ҚЎлпыбаев с


Үй шаруашылықтарының ақшалай



бет213/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай
шығыстары және олардың сыныптамасы


Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары – адамның өмір сүруін жалғастыру үшін қажетті материалдық және рухани қажеттіліктерге жұмсалатын іс жүзіндегі шығындар, олар өзіне тұтыну шығыстарын және тұтынумен тікелей байланысты емес шығындарды кіріктіреді. Бұл шығындар үй шаруашылығының жекелеген мүшелерінің жұмыс күшін ұдайы толықтыру жөнінде өте манызды рөл орындайды.
Үй шаруашылығы бюджетінің шығыстары елдін экономикасында айтар­лықтай рөл атқарады. Өзінің табыстарын пайдалана отырып, отбасы тауарлар мен қызметтер рыногын қалыптастырып, дамытуды қамтамасыз етеді. Өзінің қорланымдары мен жинақақшаларын өткізе отырып, ол бағалы қағаздарға деген сұранымды көбейтеді, сөйтіп қор рыногын кеңейтеді. Мұнан басқа аса маңыз­ды өндірістік ресурстар – еңбек пен кәсіпкерлік қызмет ұсынымының субъекті ретінде үй шаруашылығының маңызы зор. Ақырында, балаларды тәрбиелеумен айналыса отырып, отбасының мүшелері мемлекет қаржыландыратын әлеумет­тік-мәдени сфераның басты тұтынушылары болып табылады.
Үй шаруашылықтарының мүшелері өздерінің қаражаттарын жұмсай отырып, сан алуан қажеттіліктерді қанағаттандырады. Бұл екі жолмен мүмкін болады:
1) ақшалай табыстарды тауарлар мен қызметтерді сатып алуға пайдаланумен;
2) шаруашылықтың жекелеген мүшелерінің өздерінің еңбек қызметі есебінен болып жататын натуралдық өзін-өзі қамтамасыз етумен.
Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары мыналарды кіріктіреді: тұтыну шығыстары; салықтар, алымдар, сақтық және өзге төлемдер; борыштарды, алименттерді төлеу, айыппұлдар, кредитті өтеу, туысқандарға көмек; жыл­жымайтын мүлікті, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу; отбасының өндірістік қызметімен байланысты шығыстары (бизнесті жүргізу үшін шикізат, материалдар отын, электр қуаты, тұқым, мал, жем-шөп және т.б. сатып алу) және тұтынумен байланысты емес басқадай шығыстар.
Тұтыну шығыстары – тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға бағытталған халықтың ақшалай шығыстарының бір бөлігі. Тағамдық азықтарды, азық-түліктік емес тауарлар мен алкаголдық ішімдіктерді сатып алуды, сонымен бірге қызметтерді төлеуді кіріктіреді. Пайдалану түрлері бойынша бұл шығыс­тардың деңгейі мен құрамы тұтыну шығыстарының құрылымын анық­тайды.
Үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстары айтарлықтай дәрежеде уақыт­тың мезгілдері бойынша едәуір құбылатын тұтыну бағаларының деңгейіне байланысты болады.
Түпкілікті тұтынуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары үй шаруашылықтары жасайтын тұтыну тауарлары мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардан тұрады, олар мыналардан қалыптасады:
а) жекеше бюджет есебінен тұтыну тауарларын сатып алуға жұмсалатын шығыстардан (үйлер мен пәтерлерді сатып алудан басқа, оларды пайдаланудың ұзақтығына қарамастан);
ә) тұтыну қызметтерін сатып алуға жұмсалатын шығыстардан;
б) өзінің тұтынуы үшін өндірілген тауарлар мен қызметтерді тұтынудан;
в) шетелдегі резиденттердің тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардан;
г) елдің экономикалық аймағындағы бейрезиденттердің тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстарынан.
Тұтыну қызметтерін сатып алуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары мынадай қызметтерге жұмсайтын шығыстардан қалыптасады: денсаулық сақтау, білім, көлік, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық, тұрмыстық, қаржылық, мәдениет мекемелерінің, мейрамханалар мен қонақүйлердің қызмет­теріне. Мемлекеттік және мемелекеттік емес ұйымдардан қаржылық емес қыз­меттерді сатып алуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары бұл салалар бойынша шығарылымдардан мемлекеттік бюджет қаражаттарынан (мемле-кеттік басқару органдарының шығыстары) және үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар қаражаттарынан қаржыландырылатын бөлікті шегерумен анықталады.
Үй шарушылықтарының түпкілікті тұтыну үшін өндірген тауарлары мен қызметтерін тұтыну:
үй шарушылықтары (шаруа немесе фермер шаруашылықтарында және жекеменшіктік қосалқы шаруашылықта) өндірген ауыл шаруашылығы өнімін;
үй шаруашылықтарына қатысты корпоративтік емес кәсіпорындарда өндірілген тауарлардың өнеркәсіптік және басқа түрлерін;
тұрғын үйлер иелерінің өзінің тұтынуы үшін өндірген тұрғын үй қызметтерін кіріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет