«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен


ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті



бет13/50
Дата21.01.2023
өлшемі421,5 Kb.
#62213
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Балалар тәулік бөліктері мен апта күндерінің реттілігін кеңістік – уақыттық қатынастарды білдіретін сөздердің («алдында», «артында», «кейін» т.с.с.) көмегімен анықтауды үйренеді. Балалар уақыттық аралықтардың ұзақтығы туралы білімдер анықталып, кеңейді, демалыс және жұмыс күндері, олардың заңдылықтары мен кезектесіп келуі туралы түсініктер қалыптасады. Бұл материалды балалар «Таңертең ерте кім жұмыс істейді? Түнде не болды? Дүйсенбі күні сендерде қандай сабақтар өтеді? Өзіңнің күн режімің туралы айтып бер»,т.с.с. өмірлік жағдайлардың мысалында оғай қабылдайды. Күн режімін сақтау мен уақытты үнемдеудің маңыздылығына көп көңіл аударады. Ойын ойнау ұсынады.
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.
Шақырады тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн сығалап.
-Тауық қай мезгілде шақырады?
Мақсаты: тәулік бөліктері туралы түсініктерді бекіту.
Адамдардың тәуліктің әр мезгіліндегі іс-әрекеттерін бейнелейін суреттерді көрсетеді. Балалар мұның қай уақытта болуы мүмкін екенін айтып берулері керек. Мысалы: «Бала тісін тазалап жатыр.» бұл таңертең үйқыдан тұрған соң, кешке ұйықтар алдында алдында, әр жолы тамақтанған соң болуы мүмкін. Әр дұрыс жауап үшін тәрбиеші фишка береді. Кім фишкаларды бәрінен көп алса, сол жеңеді.
2-ші ойын. «Бұл қай кезде болады?»
Мақсаты: тәулік бөліктері мен апта күндерінің реттілігін кеңістіктік – уақыттық қатынастарды білдіретін сөздердің(«алдында», «артында», «кейін», т.с.с.) көмегімен анықтау іскерлігін қалыптастыру; зейінді дамыту.
Ойынға қатысушылар қатар түзеп тұрады. бірінші қатысушыға қарап «Таңертеңгілік уақыт...кейін болады», «Сейсенбі ... аралығында болады» деген сияқты сөздерді айтады. Қатысушы тиісті сөздерді айтып, сөйлеуді толықтыруы керек. Егер бала дұрыс жауап берсе, онда ойында қатал береді, ал дұрыс жауап бере алмаса – ойыннан шығып, орнына барып отырады. Келесі қатысушыға толықтыруға сөйлем ұсынады. Әр жолы ойын екпіні жылдамдатыла түседі. Ойында бәрінен ұзақ шыдаған бала жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет