б, а также к и г обозначаются одной и той же буквой. Это все нам
показывает, что в сознании тогдашних тюрков, которые писали на этом алфавите, эти буквы не отличались так друг от друга. …Сейчас чувашский язык, например, не знает различие глухих и звонких. Глухие звуки в открытом слоге превращаются в звонкие, а в закрытом – глухие. ...Наша письменность, можно сказать, имеет значительно древнюю историю. Еще в VІ-VІІ веках тюрки имели письменность». Ғалымның бұл пікірлерінің тек
фонетикалық жағынан ғана емес, фонологиялық, салғастырмалы,
салыстырмалы-тарихи тұрғыдан да құндылығын аңғарамыз.
Тіл заңдылығын терең түсіне білген Қ.Жұбанов: «Білек, тыраш, ыстаған (мес) сияқты қазақ сөздері, осылай, басқы ашық буында келте дауысты ы, і-лермен жазыла тұрып, пленум, трактор,стахановшы сияқты сөздер ы, і-лерсіз жазылатын болса, жеңіл соғар ма еді?», – деп,
дыбыстарының тіркесу заңдылығы тіліміздің табиғатына сай емес орыс
тіліндегі сөздерді көрсетіп, оларды жазудың тиімді жолын іздестіреді.
1933 жылдан бастап латын жазулы емлені өзгертуге байланысты
ұсыныстар басталғанда, алғашқы жоба Қ.Жұбанов авторлығына тиесілі
болды. Ғалым ұсынған әліпбиде 24 әріп, бір дәйекші бар. Әліпбидегі
графема мен фонеманың қатынасы мына тұрғыда: а<а>-<а’>, b<б>-<б’>, с<ш>-<ш’>, k<к>, q-<қ>, l <л>-<л’>, r<р>-<р’>, s-, m <м’>-<м>,
d<д>-<д’>, n<н>-<н’>, t<т>- <т’>, е-, ң<ң>- <ң’>, u-<у>-, g<г>-<ғ>, х<х>-<х’>, у<ұ>-<ү>, һ<һ>-<һ’>, о<ө>-<о>, z<з>-<з’>, і<ыj>-<іj>, ь<і>-<ы>, р<п>-< п’>.
Қ.Жұбанов «f, h, х әріптері кірме сөздерде ғана емес, Оңтүстік Қазақстан қазақтарының тілінде бар дыбыс және келешекте тілдің термин (1934) сөздермен баю мүмкіншілігін ескерсек, бұл әріптерден бас тарта алмаймыз және өзге түркі халықтарының әліпбиімен бірдейлестіру үшін бұл үш әріпті әліпбиге енгізу керек», – дей отырып (Жұбанов Қ. Қазақ
тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1999. –510-б.),pravda, avarie, vьmpel, fabrik, fakt сөздерін b, p әріптерімен таңбалаудың қиындығын көреді.
Ал giremәpon, Meknijke, Qarkop, sabet сөздерініңәртүрлі орфограммаланып
кететінін байқады.
174
1936 жылы «һ әрпі әліпбиде болғанмен, қазақ сөздерінде ұшырап жарымайды, тек одағайларда кездеседі», – деп, әліпби құрамынан ө, ә, j (й) таңбаларын шығарып, һ әрпін <ғ> фонемасына беруді ұсынады. Ал j-ді і дауысты дыбыс әрпімен, v-ны u-мен беруге болады дейді. Сөздің
жіңішкелігіне дәйекшеден басқа і, к, g әріптері де қарақшы (маркер) бола
алатынын көрсетеді. Сонда Қ.Жұбановтың әліпби құрамынан алып тастауға
болады деген таңбалары мыналар болды: ө, ә, j, ғ, v. Және ұу, үу, ый, ій қосар таңбаларының орнына бір таңба алуды, дәйекше қызметін
пайдалануды ұсынады. Сөз болып отырған қазақ латын графикасының
кемшілігі деп, «сызылған» ө, «құйрықты» ç, ŋ, «аударылған» е (ә),
«созылған» g (q), «белі сызылған» z таңбаларын атайды. Сөйтіп, «... вместо прежних 13 букв по значению и 17 букв по числу знаков оставляются 7 букв, 7 знаков», – дейді. «Сыз, сіздегенде ы, і әріптері сөз дыбысталуының ғана жуандығы мен жіңішкелігін көрсету үшін тұрған жоқ, ол бүтін буынның жуан-жіңішкелігін көрсетуге қойылған қарақшы».«Жазуда буын сайын бір