ҚЎлпыбаев с


Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың



бет113/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың
табыстарына салық салу

Табыс салығын (корпоративтік немесе жеке) салу кезінде резиденттің критерийі бойынша мемлекеттің салық юрисдикциясының зор маңызы бар.


Қазақстан Республикасының резиденттері* мен бейрезиденттері** Қазақстан Республикасында Салықтық кодекстің қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табыстарынан және олардың одан тысқары жерлердегі көздерден табыстарынан салықтар төлейді. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме****15 арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстаннан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстарынан да салықтар төлейді.Резиденттер мен бейрезиденттер салық заңнамасына сәйкес өзге салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді осындай міндеттемелер туындаған кезде төлейді.
Табыстардың мынадай түрлері бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары деп танылады:
Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;
Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
резидентке;
егер алынатын қызметтер Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса,осындай тұрақты мекемесі бар бейрезидентке Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық,заңдық және басқа қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
Салықтық кодекске сәйкес айқындалатын салық салудағы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің нақты орындалған (көрсетілген,өткізілген) жеріне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетін табыстары.
Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқық немесе мүлікпен жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
Қазақстан Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан заңи тұлға-резиденттің, консорциумының жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
егер заңи тұлға-бейрезиденттің мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ заңи тұлға-бейрезиденттің жарғылық капиталына қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін − Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидентке борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар;
талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін − Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезиденттен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;
мұндай бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы қызметі барысында туындаған міндеттемелерін,соның ішінде жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге жасасқан келісімшарттар (шарттар, келісімдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісімшарттары бойынша міндеттемелерін резидент пен бейрезиденттің орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және санкциялардың басқа да түрлері.
заңи тұлға-резиденттен,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;
борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда сыйақылар нысанындағы табыстар;
роялти нысанындағы табыстар;
Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті жалға беруден түсетін және жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;
Қазақстан Республикасынның аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықтық байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;
кімге және қалайша төлем жүргізілетіне қарамастан, мәдениет және өнер жұмыскеріне: театр, кино әртісіне, радио, теледидар жұмыскерлеріне, музыкантқа, суретшіге, спортсменге Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;
егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент немесе бейрезидент төлейтін ұтыстар;
Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіпкерлік) қызмет көрсетуден алынатын табыстар; Қазақстан Республикасындағы, мүліктен түсетін табыстарды қоса алғанда, осындай мүлікті тегін алу нысанындағы табыстар;
Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша төленетін сақтық сыйлықақылары нысанындағы табыстар;
халықаралық тасымал жөніндегі қызметтерді көрсетуден түскен табыстар;
туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;
жинақтаушы зейнетақы қорлары-резиденттері жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
ислам банкінде орналастырылған депозит бойынша табыс;
Қазақстан Республиканың аумағында кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындайтын басқа табыстар және басқалары.
Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезидент­тің Салықтық кодексте анықталған табыстарына шегерімдер жүзеге асырыл­май, төлем көзінен табыс салығы салынады. Бұл ретте төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстардың сомасына Кодексте көрсетілген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.
Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілікті бейрезидентке табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:
1) дара кәсіпкерге;
2) егер филиал, өкілдік қос салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе Салықтық кодекске сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезидентке;
3) заңи тұлғаға,соның ішінде Қазакстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі. Бұл ретте заңи тұлға-бейрезидент оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпаған тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады;
4) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент - эмитентіне жүктеледі.
Қолма-қол және (немесе) қолма-қолсыз ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды,мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша бейрезиденттің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі.
Төлем көзінен салық алуға мыналар жатпайды:
сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер;
резидент-банктердің корреспонденттік шоттарын ашу мен жүргізу және олар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем картішкелері арқылы есеп айырысуларды жүргізу бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
бір мезгілде мына шарттар:
акцияларды немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелену;
дивидендтер төлейтін заңи тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп пайызының дивидендтерді төлеуі күні Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын (пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрау талаптары орындалған күнгі дивидендтер*;
ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар;
осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
*Бұл қағидалар заңи тұлға-резиденттен заңи акциялары бойынша,оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;заңи тұлға оның құрылтайшылары,қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі;заңи тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушалыр салымдарының мөлшерін барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде,сондайөақ құрылтайшы,қатысушы заңи тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін табыс түрінде алынған дивидеттерге ғана қолданылады;
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
Салықтық кодексте көрсетілгендерді қоспағанда егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
өткізу күні Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
Кодексте көрсетілген заңи тұлға-бейрезиденттің шартты банктік салымдары бойынша сыйақылары;
біртұтас құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикі мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемақылар;
сатып алушы-резидендтер борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомалары;
халықаралық қаржылық лизингтің келісімшарттары бойынша негізгі құралдарды қаржылық лизингке беруден түсетін табыстар;
Кодексте көрсетілген табыстарды қоспағанда Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, көрсетілген қызметтер көрсетуден түсетін табыстар.
Заңи тұлға-бейрезиденттің өз табыстарын үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан,осы бейрезиденттің табыстарына төлем көзінен салық салынады.
Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай мөлшерлерлемелер бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет