Лматы технологи



бет11/60
Дата10.04.2023
өлшемі305,47 Kb.
#81155
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60
Бақылау сұрақтары:
1. Мейрамхана мен қонақ үйдегі корпоративтік мәдениет дегеніміз не?
2. Мейманхана және мейрамхана кешенінің корпоративтік мәдениетінің функциясы қандай?


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:

  1. Замедлина Е.А. Организационная культура: учебное пособие – М.: РИОР, 2012-128 с.

  2. Колесников А. В., Корпоративная культура современных организаций. Курс лекций.- М: Альфа-Пресс. 2013 г.- 138 с.

  3. Лапина Т.А. Корпоративная культура: учебно-методическое пособие – Омск, 2012 г.-140 с.

  4. Джампеисова К.К.Индустрия развлечений.-Алматы:Экономика, 2013 -309 с

  5. Корпоративное управление: учебное пособие /под ред. Шихвердиева А.П. Издательство Академии Государственной службы и управ- А.Э., 2013 г.-213 с.

Қосымша әдебиеттер:



  1. Макеев В.А., Корпоративная культура как фактор эффективной деятельности организации Издательство: Либроком 2012 г. -231 с.

  2. Мясоедов С. П., И. В. Колесникова, Л. Г. Борисова Российская деловая культура. Воздействие на модель управления. – Дело: АНХ ,2012 г.- 140 с.

  3. Персикова Т. Н., Корпоративная культура. – М.: Логос, 2013 г.-180 с.

  4. Пивоваров С.Э., Максимцев И.А. Сравнительный __менеджмент.- СПб.:Питер, 2014 г.- 124 с.

  5. Романович, Жорж Александрович. Сервисная деятельность.-М.: Дашков и К,2012 г. -266 с. 



4 дәріс Мейрамхана мен мейманханадағы корпоративтік мәдениеттің типтері
Мақсаты: Корпоративтік мәдениеттің типтері туралы білім беру
Кілттік сөздер:мәдениет, өркениет, менеджмент, корпоратив, кадр, мотивация, корпоративтік мәдениет
Негізгі сұрақтар

  1. МжМК корпоративтік мәдениеттің типтері

  2. Корпоративтік мәдениеттің типологиясы

Мейрамхана және мейманхана кешеніндегі корпоративтік мәдениеттің типтері:

  1. Авторкратиялық

  2. Демократиялық

  3. Бюрократиялық

  4. Инновациялық

  5. Технократикалық

  6. Гуманистік

1. Мейманхана және мейрамхана кешеніндегі корпоративтік мәдениеттің автократиялық типі қатаңдықпен сипатталады. Жұмысқа қатысты барлық шешімдер тек сызықтық және функционалды басшлылардың келісімдерімен қабылданады. Шешім талқыланбайды. Қызметкерлерден сөзсіз басшыға бағынуды талап етеді. Формалды емес қарым-қатынастар сирек кездеседі. Қатаң тәртіп пен жауапкершілік талап етіледі.
Демокартиялық типте мейрамхана және қонақ үй кешенінің басшылары мәселелерді ұжыммен талқылап шешеді. Шешім мамандардың қызметкерлердің пікіллерімен санасып барып қабылданады. Шығармашылық пен инициатив дамиды. Ұжымдық жұмыс дами түседі.
Бюрокртаиялық типте мейманхана және мейрамхана кешенінде қатаң ирархиялық структура болады. Жетекшілер өздерін ұйымдастырушы және кординаторлар ретінде мақтан тұтады. Формалды ереже мен ресми саясат қалыптасады.
Инновациялық типте мейманхана және мейрамхана кешені жоғары жетістікке жетеді. Қызметкерлердің өздерінің мақсаттары болады, өзара бәсекелестікке түседі, жеңіске ұмытылады. Бедел мен жетістік ортақ мақсатқа айналады. Бұл жерде еркіндкі және жеке инциатива қалыптасады.
Технократиялық мейрамхана және қонақ үй кешенінде қалыптасқан және құрылымды (структуралық) жұмыс орны болады. Әрбір қызметкердің жұмыс кестесі болады. Басты қағида жұмысты белгіленген мерзімінде сапалы қылып бітіру.қарым-қатынас формалды болады, жеке жетістіктер байқалады. Әрбір қызметкер өздерін мейрамхана және мейманхана кешенінің жұмыс механизмінің бір бөлігі ретінде есептейді.
Гуманистік типтегі мейрамхана және мейманхана кешені үлкен бір отбасы сияқты болады. Жұмыс орны өте достық қарым-қатынаста болады. Басты назар ұжымдағы моральды климатқа аударылады. Негізгі мақсат- адамдарға қамқор болу, көңілдерінен шығу (қызметкерлер, туристер, қонақтар).

Либеральдық стиль — мұндай жұмыс стилінде басшы ерек­ше белсенділік танытпайды, iс-әрекетінде кездей соқтық басым жуйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принципсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғары қызметтегілерге қарайлайды.


Мұндай стилдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды, карамағындағылардың білімінің төмендегеніне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.
Мәселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге сын-ескертпелерге бара бермейді. Мұндай басшы кез-келген келіспеушілікті жарамсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Ұжымда мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорын тиімді жұмыс iстeй алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық,берекесіздік, тәртіптің бетімен кетуі орын алады.
Либералдық стиль-басшының бағыныштылардың ic-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым кызметінің ең күрделi мәселелерін шешуге де қатыспайды.
Авторитарлық стильдің бірі макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол «Принц» кітабында, билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені «мақсат талдау жасайды» деген идея ұсынды.
Авторитарлық стильде шешімді бip адам кабылдайды, ол жарлық, бұйрық, түрінде келеді («менің айтқаным бойын­ша icтe»). Бұйрық талқыланбайды, күштенуге хақын жоқ.
Автократ бағыныштыларының ic-әрекетін өз жауапкершілігіне алады. Тек қажетті мәліметтер жөнінде ғана пікip алысып, өз жоспары туралы әңгіме қозғамайды. Мәліметті тым көп жинайтындықтан жұмыс басты болады. Автократ басшылар сырттай бұйырып, үнемі жұмысты ойлайтын адам сияқты көрінеді, олардың жүзінде «жұмыс басталып, icкe үлкен жауапкершілік» сезінеді. Д. Браунның сипаттауынша «автократ, ескірген жылу жүйеде секілді қоршаған орта климатына, дәл мағынасында эмоционалдык, климатқа көңіл бөлмейді.
Мәжілістің көбінесе бағыныштыларына нұскау беру түрінде еткізеді. Өзінің карамағындағыларды жиі-жиі қатты сынайды. Ол ұжымдары кез келген бейресми топтарды қатаң айыптайды. ''Мұндай стиль, творчестволық. белсенділік туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өмірінен келеді. Оның өзi басшының жеке басының сапасына, немесе ол басқарып отырған ұжымның құрылымына байланысты. Егер басшы өз icін жетік білмесе, әрі кәсіби билік дәрежесі өзi басқарып отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға мәжбүр болады. Алайда, автократтардың барлығы бірдей біліксіз, білімді емес. Кейде ұжымға кәсіби білімі өте төмен адамдар жинақталады. Мұндай жағдайда тәжірибелі басшылардың өзi де авторитарлық стиль элементтерін қолдануына тура келеді.
Корпоративтік мәдениеттің типтері. Корпоративтік мәдениеттің бірнеше типологиясы бар. М. Бруке (франция), С. Ханди, К. Камерон, Р. Куина, Яна Хармса және т.б. олардың барлығы корпоративтік мәдениеттің батыс моделіне сүйенеді. Джеффри Зоненфельдің ұсынған корпоративтік мәдениеттің типологиясы:

  1. Бейсбальды. Команда сыртқы ортамен үздіксіз және шұғыл түрде тәуекелге баратын уақытта қалыптасады.

  2. Клубная (клубтық) қызметкерлердің командалық жұмысқа белсеңділігімен сипатталады.

  3. Академиялық мәдениет компанияның, қонақ үйдің, мейрамхананың ішіндегі қызметкерлердің карьералық өсуі

  4. Қорғаныс мәдениеті

Корпоративтік мәдениеттің белгілері:

  1. Кәсібиілік (профессионализм)

  2. Фирмаға, қонақ үйге берілгендік, адалдық

  3. Білікті мамандарды материалды және моралды өсуге ұмытылдыру

  4. Әріптестерме достық қарым-қатынас

  5. Кәсіби өсу мүмкіндігі

  6. Материалды жеңілдіктер мен марапаттар.

Корпоративтік мәдениеттің қалыптасуының тағы бір мәселесі мейрамхана және мейманхана кешенінде жұмыс істейтін адамдардың ұлтына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты. Қазіргі заман талабына сай, кәсіпорындардағы қызметкерлер тәжірибе алмасу мақсатында шет елге кетеді немесе шет елдең қызметкерлер келеді. Бұндай кәсіпорындарда инномәдениет пен гибридті мәдениет қалыптасады. Шет ел қызметкерлері үшін бірінші орында жұмыс тұрады. Дамыған елдердің азаматтары үшін «статус», «билік» аса маңызды емес. Еңбек ақы үшін алатын айлық оларда соңғы орында тұрады, қалыпты өмір сүру үшін қажет табиғи қажеттіліе деп санайды. Дамушы елдердің қызметкерлерінің басым көпшілігінде маңызды орынды айлық алады. Карьера мән кәсібиіліктің маңыздылығы төмендеу болып келеді. Корпоративтік мәдениет өзінің базалық бағдары мен құңдылықтарының тұрақтылығына қарамастан кәсіпорынды дамту үшін өзгереді.
2. Әлеуметтік институт ретінде мәдениеттің төмендегідей әлеуметтік функциялары бар:
1. Танымдық қызмет – білімді, ақпаратты, мінез‑құлық үлгілерін, қызмет және ойлау әдістерін байыту. Мәдениеттің бұл әлеуметтік қызметінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе - мәдениет пен білімнің арақатынасы, бірлігі. Білусіз, білімсіз мәдениет қалыптаспайды. Білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғы шарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық та болып жатады. Бұл арада білімнің тәрбиеге негізделуі қажет дегеннен басқа ғылымның бет алды дамып, техниканың әлеуметтік қажеттілікке қайшы өсуінің шектелмеуі мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейдегі өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым‑техника арқылы қоршаған ортамыздың шындығын ашуға талпынсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтылсақ, ал моральдық таным арқылы жақсылықты жамандықтан айыра алсақ, барынша ізгілікті қасиеттерді игереміз.
2. Мәдениет адамды қалыптастырады, яғни тұлғаны әлеуметтендіреді. Бұл арада мәдениет пен адамның өзара қатынасына назар аудару керек. Өйткені мәдени кеңістіктегі қарым‑қатынас үдерісінде адам мәдениеттің иесі, оның жасаушысы бола отырып, осы мәдени үдеріс үстінде адамның өзі де қалыптасады. Осы арада ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың «Күтім, бап, үй жануарларының тұқымын қалай жаксартатын болса, мәдениет те адам организмін солай жаксартады» деген пікірін айта кетсек артық болмас.
Адам болып қалыптасудың негізгі шарттарының бірі ‑ ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы таңдаулыны алу, соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді.
3. Мәдениеттің жалғастық, мұрагерлік қызметі. Шын мәнісінде, қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, тіл мен діл, дін және өнер, білім мен ғылым және т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде адамның мәдени өресі артады, әлеуметтік тәжірибесі баи түседі.
4. Мәдениеттегі реттеушілік оның құндылықтары мен нормалары негізінде адамдардың қызметі мен мінез‑құлқының белгілі тәсілдерін ұсыну және олардың сақталуын қадағалау негізінде жүзеге асады. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ болады. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адами сан алуан белгілерді бойына жан-жақты толығырақ, тереңірек дарытқандығын айтамыз. Ол ‑ білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам.
5.Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл - мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы ‑ әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Мәдениет құндылықтарды адам жас нәресте кезінен анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.
6. Мәдениеттің әлеуметтену функциясы – жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу, оларды адамның өмір бойына жалғасатын әлеуметтік мәдени үдерісіне қосу.
Қорыта келгенде, «мәдениет» ұғымы күнделікті тұрмысымызда жиі кездеседі. Алайда, оның терең мағынасына біз көп мән бере бермейміз. Барлығымыз да саналы, кейде санасыз түрде мәдениетке ұмтылып келеміз. Орыс халқының «Ғасыр өмір сүр, ғасыр бойы үйрен» деген сөзі осындайдан шыққан шығар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет