Лобзин с. А. Электр машиналар



бет20/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   283

25


жасалады). Оң қол ережесі бойынша, зәкір ораманың белсенді жақтарына бағытталған, ЭҚК бағыты анықталды. Егер генератор қуат қабылдағышқа қосылған болса, осы бағыттар токтар бағытына сәйкес келеді. Белсенді жақтары ойықтарда жұпталып орналасты- рылған. Алдыңғы қосылыстар көрсеткіштері бар сызықтармен, ал артқылары штрих сызықтармен көрсетілген. Көрсеткіштері бар сы- зықтар алдыңғы қосылыстарда, белсенді жақтар бағыттарына сәй- кес, токтар бағытын көрсетеді. Щеткалардың көрсетілген өрістері де (олар ынғайлы көрсетілу үшін, коллектор тілімшелерінің астын- да суреттелген) токтар бағыттарына сәйкес болады. Шын мәнінде, жоғарғы щетканың теріс өрісі бар, өйткені 1.8-суретте көрсетілме- ген сыртқы тізбектен ток осы щетка бағыты бойынша ағады.
Коллекторлы тілімшеден 1, ток бағытымен қозғалып, теріс өрі- сте щеткамен жанасып жатқан ораманың жеке бөлігінің құрылысын бақылайық. Бөліктің алдыңғы маңдайлы бөлігі коллекторлық тілім- шені 1 ойықтың П1 жоғарғы бетінде жинақталған белсенді жағымен қосады. Осы бөліктің артқы маңдайлы бөлігі, П4 ойығының төменгі қабатында орнатылған екінші белсенді жағына, осы белсенді жағы- ның артқы шет жағынан келеді. Екінші белсенді жағының алдыңғы шет жағы коллекторлы тілімшенің 2 алдыңғы бөлігімен қосылады. Сонымен, бөлік іргелес коллекторлы тілімшелерде басталып, аяқта- лады, ал оның белсенді жақтары диаметрлі қарсы ойықтарда, яғни кері өрістердің полюстер астында орнатылған. (Жалпы, егер маши- наның р жұп полюстері болса, бір бөліктің белсенді жақтары орна- тылған ойықтар арасындағы орталық бұрыш 180/р тең болады).
Ілмекті ораманың ашып көрсетілген сұлба үзіндісінде (1.8, б - сур.) қарастырылған бөлігі қалың сызықпен көрсетіледі. Ойықтар- дың жоғарғы қабатында орнатылған белсенді жақтары, ашық сұл- бада тұтас сызықтармен, ал төменгі қабатта орнатылған белсенді жақтары штрих сызықтармен көрсетілген.
Осы суретте белгіленген:

  • зәкірдің орамасы у1 бойынша, бірінші жартылай қадамы - қарапайым ойықтардың санымен өлшенетін сол бөліктің белсенді жақтары арасындағы қашықтық;

  • екінші жартылай қадам y2 - осы бөліктің соңғы белсенді жағы мен келесі бөлігінің бастапқы белсенді жағы ара- сындағы қашықтық;

  • нәтижелі қадам y – бір-бірінен кейін орнатылған баста- пқы тараптар арасындағы қашықтық;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет