Лексика: Кәсіби мәтіннің грамматикалық-стильдік ерекшелігі. Жарыссөз. Грамматика


-тапсырма Топтық жұмыс.Әр топ өз тақырыбын таңдап, мысалдар келтіре отыра мазмұнын талдайды



бет2/9
Дата25.05.2023
өлшемі43,78 Kb.
#97034
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2-тапсырма Топтық жұмыс.Әр топ өз тақырыбын таңдап, мысалдар келтіре отыра мазмұнын талдайды.
Ойталқы-латын сөзі (диспут), мағынасы - «жарыссөз», «ой жүгірту», «айтыс», көпшілік алдында екі адамның не екі топтың бірдеңе туралы ой пікірлерін ортаға салуы,ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында, белгілі бір мәселені талқылау барысында жиналыстарда, баспасөз беттерінде орын алатын сайыс өтетін сөз жарысы. Мұнда да сөз жарысына қатысқандар белгілі бір пікірге тоқталады Жай ғана сайыс емес, көзқарасқа қарсы тұрушылық, идеяға келіспестік, пікірдегі қарсылық білдіре алады.Мәселені талқылай келе, бір пікірге, шешімге келуге тырысады
Пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір құралы да. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік» - деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, көркемсөзді келістіре айту – кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық.Пікірталас қоғамды дамытады, өркениетке қол жеткізеді. Пікірталас бар жерде демократия да өрістейді. Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы-аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады.
Пікір алмасу-латын сөзі (дискуссия), «зерттеу», «талқылау», «таңдау» дегенді білдіреді.Пікіралмасу көпшілік арасында өтеді. Мақсаты - әртүрлі қозғалыстарды салыстыра зерттей отырып, шындық пікірді көрсету, талас мәселенің шешімін іздеп табу. Пікіралмасу-дұрыстыққа қол жеткізудің ең тиімді тәсілі, өйткені, қатысқандар көзі жеткендіктен де бір пікірге өздері келеді.
Сөзталас-орыс сөз (прения),мағынасы бірдеңені,қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау.Сөзталас, ойбөліс сияқты, баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда , жиналыстар мен конференцияларда орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет