Сабақтың міндеттері: Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту. Слайд бойынша суреттердің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдыландыру. Тіл мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаз мезгілі, жазғы еңбек жайлы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілін, сөздік қорын дамыту. Сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,адалдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Қолданылатын әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сөздік жұмысы, суретпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: География, биология, орыс тілі
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, кезекшімен сұхбат
2. Үй тапсырмасын тексеру
-Жайлауда не істейсіңдер?
-Онда кімдер тұрады?
-Үстеу туралы мәлімет беріңдер
3. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
-Балалар бір жылда қанша мезгіл бар?
-Қазір қандай мезгіл?
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Оқылым. Мәтінді оқыңдар, түртіп алу әдісін колдану (өздеріңе бейтаныс сөздерді)
Мәтін «Жаз» Жаз өте ыстық жыл мезгілі, жаз айлары-маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жеміс-жидектер піседі. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Көбінесе балалардың ата-аналары да жазда кезекті демалысқа шығады.
Жазда балалар суға шомылады, күнге қыздырынады, күнге күйеді. Балық аулайды. Орман тоғайларға барып жидек, саңырауқұлақ, гүлдерді тереді. Балалар және үлкендер жазды өте жақсы көреді.
Айтылым. Сөздік жұмысы:
Кезекті демалыс-очередной отпуск
Жеміс-жидек-овощи-фрукты
Күнге күйеді-загорают
Саңырауқұлақ-грибы
Кемпірқосақ-радуга
Құлпынай-клубника
Қарақат-смородина
а) Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару
ә) Дұрыс айтуға дағдылану
-мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды, -оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды, -тізбектеп оқиды
б) Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құраңдар
в) Сөйлемдер құрау
г) Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу
Ал енді балалар сендерге үйге берілген тапсырмаларды тыңдап көрейік. (жобалау технологиясы бойынша)