ҚЎлпыбаев с



бет205/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

Бірінші деңгей адамның зейнет жасына толуына байланысты оның еңбек өтілінің немесе басқа да қалыптасқан табыс көзінің болу-болмауына қарамастан мемлекеттің беретін базалық зейнетақысын білдіреді. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері Президенттің 2005 жылғы 18 ақпандағы халыққа арнаған Жолдауындағы талаптарға байланысты 2005 жылдан бастап іске қосылған болатын. Осы жылы базалық зейнетақы төлемінің көлемі 3000 теңгені құраса, 2011 жылы ол төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызына дейін жетіп, 8000 теңгені құрап отыр.Енді Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму шараларының аясында бұл зейнетақы көлемі 2015жылы төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызына, ал 2020 жылы 75пайызына жететін болады.Сөйтіп, бірте-бірте бұл зейнетақының көлемін төменгі күнкөріс деңгейіне жеткізу міндеті қойылып отыр.
Зейнетақымен қамтудың екінші деңгейі мемлекеттік бюджеттің есебінен төленетін ынтымақты зейнтақыларды құрайды. Мұндай зейнетақыны 1998жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 айлық еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады.
Елбасының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан азаматтарының тұрмыс жағдайын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауының аясында ынтымақты зейнетақының көлемі 2009жылы 25 пайызға, 2010жылы 25пайызға, 2011жылдың 1қаңтарынан бастап 30 пайызға өсірілді.
Бұл осы жүйедегі барлық зейнеткерлердің соның ішінде әскери қызметте болған зейнеткерлердің зейнетақыларының артуына ықпал етті.Осының нәтижесінде қазіргі күні мұндай зейнетақының төменгі деңгейі 24047 теңгені,орта деңгейі 36205 теңгені,жоғары деңгейі 52226 теңгені құрап отыр.
Зейнетақымен қамтудың үшінші деңгейі адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларында өздерінің төлем жарналары арқылы қалыптастырған міндетті зейнетақылардан тұрады.
Қазіргі кезде жинақтаушы зейнетақы жарналарының жүйесі – Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық 1998 жылғы 1 қантардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақшаны, жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларға зейнетақы қорланымдарын төлейді. 2011 жылдың 1 қаңтарында осындай жұмыс істейтін 13 қор бар. Олардағы жинақталған зейнетақы жарналарының көлемі 1994 жылғы 23,5 миллиард теңгеден 2011 жылғы 1 қаңтарда 2,3 триллион теңгеге дейін өсіп отыр. Жүйе бойынша 8 миллионға жуық азаматтың зейнетақы жинақтау жөніндегі жеке есепшоты тіркелген. Яғни, бұл жүйе азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің берік тылын қалаптастырды деп айтуға болады.
Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі айлық жалақының жетпiс бес еселiк мөлшерiнен аспауы тиiс. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын мiндеттi зейнетақы жарналары Салықтық кодексте белгіленген бірқатар төлемдерден ұсталынбайды. Кейiн зейнетақы төлемдерi мемлекеттiк және мемлекeттiк емес жuнақтаушы зейнетақы қорларындағы әркімнің дара зейнетақы шотынан төленедi. Сондықтан зейнетақының мөлшерiне бюджеттің жай-күйi, қанша адамның жұмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргенi әсep етпейдi.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің төртінші деңгейі жинақтаушы зейнетақы қорларында қалыптастырылатын кәсіпорындардың ерікті зейнетақы жарналарынан тұрады. Салымшылар немесе жұмыc берушiлер мiндеттi зейнетақы жарналарына қосымша ретінде epiктi зейнетақы жарналарын төлей алады, олардың мөлшерi шектелiнбейдi, жарналар бiрақ рет немесе дүркiн-дүркiн, ұдайы немесе тұрақсыз, қолма-қол ақшамен немесе аудару жолымен (қолма-қолсыз ақшамен) төленедi. Мұның мәнісі елімізде еңбектің сандаған түрлерінің ішінде денсаулыққа жағымды-жағымсыз әсер ететін ауыр немесе қауіпті түрлерінің болатыны да белгілі. Өйткені, әрбір кәсіптің өзіндік қыры мен ерекшеліктері болады. Міне, осындай еңбекпен шұғылданатын кәсіпорындар өздерінің табыстарының есебінен жұмысшыларының атына ерікті зейнетақы жарналарын аударып отырады. Қазіргі күні елімізде ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын құрайтын еңбектің 33 түрлі бағыты қалыптасып отыр. Оларға 2 мыңға жуық кәсіп пен қызмет түрлері кіреді.
Қазақстанда сонымен бірге аралас зейнетақы жүйесі жұмыс істейді, өйткені 1998 жылға дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер немесе бұл уақытқа дейін зейнеткерлік өтілі барлар үшін ынтымақтастық зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі жалғасуда. Олардың зейнетақымен қамтамасыз етілуін қаржыландыру үшін қаражаттар республикалық бюджеттен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына және одан ары Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа аударылады. Негізінде мұндай қаражаттардың көзі әлеуметтік салық болып табылуы тиіс, бірақ зейнеткерлік бағдарламаларды жабуға және оларды толық қаржыландыруға оның түсімдерінің жеткіліксіздігі жағдайларында мемлекеттік бюджет кірістерінің басқа түрлері тартылады.
Зейнетақы төлемдерi салымшының таңдауы бойынша Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына бағытталады, салымшыға зейнетақы келiсiмшартының негізiнде дара зейнетақы шоты және жекеше нөмір – дара сәйкестен­діру нөмірі (ДСН) ашылады.
Салымшылардың қордаланған жарналарын зейнетақы қорлары уәкілетті орган – банк (кастодиан) арқылы зейнетақылық активтерді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға береді, олар бағалы қағаздарға, банктердің депозиттерiне және басқа қаржылық құралдарына орналастырады. Орналастырy кезiнде алынған табыс инвестuцuялық табыс деп аталады, ол салымшылардың дара шоттары бойынша қордаланған қаражаттардың сомасына сәйкес бөлiнедi; инвестициялық табыс қорланудың ұлғаюын және оның инфляциядан қорғалуын қамтамасыз етеді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырy туралы» заңға сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдерi зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға – еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемiнде 25 жыл еңбек өтiлi болғанда, әйелдерге 20 жыл еңбек өтiлi болғанда тағайындалады. 2008 жылдың екінші жартысында қор индекстерінің опырыла төмендеуі зейнетақылық активтердің табыстылығына әсер етті, жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларын көбірек шығынға ұшыратты.
Зейнетақылық активтерді инвестициялаудан алынған «таза» инвестициялық табыс сомасы (2008 жылдың аяғындағы комиссиялық сыйақыларды шығарып тастағанда) өспек түгіл, ол тіпті 306,9 миллион теңгеге дейін қысқарды. Зейнетақылық активтерді инвестициялаудан шеккен залал 2008 жылы 30 миллиард теңгеден асып түсті.
Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдерi азаматтарға, олардың нaқты еңбек өтiлінiң болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалалуы мүмкін.
Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигоныңдағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге», мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға: еркектер – жалпы еңбек өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер жалпы өтілі – 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы. Төтенше және осы өңірдің ең жоғары радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда жұмыс істейтін (жұмыс істемейтін), тұратын, сондай-ақ 1949 жылдан 1990 жыл кезеңінде тұрған азаматтарға республикалық бюджеттен бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу жаңғыртылды.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін белгіленген орташа айлық табыстың 60 пайызы есебiнен жүргізiледi және жұмыста болған үзiлicтерге қapaмaстaн, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қантардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылы қантардың l-iне дейiн қажеттi еңбек өтiлiнен тыс жұмыс iстеген әрбір толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 пайызға өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетін табыстың 75 пайызынан аспауы тиiс.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлерi және тiзбесiн үкімет белгілейтін өзге табыстар енгізiледi. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшiндегі табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшiндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтығa бөлу арқылы анықталып, орташа айлық жалақы шығaрылады. 1998 жылғы 1 қантарға дейiн тaғaйындалған зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғaры мөлшерi (зейнетақы алушылардың бірқатарын шығарып тастағанда) Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 39 еселенген айлық есептiк көрсеткiштің 75 пайызынан аса алмайды. Бұған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің үкімет бекіткен №1 тізімдегі 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды.
Үкімет 2003 жылдың 4 шілдедегі қаулысымен «Міндетті зейнетақы салымдарынан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары мен ерікті кәсіптік зейнетақы салымдарынан зейнетақы төлеудін ережесін» бекітті.
Бұл ретте мамандықтaры бойынша анықтап белгілегендерге жұмыc берушiлер тарапынан ерікті кәсіптік салымдар салу енгізілді.Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жұмыс берушілер жұмыскерлердің пайдасына меншікті қаражаттары есебінен аударады, бұл ретте жұмыс берушілер үшін салық преференциялары қарастырылған. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталған қорланымдарды төлеу 50 жастан, яғни белгіленген зейнеткерлік жастан ертерек жастан жүзеге асырыла бастайды. Сол сияқты, eгep азамат 55 жасқа дейiн мiндeттi жинaқтayшы зейнетақы қорына өмiрiнiн coнынa дейiн жетeтін ең төмeнгі төлем деңгейiн жинап үлгерсе, зейнетақы демалысына шығyына мүмкiндiгі бар. Бұл жағдайда зейнетақы төлемдерi аталмыш азаматтардың зейнетақы салымдарын caқтық ұйымдарына өзiмен келiсiм негізiнде аударылатын болады.
Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, басқа тәртіп сақтау органдарының (тергеу, ұлттық қауіпсіздік, Республикалық ұлан, жоғары лауазымды адамдарды қорғау службасы органдарының) қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды қаржыландырудың ерекшеліктері бар. Бұл санаттардың зейнетақы төлемдерін қаржыландырудың көзі – сайып келгенде бірден бір республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары.
Сонымен бірге жасына байланысты азаматтар мен мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектер сақтық ұйымдарымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы қорланымдарын пайдалана отырып сақтық төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақылық аннуитет*21 келісімшартын жасауға құқығы бар. Бұл ретте сақтық ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтық төлемдері зейнетақылық аннуитет келісімшарты жасалған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.
Зейнетақылық аннуитет рыногындағы белсенді қызметін сақтық компаниялары 2008 жылдан бастады. Егер 2008 жылы осы өнім бойынша олардың жинаған сомасы 315 миллион теңгені құраса, 2009 жылы оның мөлшері 10 рет өсіп, 3 миллиард белгіге жетті. 2008 жылы зейнетақылық аннуитеттің 315 келісімшарттары жасасылды, 2009 жылы олардың саны 1700-ден асты.
Зейнетақымен қамтамасыз ету жайындағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі зейнетақылардың деңгейін көтеру болып табылады. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап, ендi оның ең төменгі мөлшерi 15999 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 8000 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері 16047 теңге болып белгіленген. Нәтижесінде бюджеттен зейнетақы төлемдерінің орнын басу коэффиценті 41%-ға жеткен (2009 жылы ол 37,68%-ға тең болған еді).
Заңмен зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табысты шектеуді 32 еселенгеннен АЕК-нің 39 еселенгенге дейін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыны арттыру қарастырылған төлемдерді алушы әскери қызметшілерге ең жоғары зейнетақы есептеу үшін 86 еселенгеннен АЕК-нің 104 еселенгенге дейін (1 АЕК 2011 жылы 1512 теңге) арттыру қарастырылған. Нәтижесінде жаңадан белгіленген зейнетақылардың мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 58968 теңгені құрайды. Зейнеткерлер болғандардың зейнетақыларының және жаңадан белгіленген зейнетақылардың ең жоғары мөлшері 2011 жылдың 1 қаңтарынан 44226 теңгеге жетеді. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы әскери қызметшілерге зейнетақылардың ең жоғары мөлшері 157248 теңгені құрайды. Сөйтіп, 2011 жылы зейнетақылардың ең төмен мөлшері 24047 теңгеге жетеді; орташа мөлшер 36205 теңгені және ең жоғары мөлшер 52226 теңгені құрайды. Қазақстанда барлығы 1 миллион 600 мың зейнеткерлер бар, соның 500 мыңға жуығы ең аз зейнетақы, 90 мыңы ең жоғары зейнетақы алатын болады. Соңғы он жылда зейнетақының орташа көлемі алты есе өсті. 2011 жылдың 1 шілдесінен бюджет сферасы қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға арттырылды.
Үкіметтік бағдарламаларда халықтың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша нысандарын дамыту қарастырылған.
Қазақстанның стартегиялық жоспарларына сәйкес рыноктық қағидаттар және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтық ұйымдарының мүмкіндіктерін неғұрлым кенінен пайдаланатын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің жаңа тұжырымдамасы енгізіледі. Бұл азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруды ғана емес, сонымен бірге елдің экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша институционалдық мүмкіндіктерін де қамтамасыз етеді.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дара зейнетақы шоттарының саны 2009 жылы 7,7 миллион, ал салымылардың саны 2,5 миллион адамды (бұл әр түрлі зейнетақы қорларында бір салушының бірнеше шоттарының барын білдіреді) құрады. 2009 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы алатындардың саны 1662,9 мың адамды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны (жасына қарай, мүгедектігі бойынша, асырушысынан айырылған жағдайда, отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері) 767,3 мың адамды, арнаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар алушылардың саны 1169,9 мың адамды құрады.Зейнетақылар бюджеттен тыс жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60 пайызы деңгейіне дейін өсіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық зерттелімдер, актуарлық есеп-қисаптар жүргізілуде, осылардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың бағдарламасы әзірленетін болады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесiндегі екінші бағыт әр түрлi жәрдемақылар төлеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет