Лекциялар жинағы алматы ерте және орта ғасырлардағЫ Қазақстан


ІV. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ



бет37/40
Дата10.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#91604
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
ІV. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырып №

Сабақ тақырыбының аттары

Тақырып мазмұны

Барлығы (сағ.)

Семестр
аптасы

1-тақырып

Қазақстан терри-ториясындағы тас және қола дәуірі

Қазақстан территоиясын дағы тас дәуірі ескерткіш тері. Материалдық мәдениеттегі өзгерістер. Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті. Мекендеген территориясы, материалдық мәдениеті, ерекшеліктері. Беғазы-Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктері. Көшпелі мал шаруа шылығына көшу.

2

1

2-тақырып

Қазақстан териториясындағы ерте мемлекеттер және тайпалық одақтар

Сақ, үйсін, қаңлы және ғұндардың тарихы туралы жазба деректер. Сақтардың тайпалар одағы: ішкі құылымы, сыртқы саясаты және мәдениті. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, олардың дүниежүзілік тарихтағы орны.

2

2

3-тақырып

Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер

Түрік және Батыс Түрік қағанаттары, Қазақстан дағы ерте ортағасырлық мемлекеттер. Түргеш, қарлұқ, қимақ, оғыз мемлекеттері. Қарахан мемлекеті. Жер иелену формалары. Қыпшақ хандығы. Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті.

2

3

4-тақырып

Моңғол дәуіріндегі Қазақстан. Жаңа мемлекеттердің құрылуы

Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы. Кезеңдері мен салдарлары. «Отырар апаты». Шыңғысхан ұрпақтарының Қазақстан территориясындағы құрған мемлекеттері. Алтын Орданың құрылуы және ыдырауы. Моңғол шапқыншылығынан кейін құрылған жаңа мемлекеттер: Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілхайыр хандығы.

2

4

5-тақырып

Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақтардың құрамына енген тайпалардың негізгі этногенді компонеттері. Қазақстан территориясындағы этникалық процестер. Қазақтар этногенезінің кезеңдері. Қазақ жүздерінің құрылуы, олардың этникалық территориясы. «Қазақ» этнонимінің шығу тарихы.

2

5

6-тақырып

Қазақ хандығының құрылуы. ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы. Қазақ хандығынығ сыртқы саясаты. Мәуераннахр, Жоңғар, Орыс мемлекеттерімен қарым-қатынастары.

2

6

7-тақырып

Қазақстанның Ресейге қосылуы

Қазақстан Ресей империясына қосылу қарсаңында. Қазақ-жоңғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды» жылдары. Қазақ жерлерінің Ресей құрамына енуінің басталуы. Қазақстанды отарлау процесінің күшеюі. А) Әскери бекіністердің құрылысы. Ә) Өлкені әскери-казактық отарлау. Б) Патша өкіметінің әкімшілік реформалары.

2

7

8-тақырып

ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстанда болған ұлт-азаттық қозғалыстар

С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Бөкей хандығы ның құрылуы, оның әлеуметтік-экономикалық құрылымы. И.Тайманұлы және М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Қазақтардың К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақ көтерілістері. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи маңызы.

2

8

9-тақырып

Ресей империясы құрамындағы Қазақстан.

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Патша үкіметінің 1867-1868, 1886-1891 жж. әкімшілік реформалары. Олардың мақсаттары мен салдарлары. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныс аудару саясаты. Оның негізгі кезеңдері. Қазақ өлкесінің империя құрамындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі.

2

9

10-тақырып

1917-жылғы Ақпан және Қазан революциялары. Қазақстандағы азамат соғысы

Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы қоғамдық өмірдің демократиялануы. Қосөкімет. Жалпықазақ съезі және оның шешімдері. «Алаш» партиясының құрылуы. Оның бағдарламасы. Қазақстандағы («Алаш», «Үш жүз» т.б.) саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметі. Қазан революциясы. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Жалпықазақ съезі. «Алаш орда» автономиясының құрылуы және оның қызметі. Қазақстандағы азамат соғысының ерекшеліктері.

2

10

11-тақырып

ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Қазақстанда ЖЭС ерекшеліктері. 1921-ж. ашаршылық. Басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесінің бекітілуі. Қазақ жерлерінің Қазақ АССР-і құрамына біріктірілуі. Қазақстандағы индустрия-ландыру саясатының ерекшеліктері.

2

11

12-тақырып

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстан – майдан арсеналы. Республика экономикасының әскери тәртіпке көшірілуі. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының майдандарын да. Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтар. Қазақстан территориясына өзге ұлт өкілдерінің жаппай депортациялануы. Республика халқы демографиялық құрамының өзгеруі.

2

12

13-тақырып

ХХ ғ. 50-80-ші жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы

40-60-шы жж. Қазақстан өнеркәсібінің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру. Республиканың халық шаруашылығын басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесі. Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірі: оның оң және теріс жақтары. Өнеркәсіптік даму қарқынының төмендеуі. Экономиканың ауылшаруашылық саласындағы дағдарыстың күшеюі. Республика мен орталық арасындағы қарама-қайшылықтардың көбеюі. Ұлттық саясаттағы өзгерістер. Қазақстан экологиясының нашарлауы.

2

13

14-тақырып

ХХ ғ. 80-ші жж. ІІ жартысы мен 90-шы жылдардағы Қазақстан.

Қоғам өміріндегі экономикалық және саяси дағдарыстардың пісіп-жетілуі. Қоғамдық өмірдің демократиялануы. Алматыдағы 16-18 желтоқсан оқиғасы және оның маңызы. Қазақстандағы көппартиялы жүйенің дамуы. Қоғамдық қозғалыстар. КСРО-ның ыдырауы.

2

14

15-тақырып

Қазақстан – егеменді мемлекет

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы. Парламенттік демократия ның дамуы. Экономика дағы реформалар. Нарыққа көшу. Жаңа қаржылық жүйенің қалыптасуы, ұлттық валютаның енгізілуі. Республиканың сыртқы байланыстарының кеңейтілуі, халықаралық ұйымдарға кіруі. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2

15




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет