«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет11/50
Дата21.01.2023
өлшемі421,5 Kb.
#62213
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

Ү. Рефлексия.
6-сабақ.
Тақырыбы: Уақыт реттілігін анықтау.
Мақсаты: уақыттық түсңнңктерді (кеше-бүгін-ертең, алдымен-кейін, ертелеу-кештеу) дамыту. Оқиғалардың реттілігін анықтау іскерлігін анықтау.
Көрнекіліктер: доп, дануарлардың суреттері мақта қыз ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері, үлестіірмелі карточкалар,түрлі түсті қағаздан жасалған балық детельдар, оқиғалар реттілігі салынған сурет.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: жаңа тақырыпты окып меңгеру мақсатында бұрын меңгерген білімдерді тексеру,ойын дамыту.
-Біз Өскенде кім болады? Деп аталатын болжау өткізеді.
Тәрбиешы жануардың атын атап, допты лақтырады. Бала оның өскенде не болатынын айтып, допты қайта лақтырады. Жауаптың дұрыстығын тексеру үшін тәрбиеші соған сәйкес суретту (құлын мен ат, балапан мен тауық, бұзау мен сиыр, лақ пен ешкі, қозы мен қой )көрсетеді.
-Құлын...(ат)
-Балапан...(тауық)
-Бұзау...(сиыр)
Бойжазудан кейін сабақтың тақырыбын таныстыру.
ІІІ. Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Уақыт түсініктерді (кеше-бүгін-ертең, алдымен-кейін, ертелеу-кештеу) анықтау мен балалардың күнделікті өмірде осы түсініктерді қолдану іскерлігін біліуге байланысты жұмыс жалғасады. Тапсырмаларды орындай отырып балалардың оқиғалардың уақыт барысында реттелген бір ізділігін анықтауды үйренеді.
-Қанеки, Мақта қыз бен мысық ертегісін еске түсірейік.
Тақтаға сиырдың,ағаштың,қыздардың,сатушының,тауықтың, тышқанның суреттерін іліп қояды.
-Мысық алдымен қайда барады?
-Сосын кімге барады?
-Ол қайда жұмсайды?
-Ең соңына не істейді?
Материалды бекіту үшін ойын ойнау.
1-ші ойын. Ерекше іс.
Мақсаты: кеше –бүгін-ертең уақыттық түсініктерін дамыту,әрбір баланың кеше,оның ойынша, басқалар істемеген қандай ерекше іс істегенін есіне түсіруін ұсынады.Мысалаы бассейінге барды, теңіз қырыққабатын жеді т.б. Егер, шынында да кеше онан өзге ешкім мұны істемеген болса,онда бала фишкаға ие болады. Сосын балаларға бүгін қандай ерекше іс істегендерін еске түсіру,ал ертең не істейтіндерін ойлап табуы ұсынылады. Кім фишканы көп жинаса, сол жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет