12.9. Ұсыным икемді, бағалар артады, салықтың үлкен бөлігін тұтынушы төлейді.
12.10 сызба
12.10. Ұсыным икемсіз, баға аз көтеріледі және салық үлкен бөлігі өндірушілерге түседі
Келтірілген сызбаларда АВС үшбұрышының алаңы артық салық ауыртпалығының мөлшерін, яғни тауарлардың, қызметтерді өндіру мен тұтынудың төмендеуіне байланысты қоғам шығысы-ның оңтайлы деңгейден төмен болатынын сипаттайды.
Салықтық түсімдерді қоспағанда артық салық ауыртпалығы (Р1ВСРсүшбұрышының алаңы) жалпы ауыртпалыққа Р1ВАСРсфигурасының алаңы) тең.
Сұраным мен ұсыным икемділігінен басқа, тауарлар мен қызметтердің бағасы арқылы салықтарды аударудың мүмкіндігі мен дәрежесі көп жағдайда экономикалық циклдің айналсоқпаларына (фазаларына) байланысты болады: өрлеу кезінде бағаны көтеруге неғұрлым қолайлы жағдай жасалады және салықты аудару неғұрлым интенсивті жасалады және, керісінше, дағдарыс кезінде өндірістің құлдырауымен, жұмыссыздықтың өсуімен, халықтың төлем қабілеттігі бар сұранымының азаюымен байланысты аудару қиындайды.
12.17.Салықтарданжалтарыну
Салықтөлеуденжалтарыну – салықтық төлемдерді толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектін (табысты, пайданы, тауар айналымын, мүлікті) әдейі жасыруы және азайтуы. Салық төлеушілердің мұндай заңсыз іс-әрекеті мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді: мемлекеттік бюджет едәуір қаражаттарды ала алмайды, салық заңнамасын бұзушылар кірістерінің қосымша криминалдық көздері жасалынады, кәсіпкерлік қызмет сферасында, салада, өңірде және т.б. құн қозғалысының негізгі үйлесімдері бұрмаланады.
Салық төлеуден жалтарынудың себептері әр түрлі болуы мүмкін:
1) шаруашылық, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті қалыпты жүргізуге мүмкүндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы; салықтардың көптігі және жоғары мөлшерлемелері салық салынатын субъектінің «көлеңкелі» («қалтарыстағы») экономикаға кетуіне жәрдемдеседі;
2) салық заңнамасының күрделілігі, сонымен бірге анық еместігі, нұсқаулықтар мен ережелердің қағидалары мен нормаларын түрліше түсіндіретін ондағы толықтырулардың, өзгерістердің, түзетулердің көптігі;
3) салық службасын ұйымдастырудағы кемшіліктер: жұмыскерлердің төмен біліктілігі мен біліксіздігі, экономикалық білімдер мен құқықтық мәселелердің шектес салаларын жеткіліксіз білу; тексерулер кезіндегі жұмыскерлердің адалдыққа жатпайтын іс-қылықтары;
4) салық сомаларын баю немесе көлеңкелі бизнестегі инвестициялау мақсатымен субъектілердің оларды төлемеуге қасақана, әдейі ұмтылуы және т.б.
«Көлеңкелі экономиканың» орасан зор ауқымы, басқа елдердің банк мекемелеріне ақша аудару, кәсіпкерлік қызметтің шын ауқымын, мүлік құнының мөлшерін төмендету жөніндегі табысты күш салулары – мемлекет бақылауынан салықтық түсімдердің аса ірі сомаларын шығарады.
Кейбір мәліметтер бойынша триллион теңге мөлшеріндегі табыстар салықтан жасырылып қалады, Қазақстандағы құпияэкономика ішкі жалпы өнімнің үштен бірінен 40 пайызына дейін құрайтын көрінеді. Құпия экономикадағы жаман жағдай оның салық базасын мемлекеттің қаржылық ресурстарын молайту үшін пайдалануға мүмкіндік бермейді.
«Қосарлы» есеп жүргізудің практикасы қалыптасқан: ресми органдар үшін және кәсіпкерлердің меншікті пайдалануы үшін; біріншісінде қызметтің тек аз болуы мүмкін нәтижелері, екіншісінде басқару мен бизнесті дамытуға қажетті, ақиқатты нәтижелер көрсетіледі.
Белгіленген тәртіптен әр түрлі ауытқулар кезінде немесе салықты есептеу және төлеу кезіндегі стандартты емес ахуал кезінде салықтар жөніндегі әкімшілік қағидалар мен салық орғандары іс-қимылының нұсқалары анықталған, мысалы, бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бұзған жағдайда, есеп-қисап құжаттарын жою немесе жоғалту кезінде, мағлұмдалған табыстың жеке тұтынуға арналған шығыстарға, мүліктің мөлшеріне сәйкес келмеуі жағдайында салық салу объектін анықтаудың әдістері.
Салықтарды мәжбүри өндіріп алудың іс-шаралары белгіленген: салық төлемінің мүліке кейін оны өткізу және тиесілі салықтарды, өсімпұлдарды және айыппұлдарды төлеу есебін жазу үшін тыйым салу.
Салық төлеушілердің міндеттерді бұзғаны үшін мыналар жауапкершілік шаралары болып табылады: айыппұлдар, өсімпұлдар есептеу, банктік шарттар бойынша шығыстық операцияларды тоқтата тұру, салық берешегі есебіне мүлікке билік етуді шектеу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзім тапсырмағаны үшін, не құжаттарды, сондай-ақ ірі салық төлеушілердің мjниторингі бойынша есептемені тапсырудан бас тартса лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға зо АЕК мөлшерінде, шағын және орта бизнес субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатындарға – 200 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлері субъектілері болып табылатын 3 күн тұлғаларға 350 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Бюджетке төленетін салықтардың және басқа міндетті төлемдердің есептелген сомасын төлеуден толтырудың жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге 35 АЕК мөлшерінде, шағын және орта бизнес субъектілері болып табылатын заңи тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатындарға 30 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын заңи тұлғаларға жасалынған есеп-қисаптар сомасының 50%-ы мөлшерінде айыппұл салынады.
Өсімпұл сомасы салықтық міндеттемені мәжбүри орындату шараларын, сондай-ақ салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершіліктің өзге де шараларын қолдануға қарамастан есепке жазылып, төленеді. Өсімпұл, салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төленген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады. Салық заңнамасын бұзудың әртүрі үшін жауапкершілік анықталған, мысалы, салық органдарына салықтық есептемені белгіленген мерзімде тапсырмағаны үшін бұзушыларға салықтық санкциялар қолдануға ұшыратады: жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл, лауазымды адамдарғы, дара кәсіпкерлерге,жекеше нотариустарға,адвокаттарға – 30 АЕК мөлшерінде, шағын және бизнес субъектілері болып табылатын заңи тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатындарға 45, ірі кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын заңи тұлғаларға – 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;
Банктік құжаттарда салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерін берусіз операциялар жүргізгені үшін банктердің жауапкершілігі анықталған; шаруашылық жүргізуші субъектілерді мәжбүри жою кезінде бюджет алдындағы берешегі жағдайында олардың банктік шоттарындағы ақша қалдықтары туралы салық органдарына мәліметтер бермегені үшін; салық органдарында салық төлеушілерді тіркеу есебіне қоймау фактілерін растайтын бұл органдардың құжаттарынсыз банктік шоттар ашқаны үшін.
Мемлекетке едәуір залал келтірген салық заңнамасын қасақана бұзушылықтары үшін қылмыстық тәртіп пен жауапкершіліктің анағұрлым қатаң шаралары да белгіленген: шаруашылық жүргізуші субъектілердің жауапты тұлғалары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес белгілі бір лауазымға ие болуы немесе шарттасылған мезгілге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылумен жазаланады, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына, сондай-ақ бас бостандығынан айрылуға тартылады.
Салық органдары салық төлеушіге мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені орындауды қамтамассыз ету тәсілдерін қолданғаннан кейін, мәжбүри өндіріп алу мынадай тәртіппен: банктік шоттардағы ақша есебінен; дебиторлық шоттардан; билік ету шектелген мүлікті өткізу есебінен; жарияланған акцияларды мәжбүри шығару түрінде жүргізіледі.
Алайда аталған шаралардың бәрі салықтан жалтарынудын проблемаларын жоймайды. Тек салық службасының органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша есептелінбеген төлемдердің сомасы бюджет кірістерінің төрттен бірін кұрайды. Салық төлеушілер салық салынатын объектілер мен табыстарды жасырудың аса жетілдірілген әдістерін қолданады, салық службаларына бұрмалаған мәліметтерді беру жағдайлары жиілеп барады.
Салық салудан жалтарынудың әр алуан әдістері болады. Тура салықтарды төлеуден жалтарыну көбірек таралған. Жанама салықтар бойынша оларды өндіріп алудың ерекшелігіне байланысты жасырыну қиынға түседі. Бірақ банктердің катысуынсыз тауар-ақшалай операцияларды жасау, яғни сатып алу-сату опера-цияларын есепке алудан іс жүзінде жасыру акциздерді, қосылған құн салығын төлемеуді мүмкін етеді.
Табыстарға салық салу бойынша жалтарынудың неғұрлым сипатты әдісі өндіріс немесе айналыс шығындарын (шегерімдерді) арттыру арқылы табыстың мөлшерін азайту болып табылады; материалдық шығындарды жалған (көтеріңкі) баға бойынша, мысалы, оларды еркін бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алынғанына сілтеме жасау, немесе тікелей жалған есеп-қисап құжаттарын жасау жолымен өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жазады. Осылайша амортизациялық аударымдардың сомасын көтеріңкілеу мақсатымен жабдықтың және басқа негізгі кұралдардың құны көтеріңкіленуі мүмкін.
Салық салынатын табысты азайтуға сондай-ақ төлеушінің карамағына калдырылатын табыс және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстар есебінен жабылатын шығындардың шегеріміне (өзіндік құнға) жатқызу арқылы қол жетеді. Оларға мыналар жатады: белгіленген нормалардан тыс іссапар шығындары; негізгі құралдар сатып алу; нормалардан тыс өкілдік шы-ғындарды төлеу; әр алуан мәдени-ағарту шараларына қатысу жөніндегі шығыстар; салық бойынша жеңілдіктері бар ұйымдармен өнім (жұмыс, кызмет) жеткізіліміне жалған келісімшарт жасау (кейін кем жеткізуғе немесе келісімшарттың орындалмауына салынған айыппұлдарды зиянға жатқызу ниетімен); материалдық құндылықтардың өндіріске берілген көлеміне қарамастан олардың бүкіл құнын шығындар есебінен шығарып тастау; жеке тұлғалардан тауар-материал құндылықтарын сатып алу және көрсетілген қызметтерге қолма-қол ақша төлеу шығыстарын тексерілуі қиын бастапқы құжаттар бойынша шығындарға жалған кіріктіру; салық заңнамасын бұзғаны үшін салық органдары есептеген айыппұлдарды, өсімпұлдарды есептеп шығару.
Шегерімдер (өзіндік құн) қосылған құн салығын осы салынған тауар-материалдық құндылықтардың, қызметтердің әртүрінің бөлігінде шығындарға есептен шығару есебінен көтеріледі.
Табысқа салық салудан жалтарынудың кең тараған әдісі кәсіпкерлік қызметтен түскен түсім-ақшаны кемітіп көрсету және жасырып қалу болып табылады. Бұл бұзушылық қиын анықталады, өйткені нағыз түсім-ақшаны анықтау үшін тексеріліп отырған төлеушінің тауарының (қызметінің) қозғалысымен байланыстырылатын (сәйкестірілетін) шоттары мүмкін көптеген баспа-бас айырбас пен өзге де шаруашылық-қаржылық операцияларының фактілерін талдау қажет; барлық төлеушілердің және олардың операцияларының толық компьютерлендірілмеуі бұзушылықты айқындауға көп уақытты кажет етеді.
Салық салудан жалтарыну бухгалтерлік есептің қанағаттанғысыз қойылуымен немесе оның жоқтығымен (мысалы, шаруа немесе фермер шаруашылықтарында) байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда шаруашылық қызметтің нәтижелерін қалпына келтіру үшін: жұмсалынған электр қуаты, басқа ресурстар бойынша, есептеу приборларының көрсеткіштері бойынша, нақтылы шығындар, айналымдар, активтердің құны, қызметтің ұқсас түрлерінің көрсеткіштері бойынша жанама немесе аналогиялық (үйлестік) әдіс қолданылады.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлемеу немесе толық төлемеу мүмкіндіктері натуралдық тұлғаланымда, яғни кәсіпорын өніммен немесе бартер бойынша алынған өніммен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп-қисаптың тараған практикасымен байланысты. Мұндай жағдайларда қиындықтар салық салу мақсаттары үшін төмендетілуі мүмкін натуралдық еңбекақыны нақты бағалаудан пайда болады.
Жалған тұлғаларға нарядтар жазып беру, мердігерлік келісімшартты, контракт бойынша жұмыстарды «орындауға» жұмыскерлер тарту жолымен еңбекке ақы төлеу шығындарын асырып көрсету, құжаттық түрде ресімделетін сырт жақтан жалған қызметтер көрсету практикасы кең таралған.
Шегерімдерді (өзіндік құнды) асырып көрсету есебінен табысты жасыру оған кәсіпкерлік сфера иелерінің, басшыларының және жұмыскерлерінің тұтыну шығыстарын кіріктіру жолымен жүргізіледі. Бір мезгілде бұл тәсіл натуралдық ақы төлеудің орны болатындықтан әлеуметтік және табыс салықтарын төлеуде үнемдеуге жағдай жасайды. Фирма есебінен басшыларға арналған пәтерлер ұсталынады (офис ғимараты түрінде (көз бояп), службалық автокөлік, жиһаз, тұрмыстық техника сатып алынады, газет-жорналдарға жазылу ресімделеді). «Фирмалық киім-кешек» бабы түрінде жеке басына қымбат тұратын киім-кешек, аяқ киім сатып алуды жасыруға болады.
Жалтарынудың басқа сипатты жағдайлары:
1. Заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің келісілмегендігі, салық заңнамасы нормаларын бұрыс түсіндіруге апаратын тұжырымдаулардың анық еместігі, экономикалық және салықтық өзара қарым-қатынастардың практикасымен қабылданатын заңдардың болмауы жағдайында салық төлеушілер уақытылы салық мағлұмдамаларын тапсырып, салық органдарының талаптарын орындайды, бірақ нормативтік құқықтық актілердегі кемістіктерден табыстарды жасырып қалады.
2. Қосарлы бухгалтерия жүргізген жағдайда салық төлеушілер салықтық мағлұмдамалар, есеп-қисаптар, анықтамалар береді, салық органдарының талаптарын орындайды. Алайда, салық органдары ыңғайласпа тексерімдер жүргізуді қолданбайтындықтан салық төлеушілердің ресми есептерде өткізімнің төмендетілген төлемдері мен алынған табыстарды көрсету мүмкіндігі болады.
3. Салық органдарында тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысқан жағдайда кәсіпкерлер контракттарда, шот-фактуларда, банктік құжаттарда және т.б. ойдан шығарылған салық төлеушінің нөмірін қояды, салық органдарының алдында есеп бермейді және, әдеттегідей, аз уақыт өмір сүреді.
4. Бюджетке төлемдер бойынша берешектің қордалануына қарай «салық органдарымен байланысын жоғалтқандар» санатына ауысу. Салық төлеуші жұмысын істейді, салықтық есептемені тапсырады, бірақ бюджетке төлемдерді төлемейді және олардың қордалануына қарай қолда бар активтерді іске асырады және салық органдарымен байланысты жоғалтады. Тәуекелді азайту үшін, әдеттегідей, жалған мекен-жай және жалған тұлғалар пайдаланылады.
5. Жалған банкроттық: бәрі бір құрылтайшылар бірнеше фирмалар ашады, біраз уақыттан кейін активтерді бірінен басқаға ауыстырады, ал сонан кейін біріншісі банкрот деп танылады.
6. Жасалмаған операциялар немесе көтеріңкі бағалар бойынша жүкқұжаттар ұсынылады. Бұл нысан экономиканың кез келген секторына тән және жалған бағаларды қолдану арқылы табысты азайтуға мүмкіндік туғызады. Бұл ретте оларды бухгалтерлік кітаптарда қамтып көрсету үшін жүкқұжаттар жазылады, бұл оларға қаржылық-шаруашылықтық қызметтерден түсетін табысты едәуір азайтуғңа мүмкіндік береді. Жалтарынудың бұл тұрпаты аса қауіпті болып келеді және егер қызметтер шет жақта, белгілі бір елдерде (оффшорлық) көрсетілсе оны айқындау қиын.
7. Жалған тұлғаларды пайдалану. Бұл жағдайда экономикалық қызмет ресми бір тұлғамен байланыстырылады, бірақ іс жүзінде басқамен жүзеге асырылады.
8. Жеке тұлғаларға тауар беру және қызмет көрсету. Жалтарынудың бұл нысаны жеткілікті таралған және оны болдырмау қиын. Ол шағын коммерциялық кәсіпорындар арасында болады. Жекелеген тұлғалармен тікелей байланыс егер жеке тұлғалардың тиісті жүкқұжаттарды алуға айтарлықтай ынталығының болмауы жасырылған мәміле үшін жүкқұжаттаржы жазбай-ақ тауарларды беруіне немесе қызметтер көрсетуіне мүмкіндік береді. Көптеген тауарлардың шетелден түсетіндігінен бұл нысанның халықаралық сипаты болады. Бұл жағдайда салықтан қос жалтарыну болады: біреуі импорт стадиясында, басқасы сату стадиясында болады. Кедендік іс жүзіндегі құн анықтауы қиын болатын олардың нақтылы құнынан бөлек болады.
Жеке тұлғалардың табыстарынанемесемүлкінесалықсалукезіндесалық салудың прогрессиясын азайту, заң бойынша табыстарға шегерімдер таралатын табыстарды көбейту үшін табыстарды бірнеше бөліктерге бөлшектеу әдісі қолданылады.
Өндіріс шығындарын есептеу ерекшеліктерімен, фирмаларды, компанияларды, ұйымдарды тіркеу тәртібімен байланысты жалтарынудың басқа әдістері де мүмкін. Мәселен, жеделдетілген амортизация әдісін қолдану кезінде шығындарды көбейту және, тиісінше, фирманың таза табысын азайту (өнімге бағаның теңдігі кезінде) мүмкіндігі пайда болады. Өкілдік шығыстардың шығындарына, жарнамаға жұмсалынған шығындарға жазу да мүмкін.
Көптеген жеңілдіктері бар немесе салық салу нормасы төмен аумақта салық салынатын объектіні жалған тіркеу әдістері қолданылады.
Әсіресе еңбекке ақы төлеуді өсіруге шектеуді алып тастаумен, өнім рентабелдігінің нормативтеріне және бағаны ырықтандыруға бақылаудың тоқталуымен байланысты салық заңнаманасын бұзушылық кең таралған. Бұл бағаларды шексіз өсіру арқылы салықтық төлемдерді кедергісіз тұтынушыларға – халыққа аудара салуға мүмкіндік береді.
Инфляция және өндірістің құлдырауы жағдайларында кең таралған еңбекке ақы төлеуге қаражаттарды шексіз айдау практикасын салық әдістерімен де шектеуге болады. Ол үшін экономикалық мағынада – еңбекке ақы төлеу қоры мен пайда сомасында табысқа салық салу пайдаланылады.
Салықтан жалтарынудың мүмкіндіктері халықаралық қаржы-экономикалык қатынастарда да ашылып отыр. Бұл үшін шетелден кең салық жеңілдіктерін беру жолымен капиталдарды тарту саясаты жүргізілетін елдің «салықтан бас сауғалауы» деп аталынатын пайдаланылады. Мұндай елде бизнесті тіркеу алынатын пайданы, пайыздық табыстарды, дивидендтерді салық салудан алып шығаруға мүмкіндік жасайды. Мұндай мақсаттарға салық режімі нашарлайтын немесе заңнама бойынша табыстарды мағлұмдамалау міндетті емес оффшорлық, еркін, арнаулы аймақтарда тіркеу арқылы қол жетеді. Мұнда жалған еншілес компаниялар, филиалдар ұйымдастырылуы мүмкін, олар арқылы төлемдер өтеді және салықты азайту немесе одан толық құтылу мақсатымен салықтық оңтайландыру жүзеге асырылады.
Салық сомасын төлемеу немесе азайтып төлеу «салықтық моралдің» құлдырауын, мемлекеттік органдардың және мемлекеттің өзінің беделін түсіру жазасыздығының нәтижесін тудырады. Сондықтан салық төлеуден жалтарынумен күреске салық органдарының жұмысында зор маңыз берілуі тиіс.
Салық төлеуден жалтарынудан салықтық міндеттемелерді қысқартудың заңды әдістерін білдіретін салықтық жоспарлауды айыра білген жөн. Салықтық жоспарлаудың негізінде мына мүмкіндіктерді пайдалану жатыр:
салық заңнамасының өзінде салынған мүмкіндіктер (ең алдымен жеңілдіктер мен преференциялар түрінде);
заңнама проблемаларынан туындайтын мүмкіндіктер.
Бұл ретте салық төлеуші заңды бұзбай салық төлеуден оңай құтылады. Салықтық жүктемені оңтайландыру қаржылық менеджменттің арнаулы бөлімінде – корпоративтік салықтық менеджментінде қарастырылады. Корпоративтік салықтық менеджментті тиімді салықтық саясатты жүргізу арқылы шаруашылық жүргізуші субъектінің қаражаттары айналымын оңтайландыруға бағытталған оның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану бөлігінде салық салуды жүйелі басқарудың үдерісі ретінде анықтауға болады. Корпоративтік салықтық менеджменттің предметі қаржылық ресурстардың құрылымын оңтайландыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық ресурстарын салықтық реттеудің мақсатты үдерісін талдау, ұйымдастыру және жүзеге асыру және ұтымды пайдаланудың көрсеткіштері болып табылады.