Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет34/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
 
6. 
Экспо 
2017 - Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық 
көрмелер  бюросы (ХКБ)  ұйымдастырған Халықаралық  көрме.  Көрме  2017  жылдың 10 
маусым мен 10  қыркүйек аралығында  өткен.  Ұйымдастырушылары  таңдаған  тақырып  -
 Future Energy (Болашақ қуат). ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық 
ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді. 
EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық 
форумдармен,  ал  туристік  тартымдылығы  бойынша  ең  танымал  әлемдік  деңгейдегі 
спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға. 
1851  жылы  Лондонда  өткен  бірінші  Бүкіләлемдік  өнеркәсіп  көрмесінен  бастау 
алған  EXPO  халықаралық  көрмесі  әр  жыл  сайын  зор  танымалдыққа  ие  болып,  барлық 
қатысушыларға  әлемнің  экономикалық,  технологиялық  және  мәдени  жетістіктерімен 
танысуға  тамаша  мүмкіндіктер  беріп  келеді.  Көрме  сондай-ақ  инновациялық  идеялар 
алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін 
ерекше  алаң  болып  табылады.  Қазақстан  1997  жылдан  бастап  Халықаралық  көрмелер 
бюросына  мүше  ел  болып  табылады  және  ЕХРО  көрмелеріне  2005  жылдан  бастап 
қатысып  келеді.  Испанияның  Сарагоса  ЕХРО-2008  көрмесінің  қорытындысы 
бойынша  «C» категориялы 104 қатысушы ел  ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы 
және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды. 
2012  жылғы  26  қарашада  Мемлекет  басшысы  «ЭКСПО-2017  Халықаралық 
мамандандырылған  көрмесін  дайындау  мен  оны  өткізу  жөніндегі  мемлекеттік  комиссия 
құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. 
EХРО-2017  көрмесінің  «Болашақтың  энергиясы»  тақырыбы  ең  үздік  әлемдік 
энергия  сақтау  технологиясын,  күн,  жел,  теңіз,  мұхит  және  термалды  су  тәрізді  бүгінде 
бар  баламалы  энергия  көздерін  пайдалануда  жаңа  әзірлемелер  мен  технологияны 
пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Көрме  сондай-ақ  елдің  өндірістік  қуаты  мен  ғылыми 
базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты 
серпін  берді.Мұндай  ауқымды  іс-шараны  өткізу  шағын  және  орта  бизнестің  дамуына 
елеулі  серпін  берді.  Көрме  елорданың  көрмелер  объектілері  құрылысы  мен 
инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет