Лобзин с. А. Электр машиналар



бет6/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   283

6


қағидасын кең ауқымды пайдалану тек XIX ғасырдың 70 - жылда- рында басталды.
Б.С. Якоби ХХ-ғасырдың 40-шы жылдарында қозғалтқыштар- дың көптеген конструкцияларын жасады. Дегенмен, гальваникалық батареялар тогынан электр қозғалтқыштарын қуат беру кезінде ме- ханикалық энергия тым қымбат болатыны анықталды; нәтижесінде, электр қозғалтқыштарының аса тиімсіздігі танылды. Көптеген көлік қондырғыларына тиімсіз болатын, көп батареялар пайдалануды қа- жет етіп, гальваникалық батареялардың аз энергия жұмсауы (яғни, масса бірлігіне, қуаттың төмен келуі) олардың үлкен кемшілігі бо- лып табылады. Б. С. Якоби, жасаған тәжірибелердің, сонымен қатар электр машинасының теориялық зерттеулерінің негізінде өте маңыз- ды қорытындыға келді: электр қозғалтқыштарын көп немесе аз пай- далану туралы мәселе шешімі, электр энергия құнын төмендетуге тікелей байланысты болады, яғни гальваникалық батареяларға қа- рағанда үнемді генератор жасау болып табылады. Б.С. Якоби, 1842 жылы бірінші тұрақты ток генераторын жасаған.
XIX ғасырдың 40-60 жылдары салынған электр қозғалтқыштары- ның кейбіреулері, болат өзегін соленоидқа тарту қағидасы бойынша қызмет етті; нәтижесінде пайда болатын қайтымды iлгерiлеме қозға- лысы теңгергіш немесе сермер доңғалақтар жүрісінің біркелкілігі үшін, қосиінді-бұлғақты механизмнің айналмалы білік көмегімен түрленді. Олар, мысалы, Пейдж және Бурбуз электр қозғалтқышта- ры.
Итальяндық ғалым Антонио Пачинотти, 1860 жылы айналатын электр магниттердің магнит өрісінде, сақиналық айқын емес полю- сті зәкірі бар электр қозғалтқышын жасады. Пачиноттидің ең ба- сты жұмысының бірі - ол қазіргі заманғы тұрақты ток құрылысын салудың маңызды қадамы болды: айқын полюсті зәкір айқын емес полюстіге ауыстырылды. Осыған, ыңғайлы қоздыру сұлбасын және заманауи түрдегі коллекторды қосу қажет.
А. Пачинотти қозғалтқышының тұрақты айналмалы сәті болған.
A. Пачинотти, өз қозғалтқышының генераторға айналдыру мүмкін- дігін айта кеткен. Дегенмен, машинаның өзін-өзі қоздыра алатын мүмкіндігі туралы білмей, генератор тәртібінде машинаны қолда- ну үшін, электр магниттерді тұрақты магнитпен ауыстыруға кеңес берді. А. Пачинотти, 1863 жылы электр машиналардың қайтым- дылық қағидасын көрсетті және металдың электролиттік (электро- лиз) өндіру мен ұзақ қашықтыққа электр энергиясын беру үшін,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет