Вирус - клетка құрылымы жоқ, нуклейн қышқылының бір түрі мен капсидтен тұратын, белок синтездеу жүйесі болмайтын, эукариотқа да, прокариотқа да жатпайтын, өмір сүрудің ерекше формасы.
Бүгінгі күні жер шарында вирустың 65 тұқымдастыққа жататын 3000 аса түрі анықталған.
Вирустар - биологиялық нысан
Вирустар биология нысандары болып саналады,олар репликацияланады, эволюциялық өзгеріске ұшырайды, белгілі иесінің ағзасы, тіршілік ортасына бейімделеді.
Вирустар тобына вириодтар кіреді. Олар тек нуклеотидтерден тұрады,капсидтік қабаты болмайды .
Вирустарға приондарды да жатқызуға болады. Олар нуклейн қышқылдары жоқ, тек ақуыздардан тұратын жұқпалы бөлшектер.
Вирустардың ашылуы
Вирусологияның негізінен салушы орыс ғалымы Д.И.Ивановский 1892ж. темекі мозай-касының вирусына жүргізген тәжірибесінен басталады.
Вирустардың жіктелуі
Вирустарды классификациялаудың негізгі критерийлері :
- нуклейн қышқылының типі (РНҚ немесе ДНҚ), оның құрылымы (тізбекше немесе жіпше саны);
вирионның морфологиясы және мөлшері, симметрия типі, капсомерлер саны;
қабылдағыш иелер шеңбері;
географиялық таралуы т.б.,
Вирустардың жіктелуі
І. Өмір сүру формасына байланысты: клетка
ішілік- вирус, клеткадан тыс –вирион.
ІІ. Вирустар: Viza - патшалығы, патшалық асты:
тұқымдастық , түр болып жіктеледі.
ІІІ. Нуклеин қышқылының түріне қарай:
рибовирустар немесе дезоксивирустар
ІV. Морфологиясына байланысты: жіпше, сфера
тәрізді т.б.
V. Құрамына қарай: жай және күрделі:
VІ. Қожайына байланысты: адам, жануар, өсімдік вирусы т.б.
Вирустардың морфологиялық формалары
а – өсімдіктер вирусы, б– жануарлар вирусы,в – бактериофагтар :
Вирустардың репродукциясы (лат.reproduce -өзіне ұқсасты өндіру) келесі сатылардан тұрады:
1.Жасушаға жабысу;
2.Жасушаға ену;
3. Шешіну(дезинтеграция);
4. Белок синтезделу;
5.Вирустық бөлшектердің (вирионның)
құрастырылуы;
6. Вирустың жасушадан шығуы.
Вирустарды өсіру әдістері
Вирустарды өсіру әдістері:
1.Клетка дақылында (біріншілік клетка, алмастырылған және жартылай алмастырылған клеткалар - Hela, Hep-2);
2.Тауық ұрығында (10-12 күндік ұрық);
3.Сезімтал жануарлардың ағзасында (теңіз шошқасы, қоян, ақ тышқан т.б).
Бактериофагтар
Бактериофагтар («бактерия» және гректің phagos- жалмаушы) – бактерияға қарсы арнамалы енетін, оларды толық жойғанша,еріткенше ішінде паразиттенетін бактериялардың вирустары.
Француз ғалымы Ф.Д.Эрелль (1917ж) дизентериямен ауырған науқастардың нәжісінен сүзгіден өте алатын агентті бөліп алып, осы құбылысқа баға бере отырып, «бактериофаг» атауын ұсынған .
Бактериофагтың құрылысы
Т-фагтың құрылысы:
1 – куб тәрізді капсидті басы,
2 – екі жіпшелі ДНҚ,
3 - өзегі,
4 – спирал тәрізді қысқармалы капсид (чехол),
5- базалды пластинка,
6 - жіпшелер