ҚЎлпыбаев с


сызба. Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыштың сыныптамасы



бет189/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

17.1 сызба. Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыштың сыныптамасы



Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдары, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша жауап береді – қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мыналар: мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.
Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:

Қарыздар

Салықтар

1) ерікті сипаты;
2) мәжбүридің бүркемелі нысаны.

1) мәжбүри сипаты;
2) мәжбүридің анық нысаны.



Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), ортамерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүри қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақшалай нысанда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады.
Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына және билік­тің жергілікті органдарының қарыздарына(муниципалдық қарыздарға) ажыра­тылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алатын пайыздық, ұтыстық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.
Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика Үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының боналары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге мөлшерінде 4 рет ойналады. Қарыздың шарттары бойынша 1982 жылғы одақтық қарыз бойынша облигацияларды боналарға айырбастау жолымен Үкімет міндеттемелер қабылдады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңи және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигацияларын тарату басталды. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
Шартты мемлекеттік кредитте кепілдер мен кепілгерліктер нысандар болып табылады.
Елдің қарыз алушы-резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Үкіметтің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі осы елден мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге осы ел резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.
Үкіметтің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны кіріктіреді. Сөйтіп, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздық қаражаттар. Концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылады.
Мемлекеттік кепілдік және кепілгерлік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында жазбаша келісімшарт жасасу арқылы беріледі.
Кірістер түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезде қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде ақшалай ресурстардағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз (заттандырылмаған) нысанда заңи тұлғаларға – коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып үш, алты, тоғыз, он екі ай мерзімге шығарылады. Ұстаушылар арасында МҚМ-ді орналастыру аукциондық сауда-саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелер­дің кезекті шығарылымының дисконтталған бағасы белгіленеді. Айналыс мерзімі өткеннен кейін Қаржы министрлігі оларды көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаздың атаулы (номиналды) құны мен дисконттық бағасы арасын­дағы айырма инвестордың табысын құрайды. Мемлекет МҚМ-ға конъюнктураны ескере отырып, қалыптасып отырған рыноктық бағалар бойынша шаруашылық операциялар бойынша оларға есеп айырысу және төлемдер құралының мәртебесін бере отырып, МҚМ-ның орнықтылығына кепілдік береді.
МҚМ бюджеттің «кассалық алшақтықтарын» жабудың пәрменді құралы болып табылады, бірақ бір мезгілде МҚМ-ды сатып алу кезінде мемлекеттің белгілі бір ысыраптары болады, ол дисконттың шамасына тең болады, ал оның мөлшері – МҚМ-ның табыстылығы – инвесторларды МҚМ-ды сатып алуға қызықтыру үшін банктік пайыздың қолданыстағы шамасынан асып түспеуі тиіс. Бұл аспектіде МҚМ мемлекеттің бюджеттік қаражаттары есебінен болатын тұрақты қаржылық қолдаудың арқасында ғана орнықтылығын сақтайтын өзгеше «қаржылық пирамида» болып табылатын. МҚМ-ның табыстылығы бастапқы орналастыру кезінде 3,3-3,9% аралығын, қайталама рынокта 2,24-14,28% -ды құрайды.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың мемлекеттік банктердегі салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру – мемлекеттік кредиттің бұрын қолданылған нысаны. Әдетте бұл жинақ банкілері арқылы жүргізіледі және егер, олардың капиталы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану тәуекелдері бойынша мемлекет жауап береді; жинақ банкінің (акционердің) капиталына мемлекет қатынасқан жағдайда банк мекемелерінің (акционерлердің) пікірлеріне сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану нұсқаларының проблемалары пайда болады.
Мемлекеттік кредиттің қисынды нысаны – бұл елдің орталық эмиссиялық банкінің қаражаттарын тарту болуы мүмкін. Бұл нысан, тіпті егер мұндай қарыз алу коммерциялық негіздерде, яғни несиелік пайыздың қолданыстағы нормасын ескере отырып жүзеге асырылса да, айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсыздануымен қабаттаса жүреді, бұл экономикаға ақшаның едәуір біржолғы құйылуымен байланысты, ал оны алу (егер бұл болған жағдайда) ұзаққа созылуы мүмкін. Мемлекет бұл нысанға мемлекеттік кредиттің әр түрлі келеңсіз себептерден – дағдарыстық жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.
Үкіметтің, жергілікті органдардың қарамағына ақшалай қаражаттарды тартуға қарама-қарсы мемлекеттің операциялары олар жағынан заңи және жеке тұлғаларға кредиттер беру болып табылады. Кредиттің бұл нысаны мемлекеттік (қазынашылық) несиелер деп аталады және бұл нысан шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақшалай қатынастарын білдіреді және кәсіпорындарды, ұйымдарды қаржылық қиындықтар немесе дамуға қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде олардың ақшалай ресурстарға кезек күттірмейтін жағдайда қолдауға арналған.
Бюджеттік кодекске сәйкес қарыз алудың мынадай түрлері болады: Үкіметтің қарыз алуы, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін Үкіметтен қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.
Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсыруымен мемлекеттік кепілдіктер беруді Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдендірген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады. Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңи тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады. Бюджеттік кодексте мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары карастырылған;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет