1-ші ойын.«Қоншықтар биі» Мақсаты:4-тің көлемінде есептік санау дағдыларды бекіту; 4-тің көлемінде сандарды салыстыру іскерлігін дамыту қимыл қозғалыс белсенділігін дамыту; Ойынға қатысушылар мұғалімнің айналысында тұрып аюдың қлншықтарын бейнелейді. Мұғалім дағыраны 4-тің көлемінде бірнеше рет соғады, қоншықтар дәл сонша рет (1 рет артык 1реткем) аяқтарымен еденді тебу керек. Қателескен балалар ойыннан шығып,орындарына отырады. Бірде бір рет қателеспеген балалар жеңеді.
2-ші ойын« Санды тап» Мақсаты:1-4 цифрлары туралы білімдерді бекіту;сандарды көрнекілік материалға сүйенбестен салыстыру іскерлігін дамыту; Мұғалім тақта алдына 2 қатысушыны шақырады (басқа балалар өз орындарынан отырып тексереді). Бірінші қатысушы тақтаға арқасын беріп тұрады. екінші қатысушы – «жүргізуш». Ол 4-тің көлемінде бір сан жасырып,оны тақтаға жазады. Тақтаға арқасын беріп тұрған қатысушы жүргізушіге Бұл – 3-тен артық сан ба? Бұл 4-тен кем сан ба? Деген сияқты жетекші сұрақтар қояды. Оның міндеті – санды 2 әрекеттен аспай тауып алу. Егер ол мұны жасай алса, онда ол жүргізуші болады, ал оның орнына басқа қатысушы шақырылады. Ал санды таба алмаса, онда ойыннан шығып, орнын басқа қатысушыға береді, жүргізуші болып бұрынғы қатысушы қала береді.
Сергіту сәті: ІҮ.Дәптермен жұмы с. 1-тапсырма. Заттар жиынтықтарын артық, кем,сонша сөздерін пайдаланып салыстыру.
2-тапсырма. «>»,»= белгілерімен танысу.
3-тапсырма. Заттар жиынтықтарын «>», «<» белгілерінің көмегімен салыстыру.
4-тапсырма. Екі өлшемді кеңістікте бағдарлау. Зейінді дамыту.
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү.Рефлексия. 17 сабақ. Тақырыбы: Қосу «+» белгісі.
Мақсаты: бүтін мен оның бөлшектері туралы түсінікті қалыптастыру; бөлшектерді бүтінге біріктіру ретіндегі қосумен танысу; «+» белгісімен танысу.
Көрнекіліктер: Мұғалімге көмек:доп, жағдаяттық есептер бар суреттер. Үлестірмелі материал:фигуралары бар карточкалар, фишкалар.