Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет59/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   165
#
Материал тақырыбы
Kazakh TV
KazInform
The Astana 
Times
Барлығы
1
Пандемия салдарын 
азайту
30
139
12
181
2
Вирусты жаңа 
жұқтырғандар саны
30
108
-
138
3
Вирусты жаңа 
жұқтырғандар саны 
(сыртқы)
9
105
-
114
4
Жазылғандар саны
13
84
-
97


149
#
Материал тақырыбы
Kazakh TV
KazInform
The Astana 
Times
Барлығы
5
Үкімет шектеулері
8
71
9
88
6
Позитив әлеуметтік-
экономикалық даму
15
27
12
54
7
Вакцина 
4
42
1
47
8
COVID-19 вирусынан 
қайтыс болғандар
2
44
-
46
9
Пандемия салдарын 
азайту (сыртқы)
1
40
-
41
10 Негатив әлеуметтік-
экономикалық ахуал 
(сыртқы)
7
30
-
37
Дереккөз: контент-анализ нәтижесі бойынша автор есептеген.
5-кесте. Шетелдік БАҚ-тың COVID-19-ға қатысты материалдарында Қазақстан 
туралы ең жиі кездескен тақырыптар жіктемесі (медиаұйым бойынша)
#
Материал тақырыбы
Eurasia Net
Азаттық 
радиосы
Барлығы
1
Негатив әлеуметтік-
экономикалық ахуал
3
7
10
2
COVID-19 пандемиясын тоқтатуға 
қатысты кемшіліктер
5
3
8
3
Үкімет шектеулері
2
6
8
4
Позитив әлеуметтік-
экономикалық даму
1
3
4
5
Жалған жаңалық
-
2
2
6
Жоғары лауазымды мемлекеттік 
қызметкердің вирус жұқтыруы
1
1
2
7
Негатив саяси ахуал
-
2
2
8
COVID-19 есте сақтау саясаты
1
-
1
9
COVID-19 вирусынан қайтыс 
болғандар
-
1
1
10
Ауруды жаңа жұқтырғандар саны -
1
1
Дереккөз: контент-анализ нәтижесі бойынша автор есептеген. 
Үшіншіден, біз қазақстандық БАҚ-тың жалпы материалдарындағы (яғни 
пандемияға қатысы жоқ материал) сияқты стратегия қолданғанын көрдік, 
яғни проблеманы мойындау керек кезде оның күрделілігін азайтып 
көрсетеді. Бірақ негатив мәселе (мысалы, COVID-19 пандемиясының 
жұмыссыздыққа әсері; статистика манипуляциясы; дағдарыстың қаржы 
жүйесіне тигізер салдары) туралы жазылды, алайда материал ауқымды 
болмады. Мысалы, KazInform «Gov’t set to determine statistics on the 


150
pandemic, Kazakh President» (Үкімет пандемия статистикасын анықтауға 
кірісті, Қазақстан президенті) деген ең қысқа жарияланымдарының 
бірінде статистиканың құбылтып көрсетілуі сияқты өзекті мәселені 
үстіртін айтып өтті: «Пандемия кезіндегі жағдайға байланысты 
барлық мәлімет қаншалықты көңілсіз болса да, ашық айтылуы керек. 
Транспаренттік пен өзара сенім көп болған сайын, бұл қиындықты 
соғұрлым тез жеңеміз, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter аккаунтынан 
алынды». Мақалада мәселені жеңілдетіп жазу проблемасы тікелей 
мойындалмаса да, ондайдың бар екені жалпылама меңзелді.
Сыртқы аудиторияға позитив, нақтылай айтқанда, экономиканың 
еңсесін көтеруі және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық 
потенциалы туралы месседж жіберуге өте мықты фокус жасау трендімен 
біріксе, өте айқын нарратив болады, оны осы мақалада «мықты және 
орнықты үкімет» деп атадық. Осы орайда пандемия салдарын азайту 
тақырыбына (соның ішінде үкіметтің қаржы жүйесіне қолдау көрсету, 
жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік жәрдемақы төлеу, қайырымдылық 
шараларын ұйымдастыру әрекеттері) қатысты мақала санының көптігі 
дәлел.
Баян басқару органдарының тиімділігін көрсетуге және жағдайдың 
қадағалауда екені туралы месседж жіберуге қызмет етеді. Ол сыртқы 
аудиторияның (соның ішінде инвесторлар, көршілес елдер үкіметтері 
мен халықаралық ұйымдар) үкіметке сенімін арттыруға тырысады. Бұған 
«WHO calls on countries to follow Kazakhstan’s example» (ДСҰ елдерді 
Қазақстан мысалына еруге шақырады) деп аталатын мақала мысал. 
Менмұндалаған тақырыбына қарамастан, ДСҰ Еуропадағы аймақтық 
кеңсесінің аймақтық төтенше директоры мәлімдемесі мақалада жүрдім-
бардым ғана берілді: «Доктор Нитцан ДСҰ-ның көмекші зертханаларында 
пневмония симптомы жоқ пациенттерді COVID-19 вирусына тексеруге 
келіскені үшін Қазақстанды мақтады, бұл, оның айтуынша, осындай 
жағдайдағы өзге елдерге рекомендация». Осыған ұқсас ұстанымды ДСҰ-
ның Еуропалық аймақтық бюросы директоры Доктор Ханс Клуге немесе 
АҚШ президенті Дональд Трампқа сілтеме жасалған бірнеше өзге кейстен 
де байқауға болады.
27
Төртіншіден, көп түйткілді мәселені өңін айналдырып көрсету 
талпынысы тұрақты түрде орын алды. Барлық медиаұйым материалында 
айқын көрінбесе де, мұндай тәсіл кей медиаұйымның жекелеген тақырып 
туралы хабарлама жазуында байқалды. Мысалы, Қазақстанда COVID-19 
жұқтырғандар саны ең жоғары көрсеткіште тұрған кезде, KazInform 
«COVID-19 сияқты пневмония» туралы материал шығара бастады, бұған 
үкіметтің COVID-19 және пневмонияны бөліп көрсету туралы нұсқауы 
түрткі болды.
Үкімет позициясын қазақстандық азаматтық қоғам ұйымдары қатты 
сынады, олардың пікірінше, үкімет ауру жұқтырғандар санын өрескел 
азайтып көрсетуге тырысуда. Қалай болғанда да, шетелдік БАҚ (яғни 
Азаттық пен EurasiaNet) бұл тақырыпты көтермесе де, KazInform қоғам 
нарызылығына қарамастан, «COVID-19 сияқты пневмония» туралы жаза 
берді. Тамыздың басында ДСҰ өз уеб-сайтында Қазақстандағы «жұмбақ» 
пневмония жұқтырғандар саны мен COVID-19 вирусын жұқтырғандар 
27 Мысалы, мынаны қараңыз: Kluge commends Kazakhstan for testing probable 
COVID-19 patients in WHO referral labs; Trump praises President Tokayev for rapid 
steps taken to combat COVID-19 in Kazakhstan


151
санын қосып, осы түйткілді шешіп жіберді (WHO, 2020). Осылайша 
COVID-19 жұқтырғандарды санаудың осы тәсілі арқылы БАҚ мемлекеттік 
қызметкерлерге ұнамсыз жоғары санды бір айға жуық уақыт азайтып 
көрсетіп келді. Ал бұл үкімет эпидемиологиялық жағдайды толықтай 
қадағалайды деген баянды күшейтеді. 
Бесінші тренд – қазақстандық БАҚ-тың белгілі бір тақырыптарды 
мүлдем елеусіз қалдыруы. Бұл әсіресе саяси тұрғыда кілтипанды 
тақырыптарға қатысты (яғни белсенділердің үкіметті сынауы туралы 
материал, сыбайлас жемқорлық дау-дамайы, COVID-19 дағдарысымен 
нашар жұмыс жүргізу).
Сарапталған кезеңде Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтыру 
қаншалықты жылдам жүргенін ескерсек, шетелдік БАҚ-тың вирус 
таралуына қатысты түрлі қоғамдық проблемалар туралы белсенді түрде 
жазғаны таңданарлық жайт емес. Соның ішінде, мысалы, дәрі-дәрмек 
жетіспеушілігі, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас 
жемқорлық және пандемияның халыққа тигізер негатив әлеуметтік-
экономикалық салдары.
28
Таңдалынып алынған қазақстандық БАҚ-та 
мұндай материалдың жоқтығын байқаған соң, олар оны қасақана көзге 
ілмейді немесе сыртқы әлемге ел ішіндегі ахуалды өзгертіп көрсетуге 
тырысады деуге болады. Жекелеген жарияланым кейстері – бұған тамаша 
мысал. Мысалы, Әлнұр Ілияшевтің (саяси белсенді) қамауға алынуы – 
толықтай елеусіз қалған таза саяси сипаттағы оқиғаның жақсы мысалы 
бола алады.
29
Ә. Ілияшевтің үкіметтің COVID-19-ға қатысты әрекетін 
әлеуметтік медиада сынауынан туған дау-дамай мен содан кейін басталған 
сот отырысы туралы отандық медиада үстіртін болса да айтылмады.
Тағы бір мысал – пандемия өршіп тұрғанда, 6-шілдеде Нұр-Сұлтан 
қаласындағы отшашудан туындаған дау-дамай. KazInform, The Astana 
Times пен KazakhTV бұл мәселені елеусіз қалдыра салса, оны шетелдік 
медиаұйымдар іліп әкетті. Астана күнін (және бейресми түрде бұрынғы 
президент Назарбаевтың 80 жасын) атап өтуі керек болған отшашуды 
EurasiaNet «Kazakhstan: Nur-Sultan revelry sparks ire as coronavirus crisis 
escalates» (Қазақстан: коронавирус дағдарысы өршігенде Нұрсұлтанның 
тойы ашу-ыза тудырды) деген мақаласында «оба кезіндегі той» деп атады.
Жалпы материалдардағы сияқты қоғамдық мәселені жанама түрде 
болсын айтып кеткен кез келген мақаланы өзге позитив және нейтрал (яғни 
пандемия салдарын азайту немесе позитив әлеуметтік-экономикалық 
дамуға қатысты) хабарламалар легі басып кетеді. 4-кестеден көрініп 
тұрғандай, ең жиі аталған проблемалы тақырып COVID-19 вирусын 
жаңа жұқтырғандардың күнделікті саны еді. Алайда мұндай материалда 
сараптамалық контент жоқ, өте қысқа хабарама түрінде шығатын. 
Жалпы материал аясында мұндай тақырыптар бейтарап және позитив 
месседждер мұхитындағы тамшыдай ғана болып қалатынын естен 
шығармау керек.
Осыншалықты өрескел емес тағы бір жайт – қарастырылған барлық 
қазақстандық БАҚ-та нұсқаумен берілген материалдар бар. Яғни әлгі 
28 Өзге мақалалармен қатар мынаны да қараңыз: Kazakhstan: Medical app mired 
in corruption scandal; ‘No Beds, No Medicine, No Doctors’: Coronavirus Leads To 
Shortages, Price Gouging In Central Asia; Kazakhstan: Grieving families count 
human cost of coronavirus.
29 Қараңыз: Kazakh Activist Convicted Of Criticizing Government’s Coronavirus 
Response


152
медиаұйымдар үкіметтің жаңа шектеулерін (мысалы, бизнес жұмысы, 
ішкі және сыртқы саяхат, маска тағу, қоғамдық орындарда жиналуға 
қатысты ережелер т.б.) тұрақты түрде хабарлап отырды. Осындай 
тақырыпты қазақстандық медиа сарапталған 60 күндік кезеңнің 46 
күнінде, яғни әрбір жұмыс күні жариялады. Мәліметтің бұлай жаңарып 
отыруы Қазақстанда тұрып жатқан экспат-қоғамдастыққа және елдегі 
компаниялармен серіктес болған немесе ел ішінде жұмыс істеп жатқан 
шетелдік компаниялар мен жеке тұлғаларға керек. Осы хабарламалардың 
кейбірі COVID-19 вирусын емдеуге қатысты жалған жаңалықтарды 
талдап, тиімсіз тәсілдерді әшкерелеп көрсетті (мысалы, KazakhTV эфиріне 
шыққан «Коронавирустың таңғажайып емі: маман ел арасында тарап 
кеткен аңыздарды әшкерелейді» атты репортаж). Осымен қатар ақпарат 
беретін мақалалар арасына кіріп кеткен контенті күмәнді мақалалар да 
болды. Мысалы, «Қазақстан инфекциямен күресу үшін дәстүрлі сусынға 
бет бұрды» атты репортажда қымыздың иммун жүйесін күшейтетіні 
айтылып, дәстүрлі сусын мақталып, жарнамаланды. Алайда мұнысы 
2020 жылдың шілдесінде тиімді емі табылмаған вируспен күрес аясында 
біртүрлі ерсі көрінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет