253
жер
бермек болып, маңайынан бірқатар жер қосып, 877 десятина жерді
кестіріп алады. Орыстардың қазақтарды алдап соққаны жайында автор
ашына жазады: «
1912 жылы күздікүні производитель работы келіп жерді
белгілеп, бір жетіден соң землемер 877 десятина жерді қазаққа өлшеп
береді. Қаракөлдей төрт есе беремін дегені қайда десе, білмеймін дейді».
Осыдан келіп, қазақ өз жерінде өзі өгей күй кешті демеске шараң жоқ.
Шаруаға қолайлы, шалғынды жерінен айрылған қазақтың теперішін көз
алдыңа келтіреді. Мұның өзі қазақтың көрген құқайының соңы емес екен.
Бұдан кейін жағдай тіпті мүшкілдене түседі.
Автор қазақтың басынан кешірген ауыр жағдайын жеріне жеткізе
көрсетеді: «
Сорлы қазақ көкіректе сайрап тұр, тілді құдай байлап тұр
Достарыңызбен бөлісу: