Үлгі. Әңгіме оқылып, негізгі және қосымша ақпараттар анықталады, әңгіме құрылымына талдау жасалады


Мәтінді оқыңыз. Он «неге? » сұрағын құрастырыңыз. Мәтін мазмұнында қамтылмаған сұрақтарды қоюға болады



бет3/6
Дата27.10.2022
өлшемі19,73 Kb.
#45792
1   2   3   4   5   6
Мәтінді оқыңыз. Он «неге? » сұрағын құрастырыңыз. Мәтін мазмұнында қамтылмаған сұрақтарды қоюға болады.




    1. Неге әңгіме «Қызғаныш» деп аталады?

    2. Неге Айжан Данамен дос болмады?

    3. Неге Дана Айжанмен достық қарым қатынас орнатпады?

    4. Неге Айжан Данаға әртүрлі қастандық әрекеттер жасады?

    5. Неге інісіАйжанға ұқсамайды?

    6. Неге Айжанның ата анасы Нұрланның әрекетін сынады?

    7. Неге Айжан өз қатесін түсінді?

    8. НегеДана күліп мәз майрам болып жүрді?

    9. Неге адам біреуде қызғаныш сезімін туғызады?

    10. Неге қызғаныш үлкен күнә болып табылады?

Сұрақтарды оқушының құрастыратыны түсінікті. Біз сұрақ түрлерінің айырмашылығын көрсету үшін мүмкін болатын нұсқаларды көрсетіп отырмыз. Арық сұрақтар ақпараттық мақсатты көздесе, толық сұрақтар баланың өзі білгісі келетін, өзінде күмән тудырған оймен байланысты құрастырылуы керек.
Аругумент құруға үйрету


Енді мұғалім әңгіме бойынша дәлелдеуді керек ететін бір тезисті ұсынады. Мысалы,
Тезис:
Дана мен Айжан бір - бірін жақсы таниды.

  1. Дәлел: олар бірін -бірі жөргектен біледі

  2. Дәлел: мектепке бір сыныпқа барды, бір партада отырды

  3. Дәлел: олар көрші тұрады

Келесі тезистерді оқушының өзі құрастыруы қажет.


Мәтінмен жүргізілетін келесі жұмыс түрлері шығарманы талдауға құрылады



  • Мәтінді оқыңыз. Автор сөзінде бір- біріне қайшы келетін тұжырымдарды табыңыз.

Бұндай стратегия барлық мәтінге қатысты қолданыла бермейді. Мысалы,біз ұсынған мәтінде Айжан мен оның ата- анасының, бауырларының қызғаныш туралы түсінігінің екі түрлі болуы оқушыда қайшылық туғызады. Бір отбасында өскен екі бала неге екі түрлі, бірі мейірімді, байқағыш, ал бірі қатаң,аяушылық сезімі аздау адам болып
өсіп келеді. Демек, көп нәрсе адамның өзіне байланысты деген қорытынды жасауға болады.


1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет