_______________________
* Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы алып тасталған табыстар мен шығыстар сомасына,сондай-ақ ауыстырылатын зауалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады.Таза табысқа копроративтік табыс салығының есептелген салық сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша мағлұмдамада көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын, қос салық салуды болғызбау және табысқа немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарынудың жолын кесу туралы халықаралық келісімшарттың қағидалары осындай келісімшарт жасасқан мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме аркылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезиденттің салық салынатын табысын анықтау кезінде оның Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегі осындай салық салынатын табысты алу мақсатында шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын шегеруге халықаралық келісімшарттың қағидаларымен жол берілген жағдайда, онда мұндай шығыстардың сомасы мынадай әдістердің бірі бойынша анықталады:
1) шығыстарды барабар бөлу әдісі бойынша;
2) шығыстарды шегерімге тура (тікелей) жатқызу әдісі бойынша.
Бұл ретте заңи тұлға-бейрезидентте резиденттігін растайтын құжаты болған кезде көрсетілген шығыстарды шегеруге жол беріледі.
Заңи тұлға-бейрезидент басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызудың аталған әдістерінің бірін өзінің таңдауы бойынша қолданады.
Халықаралық келісімшарттар бойынша салық салуға қарай мынадай тәртіптер белгіленеді:
1) халықаралық келісімшартты бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына салық салудан толық немесе ішінара босатуға қатысты қолдану тәртібі.
2) халықаралық келісімшартты халықаралық тасымалдарда тұрақты мекеме арқылы бейрезиденттің көлік қызметінен түскен табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі;
3) халықаралық келісімшартты бейрезидендтің тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметінен түскен таза табысқа салық салудан ішінара босатуды қолдануға қатысты қолдану тәртібі;
4) халықаралық шартты салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан жеке тұлға-бейрезиденттің алған табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі;
5) бейрезидендтің табыстарынан табыс салығын бюджетке немесе шартты банктік салымға аудару тәртібі;
6) бюджеттен немесе шартты банктік салымнан табыс салығын қайтару тәртібі;
7) табыс салығынан шартты банктік салымнан бюджетке аудару тәртібі:
Салық төлеуші-резидент Қазақстаннан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарын салық мағлұмдамасында бейнелеп көрсетуі тиіс.
Резидендтің сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстарына салық салудың бірқатар ерекшеліктері бар.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерінен алынған табыстары деп төленген жеріне қарамастан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар болып табылмайтын табыстардың барлық түрлері танылады.
Салық төлеуші-резидент табыс, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыс алумен байланысты шығыстарды белгіленген тәртіппен шегерімдерге жатқызады. Резидент-салық төлеуші өзінің шет мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесіне Қазақстан Республикасында да,одан тысқары жерлерде де шеккен, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлрдегі көздерден табыс алумен байланысты шығыстарды осындай шет мемлекет заңнамасының ережелеріне сәйкес шегерімге жатқызады.
Шет мемлекеттің салық заңнамасының қағидаларына сәйкес тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі көздерден табыстар алуға байланысты Қазақстан Республикасында да, оның тысқары жерінде де шеккен шығыстарды шет мемлекетте орналасқан салық төлеуші - резидент өзінің тұрақты мекемесіне шегерімге жатқызады.
Заңи тұлға-резиденттің шет мемлекеттегі тұрақты мекемесінің салық салынатын табысын анықтау кезінде мұндай шет мемлекеттің салық заңнамасының немесе халықаралық келісімшарттың қағидаларына сәйкес осындай салық салынатын табысты алу мақсаттарында Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерім жасауға жол беріледі.
Табыстарға салынатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген салықтардың немесе салық төлеуші-резиденттің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан табыс салығының бірдей түрінің сомалары Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу кезінде салықтың төленгендігін растайтын құжат болған жағдайда есепке жатқызылады.
Егер резидентке салық салуда жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналаскан және (немесе) тіркелген заңи тұлға-бейрезиденттің жарғылық капиталының 10 және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тиесілі болса немесе ол осы зани тұлға-бейрезиденттің дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп пайызына тікелей немесе жанама түрде ие болса, онда зани тұлға-бейрезиденттің осындай зани тұлға-бейрезиденттің жарғылық капиталына қатысу үлесіне негізделе отырып айкындалатын пайдасының бір бөлігі резиденттің Қазақстан Республикасында салық салынатын табысына енгізіледі. Осы ереже қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде 10 және одан да көп пайызды кұрайтын, заңи тұлға кұрмайтын кәсіпкерлік кызметті ұйымдастырудын басқа нысандарына резиденттің қатысуына да қолданылады.
Салық салуда жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі және (немесе) тіркелген пайдасының бір бөлігі Қазакстан Республикасы резидентінің салық салынатын табысына қосылатын заңи тұлға-бейрезидент пайдасының жалпы сомасы бейрезиденттің қаржылық есепттемесімен расталуға тиіс.
Резидент Қазақстан Республикасы халықаралық келісімшарт жасасқан шет мемлекеттегі көздерден табыстар алған жағдайда, тиісті халықаралық келісімшарттың талаптарын орындаған кезде резидент шет мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босатылу немесе темендетілген салық мөлшерлемесін қолдану мақсатында көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық келісімшарттың ережелерін қолдануға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |