Жоспары Педагогиканың ғылым ретіндегі мәні



Дата25.11.2022
өлшемі84,59 Kb.
#52660
Байланысты:
Педогогика2 Бөж Құлмаханбет Н.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ түрік университеті

Тақырыбы: Педагогика – адам туралы ғылымдар жүйесіндею

АИА-111

ОрындаҒан: Құлмаханбет Н.

Қабылдаған: Арыстанбаева А.

Кентау 2022

Жоспары

  • Педагогиканың ғылым ретіндегі мәні.
  • Ғылымға қойылатын критерийлер.
  • Педагогика жоғарыдағы критерийлерді қанағаттандырады.
  • Педагогика ғылымының тəрбие туралы күнделікті тұрмыстық білімдерден айырмашылығы.
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

Педагогиканың ғылым ретіндегі мәні

Біріншіден ғылым деген ұғымды анықтап алайық.

Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы, жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі.

Ғылымның мұраты бар тылсымның сырын айқындау, барлықтың ақиқатын ашу, соның негізінде сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе міндетті түрде шығатын, шыға алатын нәрселерді анықтау.


Ғылымға қойылатын критерийлер.

Ғылымилықтың үшінші критерийі - ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.

Тағы бір төртінші критерий - рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.

Ғылымға қойылатын бесінші критерий - зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

Ғылымилықтың ең басты критерийі - жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бұл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

Ғылымға қойылатын тағы бір критерий - онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

Педагогика жоғарыдағы критерийлерді қанағаттандырады


Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.

Педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:

  • -басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалану;
  • -бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу əдістерін шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу;
  • – психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану жəне басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нəтижелерін педагогикада қолдану;
  • – адамды жан-жақты жəне көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.

Педагогика ғылымының тəрбие туралы күнделікті тұрмыстық білімдерден айырмашылығы


Тəрбие, білім беру салалары мен құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарын ашу. Оқыту мен тəрбие ықпалдары арқылы адам дамуында қандай өзгерістер жүреді жəне олар немен байланысты екендігін түсіндіреді.
Алғашқы адамдардың өздерінде бала тəрбиесі жөнінде білімдер болса, олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа салт-дəстүрлер, ойындар, тыйымдар, өмірлік ережелер арқылы беріліп отырды. Бұл білімдер сонымен қатар мақалмəтелдерден, аңыздардан, ертегілерден жəне тағы басқа ауыз əдебиеті үлгілерінен өз көріністерін тауып, халықтық педагогиканың негізгі мазмұнын құрды.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Степин B.C. История и философия науки:Учебник. М.,2011

2. Ж. А. Алтаев, Н.Ж. Байтенова т.б. Ғылым тарихы мен философиясы А., Раритет 2009 ж.

3. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА: Оқулық. Алматы 2005 ж.

4. А.М. БАЙМУХАНОВА, М.А. ҚҰСАЙНОВА ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА: Қарағанды 2011 ж.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет