Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет33/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
 
5.  Тәуелсіздік  жылдары  Қазақстанда  алғашқы  жылдардағы  кездескен  көптеген 
қиыншылықтар  мен  қайшылықтарға  қарамастан  экономиканы  дамытуда,  әлеуметтік 
мәселелерді  шешуде  біршама  жүмыстар  атқарылды  және  елеулі  табыстарға  қол  жетті. 
Соның  нәтижесінде  біздің  еліміз  ТМД  мемлекеттерінің  арасында  өзінің  әлеуметтік-
экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең 
серпінді  дамып  келе  жатқан  елдерінің  бірі  саналады.  Еліміз  әлемдегі  бәсекеге  барынша 
қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері 
жылжыды.  Біздің  мемлекет  тәуелсіздіктің  он  алты  жылында  экономикалық,  әлеуметтік 
қуатты  реформаларды  жедел  де  тиімді  іске  қосып,  қай  салада  да  ТМД  елдері  ішінде 
көшбасшы атанды.  
Соңғы бірнеше жылға созылған құлдыраудан кейін, 2010 жылдан бастап алғаш рет 
инновациялық  белсенді  кәсіпорындар  үлесінің  өсуі  байқалды,  кәсіпорындардың 
технологиялық  инновацияларға  жұмсаған  шығыстары  2  еседен  астамға  артып,  219 
миллиард  теңгеге  жетті.  Инновациялық  белсенді  кәсіпорындардың  ең  жоғары  үлесі 
Жамбыл облысында – 7,8 пайызға, Қарағанды облысында – 7 пайызға, Шығыс Қазақстан 
облысында  –  6,4  пайызға  өсіп  отыр.  Ал  Ақмола  облысы  (0,7  пайыз)  мен  Алматы 
облыстарының (0,9 пайыз) үлесі республикалық орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен. 
«Индустриялық-инновациялық қызметті мелекеттік қолдау туралы» заң жобасында 
инновациялық  қызметті  жүйелі  қолдаудың  заңнамалық  негізі  қаланды.  Мысалы,  жер 
қойнауын  пайдаланушылардың  табыстарының  1  пайызын  ғылыми-зерттеу  және 
тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстарға  міндетті  аударуы  туралы  заң  жобасында 
қарастырылған тармақ ірі бизнесті инновациялық қызметке тартуға мүмкіндік береді. 


64 
 
2020  жылға  дейінгі  кезеңде  Үкіметтің  ел  экономикасын  дамытуда  басты  бағдарға 
алатын  құжаты,  Стратегиялық  даму  жоспары  болады.  Осы  онжылдық  бас  жоспар  екі 
бесжылдық  кезеңге  бөлініп  жүзеге  асырылмақ.  Алғашқы  кезеңде  2010-2014  жылдарға 
арналған  Индустриалды-инновациялық  жедел  даму  бағдарламасы  қолға  алынды.  Әрине, 
ол жалғыз болмайды Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы 2015 жылға 
қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздеді. Және экономиканың 
басты  салаларының  ешбірінің  кенжелеп  қалмай,  төрт  аяғынан  тең  дамуын  қамтамасыз 
етуге тиіс. 
XXI  ғасырдың  екінші  он  жылдығын  бастан  өткеріп  жатқан,  2050-ге  қарай  бағыт 
алып,  желкені  жазылған  кемедей  болашаққа  асыққан  Қазақстан  қазіргі  заманғы 
экономикаға,  оның  түрлі  қиыншылықтарына  толықтай  бейімделіп,  әлеуметтік  жағынан 
тұрақты дамып, қоғам азаматтарының әл-ауқаты артып, жағдайы күннен күнге жақсарып 
келеді.  Әлеуметтік  жағынан  тұрақты,  орнықты  экономика  қалыптастыру  Қазақстан 
экономикасының негізгі міндеті мен мақсатына айналғалы біраз жылдар болды. Қазақстан 
әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамып жатқан елдердің бірі болып табылады. 
Біз  тұрақты  экономикалық  өсу  жолымен  одан  әрі  алға  жылжи  береміз  және  бізді  ешкім 
тоқтата да алмайды, бұл жолдан қайтара да алмайды. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев  «Қазақстан  жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  биылғы 
халыққа  жолдаған  Жолдауында  үкіметке  2015  жылы  жанбасына  шаққанда  ІЖӨ  14 000 
АҚШ  долларына  жеткізуді  міндеттеді.  Мұның  өзі  тұрақты  экономика  қалыптастыруға 
президентіміздің бұдан да жоғары белсенділікпен кіріскенін көрсетеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет