театры,  М.Лермонтов  атындағы  орыс  драма  театры,  Қазақ 
циркі,  жастардың  Неке  сарайы,  Ұлттық  кітапхана,  «Арасан»  моншасы,  жабық  Көкбазар 
кешені,  тоғыз  қабатты  Баспасөз  үйі,  Алматы  темір  жол  вокзалдары,  республикалық 
Пионерлер сарайы және т.б. 
 
5.Алғашқыда  Орталық  басшылығын  Қазақстанның  шикізаттық  даму  бағыты  мен 
оның  Д.А.  Қонаев  бастаған  басшылығы  қанағаттандырды.  Бірақта  «қайта  құруға»  сай 
жүзеге  асырыла  бастаған  косметикалық  реформалар  республика  басшылығын 
ауыстыруды  қажет  етті.  Қазақстанның  жоғарғы  билік  органдарына  орталықтан  басшы 
кадрлар  жіберу  жалғаса  түсті.  Оларды  қызметке  жібергенде  жергілікті  жердің  пікірі, 
республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады.Мұндай жағдай 1986 
жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы 
Д.А.Қонаевты  орнынан  алған  кезде  айрықша  көзге  түсті.  Пленум  мәжілісі  небары  18 
минутқа  созылды.  Осы  уақыт  ішінде  Қазақстан  Компартиясының  1-ші  хатшысы 
Д.А.Қонаев  қызметінен  алынып,  оның  орнына  Мәскеу  жіберген  Г.В.  Колбин  сайланды. 
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, 
соның  ішінде  қазақ  жастарының  наразылығын  туғызды.  Пленум  өткеннен  кейін  екінші 
күні  Орталық  партия  комитеті  үйі  алдындағы  алаңға  өздерінің  пленум  шешімімен 
келіспейтіндігін  білдіру  үшін  жұмысшы  және  студент  жастар,  оқушылар,  т.б.  жиналды. 
Олардың  қолдарында  ұстаған  ұрандарының  арасында  «Әр  халықтың  өз  ұлттық  көсемі 
болу  керек»  деген  ұран  бар  еді.  Мұндай  көсемнің  Қазақстанда  тұратын  орыс  халқы 
өкілдерінен  де  мүмкін  екендігі  айтылды.  Алаңда  болып  жатқан  жағдай,  республика 
басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі 
социалистік  құрылысқа  қарсы  астыртын  әрекет,  ұлтшыл  ұйым  бар  деген  пайымдау  мен 
арам  пиғылды  туғызды.  Бірақ  ондай  ұйымның  бар-жоқтығы  кейін  қанша  тексерсе  де 
анықталмады.  Алаңда  жиналған  халық  пен  милиция  және  әскерлер  арасында 


50 
 
қақтығысулар болды. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға 
қарсылық  көрсетті.  Мұздай  суға  тоғыту  үшін  алаңға  әкелінген  бірнеше  өрт  сөндіргіш 
машиналарды  жастар  өртеп  жіберді.  Қақтығысудың  барысында  Е.  Сыпатаев  және  С. 
Савицкий деген азаматтар қаза тапты.  Үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш 
қолдана  бастады.  Алматыға  басқа  жерлерден  арнайы  әскери  бөлімдер  әкелінді.  Бейбіт 
шеруді  басып-жаншу  кезінде  тәртіп  сақтау  органдары  заңдылықты  өрескел  бұзып  темір 
таяқтарды,  сапер  күректерін,  иттерді  пайдаланды.  Жастарды  прокурордың  шешімінсіз 
түрмеде  ұстап,  партия  органдары  құқық  қорғау  органдарына  айыптау  қорытындыларын 
тезірек  шығару  жөнінде  қысым  жасады.  1987  жылғы  шілдеде  КОКП  Орталық  Комитеті 
«Қазақ  республикалық  партия  ұйымдарының  еңбекшілерге  интернационалдық  және 
патриоттық  тәрбие  беру  жұмысы  туралы»  арнайы  қаулы  қабылдады.  Онда  1986  жылғы 
желтоқсандағы  оқиға  Қазақстандағы  ұлтшылдықтың  көрінісі  деп  бағаланды.  Бірақ 
кейіннен  бұл  шешім  қате  деп  табылды.  Өйткені  қазақ  халқы  ешуақытта  ұлтшыл  болып 
көрген емес еді. Мәселені Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған Мұхтар 
Шаханов  бастаған  комиссия  тексерді.  Оның  барысында,  қазіргі  кезеңнің  талабымен 
қарағанда,  алғаш  рет  демократия  және  жариялылық  жағдайындағы  халықтың  еркіндік 
үшін  көтерген  талабы  мен  ескі  партиялық  ойлау  арасындағы  қақтығыстың  болғандығы 
ашып  көрсетілді.  Қазақ  жастарының  1986  жылғы  желтоқсандағы  бас  көтеруінің  түрі 
ұлттық  болғанымен  мазмұны  ұлтшылдық  емес  еді.  Ол  басқа  халықтарға,  соның  ішінде 
орыс  халқына  қарсы  бағытталмаған  болатын.  Бұл  ереуіл  саяси  сипаттағы  бейбіт 
демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқ. Бірақ республиканың 
және  орталықтың  партиялық-бюрократиялық  құрылымы  тарапынан  ол  экстремистік 
(Экстремист  –  шектен  шыққан  көзқарасты  жақтаушы)  пиғылдағы  ұлтшыл  жастар 
тобының  бүлігі  деп  бағаланды.  Өмір  сүріп  тұрған  жүйе  оны  «Қазақ  ұлтшылдығы»  деп 
айыптауға дейін барды. Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды
264  адам  жоғары  оқу  орындарынан,  758  адам  комсомолдан  шығарылды.  1164  комсомол 
мүшесіне,  210  партия  мүшесіне  әртүрлі  жаза  берілді,  52  адам  КОКП  қатарынан 
шығарылды.  Ішкі  істер  министрлігінен  1200  адам,  Денсаулық  сақтау  және  Көлік 
министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры 
қызметінен алынды.
 
6. 
1990  жылы  25  наурызда  өткен  ҚазССР-інің  12-ші  шақырылымындағы 
Жоғарғы  Кеңес  сайлауындағы  депутаттардың  бірінші  сессиясында  1990-шы  жылдың  24 
сәуірінде ұзақ пікірталастан кейін  депутаттардың басым  көпшілгінің қолдауымен «Қазақ 
ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақ  ССР-інің  заңы  қабылданды.  1990 
жылы  24  сәуірде  жоғарғы  Кеңесте  заң  қабылдағаннан  кейін,  Президент  сайлауында 
жасырын  дауыс  беруге  қатысқан  335  депутаттың  317-сі  Н.Ә.Назарбаевты  қолдап,  18-і 
қарсы дауыс  берді. Нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев  Қазақстанның тұңғыш президенті болып 
сайланды.  Н.Ә.Назарбаевты  бұл  жоғарғы  лауазымдық  қызметке  Қазақстан  Компартиясы 
Орталық  Комитетінің  21-ші  пленумы  бір  ауыздан  ұсынған  болатын.  Бірақ  бұл  кезеңде 
Президенттік  институт  туралы  айту  ертерек  болды.  Тек  Президент  қызметі  еңгізіліп, 
Президент  Жоғарғы  Кеңесі  сайланды.  Президент  мәртебесі  мен  өкілеттігін  анықтау 
барысындағы келесі маңызды құжат - 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ ССР-ның 
Мемлекеттік  егемендігі  туралы  Декларация.  Декларацияда  алғаш  мемлекеттік  билік 
бөлінісі  жарияланды.  Заң  шығарушы  билік  -  Жоғарғы  Кеңесте,  Президент-Республика 
басшысы және онда жоғары өкімдік-атқарушы билікті иеленді. 1991 жылғы 16 қазандағы 
Жоғарғы  Кеңестің  кезектен  тыс  VI-шы  сессиясында  Қазақ  КСР  Президентін  сайлау 
туралы  заң  қабылданып,  осы  жылдың  1-  желтоқсанында  президенттік  сайлау 
тағайындалды.  Заңға  сәйкес,  Президентті  сайлау  жолы  өзгертілді.  Сөйтіп,  1991  жылы 
желтоқсанда  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  қазақтыңмыңжылдық  тарихында 
тұңғыш рет өз Президентін бүкіл халық болып сайлады. 
 


51 
 
7.  
Қазақ  КСР-нің  "мемлекеттік  егемендігі  туралы"  декларациясы  -  1990  ж.  25 
қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік 
егемендігі  туралы"  Декларация  республика  егемендігін  заң  жүзінде  бекітудің  бастамасы 
болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына 
кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті 
мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қазақ 
КСР  аумағында  Республика  Конституциясы  мен  заңдарының  үстемдігі  туралы,  Одақтық 
Жоғарғы  органдардың  Қаз  КСР-і  Конституциясы  мен  егеменділік  құқықтарын  бұзатын 
заңдарының  және  басқа  да  актілерінің  өз  аумағында  күшін  жою  құқы,  Қазақ  КСР-нің 
егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, 
өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи 
қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-
техникалық  әлеует туралы,  республиканың  қосқан  үлесіне  сай  жалпы  Одақтық  мүліктен 
өз  үлесіне  құқы,  соның  ішінде алмаз, валюта  қоры және алтын  қорындағы үлесіне, 
халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау 
туралы  бекітілген.  Сонымен  қатар,  Декларация  алғаш  рет билікті  бөлу  принципін паш 
етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика 
басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; 
мемлекеттің  әлеуметтік  негізін  анықтауға  таптық  тұрғыдан  қараудан  бас  тартты; 
республика  аумағында ядролық  қаруды сынауды  жүргізуге,  қырып-жою  қаруларының 
барлық  түрі  үшін  сынақ  полигондарының  құрылысы  мен  қызметіне  тыйым  салды. 
Қазақстан  қоғамының  республикадағы  демократиялық,  құқықтық,  әлеуметтік-
экономикалық  және  мәдени  қайта  жаңарулары  туралы  негізгі  идеяларды  қамтыған 
Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет