Қаржының табиғатын ақшаның қозғалысында анықтайтын қаржының бөлгіштік тұжырымдамасынан айырмашылығы ұдайыөндірістік тұжырымдама бұл табиғатты ақшалай нысандағы құн қозғалысында анықтайды. Мұндай ұстанымда (тәсілдемеде) қаржының іс-әрекет сферасы айтарлықтай кеңиді.
Ұдайыөндірістік тұжырымдама жақтаушыларының қаржының мәнін осылайша кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:
1) ұдайыөндірістік функция – қаржылық ресурстарда жүзеге асырылған құнның ұдайы жаңғыртылуы және қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісін осы ресурстармен қамтамасыз ету бойынша. Қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуы деп оларды қалыптастыруды, бөлуді және пайдалануды түсінген жөн. Ұдайыөндірістік функция қаржының бағынышты қосалқы категорияларына тән түрлі модификацияларда (қосалқы функцияларда) көрінеді, олар оқулықтың кейінгі тарауларында қаралады;
2) бақылау функциясы Қаржының ұдайыөндірістік функциясының қосалқы функцияларының мазмұнын табыстар мен ақшалай қаражаттардың қорланымдарын жасау және пайдалану үдерісінде болып жататын экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ осы үдерістердің қатысушыларының құрамымен түсіндіріледі. Табыстарды жасаудың тікелей көзі материалдық өндіріс сферасында алынатын ұлттық табыс болып табылады. Ұлттық табысты алғашқы бөлу үдерісінде экономиканың бастапқы буындарының – фирмалардың, компаниялардың, үй шаруашылықтарының бастапқы табыстары жасалады. Қайта бөлу үдерісінде түрлі меншікті мақсаттарға пайдалану үшін қордалану жолымен бұл табыстардан ақшалай ресурстар қалыптасады және міндетті аударымдар түрінде қоғамдық қатынастардың басқа қатысушыларының ақшалай қорлары жасалынады. Бұл үдерісте мемлекеттік бюджет зор рөл атқарады, ол арқылы аумақтық, салалық және ведомстволық белгісі бойынша саналуан қаржылық нысандарды жасау жолымен ақшалай қаражаттардың едәуір бөлігі қайта бөлінеді. Нәтижесінде, көп жағдайларда қоғамдық ұдайы өндіріске қатысушылардың бірінің табыстары есебінен түпкілікті тұтынуға бағытталатын басқа қатысушылардың қажеттеріне пайдаланылатын ақшалай қаражатар жасалады. Тап осы үдерістер қаржының айтылған функцияларында өзінің көрінісін табады.
Қаржының Санкт-Петербург (Ленинград) ғылыми мектебінің* оның функцияларының
құрамы туралы ұстанымы өзгеше болып көрінеді:
ақшалай қорларды жасау; ақшалай қорларды пайдалану.
Санкт-Петербург мектебінің өкілдері жоғарыда аталған функцияларды «елдің ақшалай шаруашылығы» категориясына қатысты, яғни кеңінен қарағанымен, бұл түсініктеме қаржының ұдайыөндірістік тұжырымдамасымен келісіледі.
Функцияларға қатысты экономикалық әдебиеттерде басқа да пікірлер бар: мысалы, қаржыға өндірістік функция, ұдайыөндірістік қорлардың толық айналымын ортақтастыратын функция немесе жедел, ынталандырушы, фискалдық және басқа функцияларды береді; мұндай жағдайларда қоғамдық арналым көрінісінің нысаны ретіндегі экономикалық категорияның функциясы ұдайы өндірісте іс жүзінде пайланудың нәтижесі ретіндегі категорияның рөлімен жиі шатастырылады.
Тұрақты және экономикалық категорияның өзі өмір сүргенге дейін өмір сүретін функциялардан айырмашылығы категорияның рөлі әр түрлі болуы мүмкін, ол категорияның іс-әрекеті болатын реалдық жағдайларының өзгеруіне де, сондай-ақ ықпалдың өзінің: қоғамдық ұдайы өндіріске, өндіріс тиімділігін арттыруға, коммерциялық негіздерді дамытуға және нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және т.б. түрлі бағыттарының болуына тәуелді болады. Мысалы, материалдық өндіріс сферасындағы қаржының іс-әрекеті материалдық, энергетикалық, ақшалай ресурстарды үнемдеуде, өндірістік қорларды жақсырақ пайдалануда шаруашылық ұжымдары мүдделігінің күшеюіне жеткізеді. Алайда бұл қаржыға ынталантырушы функция тән дегенді білдірмесе керек. Белгілі бір ынталандырмалардың көрінісі – бұл қаржы іс-әрекетінің, шаруашылық жүргізу практикасында оның функцияларын мақсатты нысаналы пайдаланудың нәтижесі. Категорияның функциялары мен рөлінің айырмашылықтары мынада: рөл әр уақытта нақтылы болады және реалдық нәтижелерде көрінеді; функция дегеніміз ғылыми абстракцияның, қорытындылаудың, экономикалық категорияның нақтылы іс-әрекет механизмінің салдары. Ғылыми абстракцияның арқасында категорияның іс-әрекет механизмінің нақтылы белгілері қорытынды түрінде көрінеді. Қаржының егжей-тегжейлі рөлі туралы 20 тарауды қараңыз.
Ақшалай нысанда тұлғаланған қоғамдық өнім құнының қозғалысымен байланысты болатын қаржы жалпы алғанда ұдайыөндірістік үдерісті және оның түрлі фазаларын сан жағынан (қаржылық ресурстар мен қорлар арқылы) бейнелеп көрсетуге қабілетті болады. Бұл қоғамда қалыптасатын экономикалық үйлесімдерді өнбойы бақылап отыруға мүмкіндік береді, бұл қаржының басқа функциясын – бақылау функциясын бейнелейді.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржылық саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Қаржының бұрын аталған функциялары, олардың көпқырлылығына қарамастан, экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән ерекшеліктерді толықтай ашпайды. Қаржы қоғамдық өнім құнының ақшалай нысанының қозғалысымен байланысты болғандықтан, ол ұдайыөндістік үдерісті тұтас және оның жекелеген фазаларын табыстар, қорланымдар, қорлар* арқылы сандық түрде сүреттеп көрсету ерекшелігін иемденеді.
Осы ерекшеліктің арқасында қаржы экокномиканы басқарудың әр түрлі деңгейлерінде бөлудің сандық пропорциялары, табыстардың, қорланымдардың, олардың жекелеген элементтерінің ара қатысы, нысаналы арналым бойынша қаржылық ресустары пайдаланудың дұрыстығы қалай құраластырылып жатқандығы туралы қалай болғанда да құлақтандырып отырылады. Сонымен қаржы ұдайыөндістік үдерістегі аутқулар мен сәйкестіктер туралы хабарлап отырады және оны керекті арнаға бағыттап отыруға жәрдемдеседі.
Ақшалай табыстардың, қорланымдардың, ресерстардың жасалу және пайдаланылу үдерістерінің сандық тұлғаланылуы құндық көрсеткіштердің алуан түрлілігі ретінде болатын қаржылық көрсеткіштердің жүйесінде бейнеленеді. Қаржылық көрсеткіштердің қортылаушы нәтижелеуші сипаты болады, яғни экономиканы басқарудың кез келген деңгеінің шауашылық жүргізуші органның бүкіл қызметінің нәтижелерін кешенді түрде білдіреді. Қаржылық көрсеткіштерді зерделеу, талдау өндіріс тиімділігі, қызметтің түпкілікті нәтижелері, белгілі органдардың, жуйелердің, т.с.с. жұмыс істеуінің оңтайлылығы туралы пікір айтуға жәрдемдеседі.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда – ішкі жалпы өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді, бірақ бұл ұғымдарды теңестіруге болмайды.
Бақылау функциясы сандық түрде қаржылық ресурстардың қозғалысы арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын экономикалық үдерістерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты нысандағы қаржылық ресурстардың қозғалысы жиынтық қоғамдық өнімді құндық бөлу үдерісіне мемлекет тарапынан бақылау жасаудың негізі болып танылады. Мұндай бақылаусыз экономиканың теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін емес.
Қаржы нысанында тұлғаланатын ақшалай қатынастардың ішінде қаржылық ресурстардың қалыптасуын және пайдалануын бақылаумен байланысты болмайтын бірде-бір қатынас жоқ, сонымен бірге тек бақылау функциясы өзіне тән болып келетін және қаржылық қатынастар да жоқ.
Экономикалық категорялардың функциялары – бұл бірден- бір және осы экокномикалық құбылыстың әр түрлі жақтары және қаржы өзінің функцияларының мүмкін емес және тек оларадың бірігуінде,тығыз өзара іс-әрәкетінде қаржылар өзін экономикалық категория ретінде білдіреді.
Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасының жұмыскерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау үдерісінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.
Рыноктық қатынастардың дамуы жағдайында бақылау жұмысының бағыттары, қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері айтарлықтай өзгерді.
Қаржының функцияларын қарастыра отырып, операциялардың мазмұны, іс-әрекет объектілері, мақсаттары бойынша қаржылық қатынастардың кейбір сфераларының бірдей еместігін мойындаған жөн. Мысалы, мемлекеттің қаржысы сферасында қаржылық үдерістер сипатының материалдық өңдіріс сферасындағы мұндай сипаттан айырмашылығы болады. Оның үстіне, тіпті мемлекеттің қаржысында, оның жеке өзара байланысты буындарында – салықтарда, мемлекеттік бюджетте, мемлекеттік кредитте – жұмыс істеу сипаты бірдей емес. Қаржы – қатыстылығы тұрғысынан бір тектес және бірдей емес функциялық арналымы бар қосалқы категорияларды кіріктіретін жаһандық жинақтаушы категория; қаржы, оның қатынастарының жүйесі сегіз осындай қосалқы категорияларды кіріктіреді: мемлекеттің қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, үй шаруашылықтарының қаржысы, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит, халықаралық қаржы, қаржы рыногы, сақтандыру (әлеуметтік). Сондықтан бұл құрамдас бөліктердің функциялары да – қосалқы категорияларға қатысты қосалқы функциялары да бірдей емес. Бұл қаржының жеке сфералары мен буындарының біршама дербес қосалқы функцияларының болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қаржы қоғамдық ұдайы өндірістің бөлу стадиясының құралы бола отырып, ұдайы өндірістің барлық стадияларына ықпал ете алады. Ықпал етудің объективті алғышарттары екі мән-жаймен байланысты:
1. Қаржы қоғамдық өндірістің барлық стадияларына (өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну) ықпал етеді.
2. Қаржының экономикалық үдерістердің катализаторы болуға әлеуметтік ерекшелігі бар (бұл бөлгіштік функциядан туындайды). Бөлу ұдайы өндірісте айқындаушы сфера болып табылатын материалдық өндіріс сферасында басталады, өйткені ол өндірістің сипаты мен ауқымына әсер етеді.
Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді ара қатысын белгілеуде, ұдайы өндірістің заттай және құндық элементтерінің тепе-теңдігіне жетуде, өндіріс тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара теңестірілуіне қол жетеді; қаржылық тұтқаларды жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.
Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін үш бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:
1) ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;
2) қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;
3) қаржыны әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан.