МҚК — векторлық шама. Fвнегізгі полюстерінің MҚК векторы полюстердің осьтері бойынша солтүстік полюстен оңтүстік полюсқа (магниттік индукцияның орташа вектор бағыты сияқты) бағытталған.
Fвсимволының индексінде «в» әрпі машинаның магнит өрісінің қоз-дыруорамасынбілдіреді (полюстер орамасы). 1.12, а- суреттегі «d» әрпі машинаның бойлық осьті білдіреді, яғни полюстер осін.
Сондай-ақ, Fязәкірдің МҚК векторының бағыты 1.12, а– суретте көрсетілген. Ол зәкір ішіндегі зәкір өрісінің магниттік индукция сы- зықтар бағытымен анықталады. Fявекторы көлденең qосі бойымен
орналасқан, сондықтан, қарастырылған жағдайларда зәкір өрісі көл- денеңболып табылады.
Зәкірдің магнит өрісінің болуына байланысты, генератордың нәтижелі МҚК векторы зәкірдің айналу бағытында МҚК полю- стеріне қатысты айналады. Сол бағытта машинаның бейтарап- тамасы жылжиды – ЭҚК индуцияланатын жазықтық нөлге тең болады. Бос жүрістегі бейтараптама, 1.12 б - суретте көрсетілген – геометрикалық бейтараптама (г.б./г.н - геометрикалық бейтарап- тама), сондай-ақ геометриялық бейтараптамаға қатысты а бұрышқа жылжытылған генератордың жұмыс режиміндегі - физикалық бей-тараптама (ф.б./ф.н. - физикалық бейтараптама) көрсетілген. Гео- метриялыққа қатысты физикалық бейтараптаманың жылжу шамасы зәкір тогының мәніне байланысты болады. Әдетте номиналды жұ- мыс режимінде жылжытуды айтады (зәкірдің номиналды тогында).
Щетка зәкір орамасының бөліктерін қысқа тұйықтаған кезде, бұл бөлігі машина бейтараптамасына жақын орналасуы керек. Енді, біз зәкір реакциясының арқасында қысқа тұйықталу бөлігі физикалық бейтараптама аймағында болуы керек екендігін анықтай аламыз; бол- маған жағдайда щеткалар астынан едәуір ұшқын пайда болады. Осы шартты орындау үшін, қабылданатын шаралардың бірі - генератор-лықщеткалардызәкірдіңайналу«а»бұрышына жылжыту болады.
Зәкір өрісін өтеу үшін, полюс ұштықтарының бетіне ойықтарға орналастыратын өтемдікораманықолданады, сонымен қатар, оның өткізгіштеріндегі ток бағыты зәкір өткізгіштеріндегі ток бағытына қарсы болатындай етіп орнатылады.